Пара бере жаздағаным-ай…


Таңертең ертерек тұрдым. Қостанайға ұшағым сағат 10.25-те ұшуы керек. Сағат 07.00-де интернетке отырып едім, әлгі жазбаны жаздым. Мәссағанды ақтардым, блогтарды бір сүзіп шықтым. Уақыт зу етіп өтіп кетіпті. Үйден асығып шыққанда сағат 08.50-ді көрсетіп тұрғаны есімде.

Таксимен әуежайға жетіп, екінші қабатқа жүгіріп жетсем, ұшақтың Қостанайға ұшып кеткеніне 20 минут болыпты. Маңдайымнан мұздай тер бұрқ ете қалды.

Хайырлысы осы болар деп өз өзіме келдім. Бәлкім, бармағаным да дұрыс шығар деп бір сәтке мың-сан ойдың жетегінде кеттім. Қаншама рет маңызды кездесулерге кешігіп жеткенім есіме түсті тағысын тағы. Содан кассаға барып, билетімді ауыстырайын десем, кассир түскі 14.25-те тағы бір рейс бар екенін айтты. Тек оған орын жоқ екен. «Болып қалуы да мүмкін» деді. Содан не билетімді өткізе алмай, не күтерімді білмей абдырадым. Ақыры күтуге бел будым. Қасыма билет алып беруге жәрдемдескісі келген алыпсатарлардың келгені есімде. Уақыт таянғанда кассаға Қостанайға билет сұрап тағы бір жолаушы келді. «Здравствуйте, мне на похроны матери (орыс. Сәлеметсіз бе, анамның жаназасына баруым керек)» деді. Үстінде қара кәстүм шалбар. Қолында неге екенін екі-үш жас шыбық ұстап алыпты. Орын болса, бірінші кезекте осы кісіге берілетіні түсінікті еді. Үмітім үзілуге сәл қалды. Дегбірсіздене бастадым. Жолаушыларды тіркеу уақыты басталғанда, орын босап қалар ма деген дәмемен кассаны торуылдап жүрген біздерді байқаған билет бақылаушысы: «Неге өтпейсіңдер?» деп сұрады. Жағдайды айтып түсіндіріп едім. «Қанша бересің? Өзім ақ реттеп берейін. Паспортыңның арасына үш мың теңгені қыстырып маған өткіз» деді. Дегенін орындап, қасына келіп едім. «Заңды түрде өткізсең алты мың төлеу керек екенсің. Бес мың бер» деп қарап тұр. Мен заңды түрде ауыстырып алсам деген ниетімнің барын айттым. Көңілі түсіп кетті. «Онда алты мың теңге айыппұл төлейсің» деді. Ашулы.

– Студентпін. Бары осы үш мың, – деп күлбілтелей бастап едім, алған билетімді ашып қарап: «Елу мың теңгеге билет алып жүрмісің! Қой билетті өткіз де пойызбен бар!» – деді. Жаңағы үш мың теңгеге реттеп беремін деген ойынан не себепті айнып қалғанын сұрап едім, бес мың теңге деп тұрып алды. Ақыры ұшақтан бос орын табылып билетімнің айыппұлын төлеп, сол рейске үлгеріп міндім. Анасының жаназасына бара жатқан кісінің де құжат тіркеу бекетінен аман-есен өткенін көрдім.

Осы жазбаны қазір Қостанай қаласынан жазып отырмын. Ертең тренинг. Қонақ үйдің теледидарынан КВН көріп отырмын. «Астана.kz» өнер көрсетіп жатыр 🙂 Сау басыма сақина тілеп алғаным-ай. Әуежайға ертерек баруды әдетке айналдыру керек екен.

Advertisements

12 thoughts on “Пара бере жаздағаным-ай…

  1. Күмәнім бар. 5700 теңге ме жоқ па? Бірақ сұрағандарын төлеп, төлегендігімді растайын чегімді алдым. Бірақ заң бойынша ұшақтан қалып қойғаннан кейін билетіңді өткізсең, 20 пайызын ұстап қалады екен. Сол 20 пайызды олар маған 5700 теңге деп есептеп берді.

  2. Мұның қызық екен, Асхат. Өз басым кешігуден өлердей қорқам, тіркеу басталарға, амалы болса, жиырма минуттай ертерек келуді дағдыға айналдырсаң ұтылмайды екенсің! 🙂

    Ал Астана кейзэдті мен де көріп келе жатыр ем, соңын байқай алмадым. Былай, тәуір келе жатқан еді, әсіресе анау жерасты лаборатория туралы стемі ұнады….

  3. Нұрғиса, шынымен де қызық болды. Бұл жазбаны жазбай-ақ қойсам ба деп ойлап едім. Бірақ өзгелер менің қатемді жебермесе екен деген ой болды. Астана кз командасы ақыры жеңді-ау. Соңғы әндері ұнады.
    Сымбат, таксисіме де Аллаһ разы болсын. Көлік жүргізуді жаңа үйреніп жүрген біреу ме деп ойладым. Асығып отырғанымды білсе де, бір қалыппен алып барды емес пе, мен де сабыр сақтап отыра беріппін ғой 🙂
    Бір сағаттан аса уақыттай жүрдік.

  4. Өз қалтамнан емес. «Жаңаеуразиядағылар» өтеді. Бірақ қазақ тілінде жаңа медияны дамыту үшін өз қалтасынан елу мың теңге шығаруға дайындарды білемін.

  5. Қызық оқиға болыпты. Ел ішінде ұшақтан кешіксең мейлі ғой, шетелде жүріп ұшақтан кешігіп қалу тіпті қиын ғой, ә?! (Өз басым Түркияда қалып қоя жаздағаным бар). 🙂

  6. Нью Йоркқа ұшарда (ол кезде ұшаққа алғаш отыруым) тіркеуден қалып қойғанмын. Салонда екі ақ орын қалыпты. Қалып қойған бес адамбыз. Бір орын арнайы жеңілдік картасы бар балаға тиді. Төртеуміз бір орынға таластық. Кезек негізі америкада тұратын қазақ апаға береліп еді. Себебі ол осы компаниямен жиі ұшады екен. Содан әлгі апаға жағдайды айтып түсіндіріп едім. Орнын берді ау. Аллаһ разы болсын! Осылай бизнес класпен ұшып барғаным бар.
    Не де болса, һайырлысы ғой деп өз өзімді жұбататынмын. Десе де Нұрғиса айтпақшы кешікпей ерте келгенге не жетсін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s