…-ке келдім!


IMG_2330 (WinCE)

Ешқашан да туған күнімді Украина коммунистерінен мұраға қалған бункер ішінде қарсы аламын деп ойламаппын. Жалпы соңғы ай күтпеген оқиғаларға толып кетті емес пе?
Кинопалас. Кеше қаланы біраз аралаған соң, кешке Владко бізді кинопаласқа (кинотеатрға) ертіп апарды. Француз киносының аптасы екен. Азғынға толы, француздардың қала махаббаты мен сезімі араласқан бір фильмді тамашаладық. Украин тілінде аудармасы болғанымен жылдам сөйлеген кезде кейбір сөздерін түсінбей қалдым. Бірақ қалай да киноның жалпы ойын ұғып қалдым. Екінші рет ол киноны көрмейтін шығармын.

IMG_2352 (WinCE) Львовтегі туристер көп баратын бір кафе бар. Ол кафеге кірмес бұрын ағаш есікті үш рет қағып, пароль айтасың. Ол пароль: «Слава, Украине! (укр. Украина, жасасын!)» деген сөз. Одан соң қару асынған сақшы: «Араларыңда жау жоқ па?» деп сұрағаннан кейін, оны тексеру үшін жүз грамм ішкізеді (әрине бізге ішкізген жоқ). Арақ ішкен соң маңдайыңда жұлдыз шықса, жау болғаның. Алайда осы уақытқта дейін бұндай тәсілмен бір де бір жау табылмапты. Кафені коммунистердің бункері үлгісінде салған. Даяшылары да сондай киімде. Тамақтары да сондай. Ыдыстары да жауынгерлердікіндей. Брынзуля деген салатты жеп отырып біраз әңгімелестік.

IMG_2354 (WinCE) Протест. Көшеге шықсақ, таңертең митинг жасап отырғандар қайтадан келіпті. Кафеге кіріп бара жатқанда жоқ болатын. Палаткаларын құрып, жазуларын іліп, қайтадан протестке дайындалып жатыр. Олардың бұндай қарсылықтарының себебі мынау екен: Львов қаласы 2012 жылы өтетін Еуропаның Олимпиада ойындарына қатыспақшы. Соған орай жергілікті бюджеттен ақша бөлініп жатыр. Әлгі жастар «қала бәрібір де өтпейді. Ақша дұрыс нәрсеге жұмсалып жатқан жоқ» деп қарсылық танытып жатыр.

Арсенал. Кафеден үйге қарай қайтып бара жатқанда XVII ғасырда салынған арсеналдың қасынан өттік. Негізі Львовтың іргетасы XIII ғасырда салынған екен. Бұл жерлерде еврейлер, орыстар, армяндар көп тұрыпты. Бір жерінде мұсылмандар тұрған район бар дегені де есімде. Соғыс кезінде немістер жөйттердің синагогасын қиратқан екен. Қазір тек қабырғалары қалқайып тұр.

IMG_2350 (WinCE)

Назгул. Кафеге бару үшін «Крива липа» алаңында Сашаны күтіп тұрғанда. Назгул деген мына жазуға көзім түсті. Львовте Назүгүл қайдан жүргенін білмеймін. Украин тілінде бұл сөздің қандай мағына білдіретінін жігіттер түсіндіріп бермеген соң, қазақшасын жеткізуге тура келді 🙂 Киевте БТА банктің жарнамасын көргенім бар еді.

Айтпақшы, айтамын деп ұмыта беремін 5 USD = 1 griven (орта есеппен алғанда).

Қосымша суреттерді тамашалаймын десеңіз мында өтіңіз…

LiveJournal Tags: , , ,

Advertisements

14 thoughts on “…-ке келдім!

  1. Львовтегі туристер көп баратын бір кафе бар. Ол кафеге кірмес бұрын ағаш есікті үш рет қағып, пароль айтасың. Ол пароль: “Слава, Украине! (укр. Украина, жасасын!)” деген сөз. Одан соң қару асынған сақшы: “Араларыңда жау жоқ па?” деп сұрағаннан кейін, оны тексеру үшін жүз грамм ішкізеді…
    Мына әзiлдерi кызык екен, кулiп жатырмыз 😆

  2. Тілектеріңе рахмет. Негізі қалжың емес. Рас екен. Пароль неғұрлым «күшті» болса, солғұрлым сыйлы қонақ боласың. Мені ол жерде қытайлық деп қабылдады. Кіргенім сол еді. Отырғандар LG, Samsung деп кәріс компанияларының атын атап, маған күле бастады. Мені ертіп келген досым, «Қазақстаннан келгенімді айтып түсіндірумен әлек болды» 🙂

  3. burin aytkan bolarsiz, men Ukrainada jurgeninizdi endi korip kayta surasam keshirim otinemin – jay kidirip bardinizdar ma ol jerge?! ukrainaga burinnan kizigushiligim bar adammin (markum tetya Jenya korshimizdin eli bolgan son), barip-kelu bileti kansha turadi? tikeley baratin ushak bar ma? jalpi adamdar kalay? skinheadster kop pa? natsist emes pe jurtshilik? jalgiz barsam oltirip ketpeydi me degen korku goi meniki. rahmet

  4. Saken, MMaskeu arqyly qaitamyz InwAllah! Qyrymga soqpaymyz.
    Elvira, adamdar jaqsy. azirge ewqandai skeanheadterdi keziktirgenim joq. Bir ukraindyzqting uinde qonaq bolyp jatqanymyzga 3 kun boldy 🙂
    New media technology maselelerimen kelgen edik.

  5. Elvira, сұраңыңызға кеш те болса, жауап беріп отырмын.
    Тіке ұшатын рейс бар деп естідім (Черноморские авиалинии компаниясы болуы керек қателеспесемү Алматы, Астана, Атырау бағытында). Бірақ біз Мәскеу арқылы ұшып бардық. Бағасын білмедім. Билетті өзім алмадым.
    Адамдары жақсы. Бірақ скинхэдтер пайда бола бастапты. Азиаттар мен афроамерикандықтырға сес көрсетеді. Бір африакандықты өлтіріпті. Киевтегі таныстарым: «Скинхэдтер қозғалысы Ресейден келді» деп санайды. Және бұл қозғалыс күннен күнге белсенділік алып келеді. Өзім Львовтың бірнеше жерінен нацистер қалдырған жазуларды көрдім.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s