Шеге мен сабыр


Ерте ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде есікке бір шегеден қағып отыр”, – депті.

Алғашқы күні әлгі “батыр” 37 шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі шегелердің саны азайып, уақыт өте келе өз нәпсісін қадағалай алатын дәрежеге жетеді. Нәтижесінде шеге қаққаннан гөрі, ашуды ақылға бағындырғанның жақсы екенін түсінеді. Содан бала есікке бiр де бір шеге қақпаған күні әкесіне келеді. Әкесі сол кезде: “Ұлым, енді ашуланбаған күні бір шегеден алып отыр” деп кеңес береді. Жігіт бұл істі тез аяқтайды да әкесіне есікті барлық шегеден тазалағанын жеткізеді.

Сол күні кешке күн ұясына қонған сәтте әкесі оны есіктің алдына әкеліп: “Балам, жарайсың! Нәпсіңе ие бола білдің. Алайда, есікте қанша ұңғыма қалғанын байқадың ба? Сен де бір адамды ренжіткен кезде оның жүрегін жаралайсың. Одан қанша рет кешірім сұрасаң да, есікте қалған шегенің ізіндей ізі қалады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей деген осы. Сақ болғайсың” депті. Мына жерден аудардым

7 thoughts on “Шеге мен сабыр

  1. magan suret katty unadi. aserli sonday.

    angime de jaksi, men bul angimenin kazakshasin otkendeeeee bir sayttan okip edim, “rahim samali” degen ba, keyin umitip ol angimeni kayta izdegenimde tappay kalgan bolatinmin.

    sizdin sayttan endi birden tabatin bolamin. rahmet.

  2. Алмас, көп рахмет. Бұйрса, жазып тұрамын.
    Эльвира, пікіріңе рахмет. Сіздің блогыңыздағы жазбалар ұнаған соң, “өсиет әңгімелерге” деген қызығушылығым күн санап артып келеді🙂
    Суреттерді әдетте фликрден “таратуға рұқсат” етілгендердің арасынан іздеймін.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s