Украина көшесінен бір уыс ой


 

IMG_2305 (WinCE)

– Қазақстан дейсіз бе? Бай ел ғой. Бірақ автократия бар ғой деймін.

Бүгін Қазақ елінде болып көрмеген бірақ Қазақстан туралы көп естіген украиналық жастың аузынан осы сөзді естіп ойланып қалдым. «Қазақстан өзінің демократиялық жолын қалап жатыр» деп айтқаныммен бұл сөзімде шынайылықтан гөрі, күдіктің басым болғаны анық еді. Бір емес бірнеше украиналықтардың аузынан: «Байлығы тасып жатқан ел, бірақ даму жағынан бізден бес жылға артта қалған» дегенді естисің. Бәлкім еуропаға жақын әрі белгілі бір деңгейде орыс ықпалынан құтылғандықтан солай дейтін шығар деп ойладым да қойдым. Мен бұл елде қонақпын ғой…

Әлгінде метроның эсколаторымен түсіп келе жатқанда анық аңғардым, Киевте «»украиндықтардың өз өздеріне деген сенімдерін оятуға бағытталған жарнамалар өте көп. Жаңаеуразияда жарнама туралы көп жазып жүргендіктен, еріксіз киевтегі жарнамаларға көзім түскен. Себебі бұл елде оның барлығы тек қана мемлекеттік тілде. Мәселен, метродағы көлік ішінде Інжілдің үзіндісі бар.

Қай жаққа қарасаң да, кәсіпкер украин, спортсмен украин, отбасының ұйытқысы  болған украин, әдемі украин, әртіс украин, әкім украин, Отанын шексіз сүйетін украинның күлімдеп тұрған суреттерін көресің.

Бұның барлығы жалпы халыққа үлгі болатын жанның күні бойы көз алдында тұруына алып келері сөзсіз.

Украина қазір кімге арқа сүйесін? Өз аяғынды нық тұр деуге де ерте. «Бөрі арығын білдірмес….» тің кебін киіп тұр. Таңертең жұмысқа жанталасқан, ал кешке жұмыстан шаршап келе жатқан, көздерінде бір мұң бар адамдарды көрдім. Бірақ олар өз елдерінің уығын нықтап, шаңырақтарын көтеріп жатыр.

 

  

 

 

 

 

 

 
 
 

Advertisements

11 thoughts on “Украина көшесінен бір уыс ой

  1. ниче себе, бізде де, қайғырып жүргендей аз ғой, мысалы, мен 35-ке(автобус) мінсем бәрі жымың қағып тұрғандай сезіледі. Өзім солай болып тұратын болғандықтан ба? 🙂 . (Самом деле ондай емес бәрі жыны ұстап тұрад). бірақ адамның қайтіп көргісі келгенінде ғо мәселе. Әркім өзінен бастасын айналасына жақсы қабақ тантып.
    Ал еңсені көтеруге әлгіндей движениялары жынды екен дачы. Базар жоқ халық десей. ріспекд!

    Пы.Сы Мен БӘРІН(«әсресе өмірді») розый очкимен көрме 🙂

  2. «Әркім өзінен бастасын айналасына жақсы қабақ тантып». Келісемін, Айко!
    Адамдардың мақсат-мұраттары қай жерде де бірдей. Бұл жерде киевтің адамы я алматыдық деп бөле жарғым келмейді. Бәріміз де бірінші кезекте пендеміз, құлмыз. Біріміз Аллаһтың, біріміз нәпсінің…

  3. мен де салыстырғым келмейді, және әр кезде де ұлт, нәсіл, жыныс, жер, т,б, таңдамайтынымды баяғыдан айтып жүрм. Осы кейде ойлаймын… адамдардың жеке басты ұстауы шығар дейін десем, олай емес бізде қалыптасып қалған психологиялық мінез құлық сияқты. Неге десеңіз, ой өмір солай, қарбалас дейді. Қарбаласпасаңда өмір өздігін істейді ғой. Негізі керек дүние…, бірақ қоғамдық өмірде бір нәрседен құр қалғандай алақ-жұлақ болмайықшы ағайын. Сыртан келген қонақ бар дегендей. Олар шошып кететін шығар. Мысалы Асхат баурымыз байқағандай оларда біздің жүріс-тұрсымызды байқар. 😦
    Бірде автобуста күлімсіреп тұрмын. Жанымдағы бір апай маған жақтырмай қарады. Німнеңе жетсіп тұрсың дегендей.
    Ал кейде ашу-ызаға берліп, шум шығарып бытч бов атқан адамдарды көрсем(кешріңіздер) жатты кеп күлем. Сондай күлкілі. Болар болмас нәрсе ғой. Яғни тез шық деп артынан ұрып қалу, ол неге итересің деп оған жұдырығын жумсау, ол оған есесін қайтарып жауап қату. Сондай күлкілі.

  4. Қайдан оқығаным есімде жоқ, жақында «украиндықтар өз ойын ең ашық айтатын,жалтақтықтан аулақ халық» деген бағамды көрдім. Менімше, олар шыныменен де ТМД-дағы біршама еркін халық сияқты

  5. Аааа, айтпакшы есiме тусiп кеттi, менiн группамда орысы, украин, польячкалар т.б. улттар едiк. Оранжевая революциядан кейiнгi уакыт кой. Жанагы украин кыздарым орыстармен буртиып сойлеспей, тек полячкалармен гана сойлесiп, озара украин тiлiнде сойлесiп, байкотт жасаган орысшага карсы. Ондайлар бiраз бар мында, асiресе Львов жактан. Мен бiр украин форумында жиi журетiнмiн, сонда осы такырыпты козгап калып едiм, балеге калдым. Кызыл шеке дау-дамай басталып кеттi украин мен орыстардын арасында 😀 Сондай кызыктын куагерi болгам 🙂 Орыстардын менменшiлдерi коп кездестi, украин белорустар момын сиякты боп корiндi
    🙂

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s