Ғайбатқа итермелейтін 12 себеп


Саналы мұсылман адам назар аударып қараса, ғайбатшыны ғайбатқа, өсекшіні өсек айтуға итермелейтін нәрселердің бірнеше себептері бар. Олардың негізгілері мыналар:

  1. Өзінің жеңіске жетуіне әркеттену және ғайбатталушы адамға деген көкірегіндегі ашу-ызаның отын басуға тырысу. Оны ғайбаттап, оған жала жауып, басқалармен араларын бұзу үшін араларына сөз тасу.
  2. Басқаларға деген жек көру және көкірегіндегі жақтырмау сезімін басу үшін жек көріп, жақтырмайтын адамын ғайбаттап, оның кемшіліктерін айта бастайды. Бұл толық иманды, яғни нағыз иман келтіргендердің сипаты емес, Аллаһ Тағала осыдан сақтасын.
  3. «Пәленше надан, түсінігі саяз немесе ауру, сөздері түсініксіз» деген тәрізді т.б. сөздерді айтып, өзінің ғайбатталған адамдағы кемшіліктерден әрі ада екеніне, әрі жалпы өзінің одан артық екеніне адамдардың назарын аудару үшін өзін көтеріп, басқаны төмендету. Бұл сипат дандайсу болып табылады.
  4. Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырайтына қарамастан, достарының өзімен отырған адамдардың, серіктерінің ризалығын алу үшін (көңілдерін қимай),олардың айтып, жасап жатқан күнә істеріне қосылып кету, келісу.
  5. «Пәленшеге таңданам, ол ақылды немесе үлкен, білімді бола тұра қалайша қате істейді?!» – деген сияқты сөзбен таңданғандықты көрсету. Негізінде ол жеке адамды нақтылап көрсетпеуі тиіс.
  6. Басқаларды мазақтап, келемеждеп, көрсету.
  7. Қателік жасап жатқан адамға Аллаһ үшін ашуланған болып: «Пәленше Аллаһтан ұялмайды, мынадай жасап жатыр» – деген тәрізді сөздермен оның атын атап, оған деген ашуы бар екендігін көрсетіп, оны ғайбаттап намысына тию.
  8. Көреалмаушылық. Яғни адамдар жақсы көріп, мақтап жатқан адамды ғайбаттаушы көреалмаушылық. Сондықттан да діні, ақылы аз, күншіл ғайбатшы бұл игілікті кетіруге тырысады. Оның беделін түсіру үшін мақтап жатқан адамдар алдында оны ғайбаттап, намысына тиеді. Бұдан басқа лайықы жол таппайды. Мұндай адам басқалар арасында ақылы өте саяз, көңілі бұзық біреу болып табылады. Абдулла ибн Омар (р.а) риуаят етеді. Аллһтың Елшісіне (c.а.у.): «Адамдардың ең абзалы кім?» -деді. Ол кісі: «Жүрегі таза, тілі шыншыл адам» – деді. «Тілі шыншыл дегенді білеміз, ал жүрегі таза деген кім?» – деп сұрағанда: «Ол – тақуа, Аллаһтан қорқатын, күнәдән алыс, зұлымдықты жек көруі мен көреалмаушылығы жоқ адам» – деді. (Ибн Маджа, 2,411).
  9. Басқаларға: «бейшара, пәленшенің халі мен оның жасап жатқан күнәлары мені қайғыртады» – деп оған өтірік жаны ашыған болып көлгірсу.
  10. Ойнап – күлген адамға ұқсаған боп, әзілдеу арқылы келемеждеу, яғни көңілі бұзық ғайбатшы адамдарды күлдіртетіндей етіп, өзгелердің қате – кемшіліктерін айтады. Адамдардың күлгеніне мәз болып, өзіне – өзі риза болған күйде әзіл – қалжыңмен өтірікті арттыра түседі. Аллаһтың Елшісінің (c.а.у.) мына сөзі осындай адамға дәл айтылғандай: «Адамдарды күлдіру үшін өтірік айтқан адамға нендей өкініш, оған нендей өкініш!»
  11. Басқаға оның істемеген ісін істеді деп жала жауып, өзінің ондайдан пәк екенің көрсету «пәленше мынандай жасапты» – деп, күнәнің бәрін оған жауып, өзінің ақ екендігін көрсетуге тырысу.
  12. Ғайбатшы үлкен лауазымды кісілердің немесе достарының алдында не патшаның алдында оның абыройын төгіп, оған қарсы куәлік ететінің сезініп, одан бұрын сол кісілер алдында оны жамандап, оған деген сенімсіздік тудыру үшін ғайбаттайды.

әл-Қахтани

«Басқа пәле тілден тілдің кесапаттары»,

қазақ тіліне аударған: А.Ибраһим

Алматы 2004 (ықшамдалып алынды)

Қосымша оқимын десеңіз:

Сүйреңдеген сүйір тіл (қаз)
Халқымызға жараспайтын қасиет (қаз)

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s