Microsoft блогқа жете көңіл бөлмек


Жүрген жерімде блог туралы әңгіме қозғамасам, тыныш отыра алмайтын болдым емес пе? Өткен аптада Майкросфт бірінен соң бірі бірнеше конференциялар мен баспасөз мәслихатарын өткізді. Сондай күндердің бірінде Microsoft International-дың президентінің орынбасары, Орталық және Шығыс Еуропа бойынша өкілдіктерінің президенті Vahe Torossian бірнеше журналистпен дөңгелек үстел басында кездесу өткізді..Журналистермен қалай сөйлесіп, өзін ұстау керектігін терең меңгергендердің бірі екен. Кірген беттен журналистермен жеке-жеке қол алып, танысып, визиткасын үлестіріп шықты. Сосын, Қазақстан туралы жылы-жылы лебіздерін білдірді. Кезек сұрақтарға да келіп жетті. Әлдебір «терминатор» журналистер техникалық аспектіге байланысты, пираттық өнімдер, Ресейдегі мұғалімнің тағдырына қатысты сұрақтар қойып жатты. Мен болсам, «блог туралы қалай сұрасам?» – деп ойладым.

Майкрософтың офф лайн режимде блог жазуға арналған windows live writer деген бағдарламасы бар. Соны тілге тиек ете отырып, өзі блог жүргізе ме екен соны білгім келді. Бұл ең бір іш пыстырарлық сұрақ болар деп ойлап едім. Сөйтіп, блог деген сөз аузымнан шыққанда әлгі Вахенің көзі күлімдеп сала берді.

Білесіз бе, Астанадан Алматыға ұшып келе жатқанда ұшақ ішінде көмекшім екеуміз блог туралы сөйлескен едік. Уақыт тығыздығына байланысты өзімнің блогым жоқ. Бірақ қызметкерлеріммен тығыз қарым-қатынаста болу үшін, әрі олар менің сапарларым туралы біліп отыру үшін блог бастау керектігін түсіндім. Блогты ішкі пайдалануға ма, әлде сыртқы адамдар да оқи алатын ғырып істейміз бе, енді сол жағын ойластырудамын. Блог алдағы уақытта мен қолға алға отырған басым үш бағыттардың бірі.

деп жауап берді. Міне, саған, мәмпәси! Блог күнделік болудан қалып, Майкрософт компаниясында жұмыс істеудің бір стиліне көше бастады (Негізі, блогты ішкі жұмысты үйлестіру үшін пайдаланытын корпорациялар көп). Ең қызығы мұндай шешім компания басшылығына қазақтың мидай жазық даласының үстімен ұшып бара жатқанда сап ете қалыпты. Біздің қазақ блогшыларының аурасы жеткен шығар 🙂

Advertisements

10 thoughts on “Microsoft блогқа жете көңіл бөлмек

  1. Пікіріңе рахмет, Арсенал!
    Негізі көптеген ірі корпорациялар блогты ішкі жұмыс үшін пайдаланады. Біздегі банктерге де сұрау салып көру керек еді. Бәлкім оларда да бұл үдеріс басталған болар.

  2. ай қайдам..:)) Біздің банктегі көкелердің блогтары секретарь қыздары ғой, бар өсекті, жаңалықты таратып жүретін..Блогтың нағыз конкуренттері..олар барда блог жазып қайтсін адамдар..:))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s