Бәрі де құймақ үстіндегі әңгімеден басталды


Әуелі келісіп алайық. Анық-қанығы шешілгенше, Сен менен ештеңе сұрамайсың.

Бәрі де жақсы болады. Ең бастысы «Бұл дүние жалған. Аллаһтың хұзырында өмір кешіп жүргенімді» ұмытпасам болғаны. Апыр-ай, сынақтардың да түр-түрі болады екен-ау.

  1. Өткен аптада досымның анасы үйге қонаққа келген. Суреттегі құймақтарды да сол апайымыз пісіріп, бір күн болса да ұмытып қалған «аналық мейірім» дегеннің не екенін еске түсіртті. Бұған дейін ешкім айтпаған өткір-өткір сындарын айтты. Дұрыс қой. Ол кісінің айтатындай жөні бар. Жақсы көргесін, жақсы болсын деп айтты емес пе? Хош.
  2. Тып-тыныш жұмыс істеп жүр едім. Күтпеген ұсыныс келіп түсті. Ойламаған жерден жаңа бір ортаға тап болдым. Менің бұған дейінгі араласқан ортамнан басқа бір бөлек жер екен. Бұл да бір сынақ.
  3. Күні кеше шетелден бір бауырым келді. Ол да бір ұсынысын айтып, ойландырып қойды. Бірақ оған «иә» деген жауаптан гөрі «жоқ» деген жауап айтылатынын қинала-қинала жеткізген едім.
  4. Биылғы көктем көп нәрсені жаңаша қарап, сараптауға түрткі болатын түрі бар.

Аллаһым, һайырлысын бере гөр! Кім-кімді ренжіткендей болсам, кешірім сұраймын. Аллаһ разылығы үшін… Бұл жазбаны жазбай-ақ қойсам да болар еді. Бірақ Сенің менің басымдағы халді біле жүргенің жөн деп білдім.

Advertisements

8 thoughts on “Бәрі де құймақ үстіндегі әңгімеден басталды

  1. Сәлем, Әлия!
    Жұмыста инетке лимит қойып қойған соң, бұрынғыдай жиі көрінбей жүрмін. ИншАллаһ, бір жұмыстарың болса, хат жазарсың.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s