Шаңырақ


(Соңы)

Қазиза апа он бір бала тәрбиелеп-өсірді. Тұңғышы Амантайдан соң, сегіз қыз дүниеге қатар келді. Соғыстан кейін дүниеге келген Күлкен қазір зейнеткерлік демалыста. Жеке шаруашылық қожалығы бар. Фермер. Қарағандыда Абай деген жерде бір қызы Гүлсім шипажайдың бастығы болып отыр. Одан кейінгі қызы Амантайдың жолын қуып, медучилищеде оқыпты. Алпысыншы жылы дүниеге келген баласы Бақыт бухгалтерлік оқуды бітірген. Қазір Абайда тұрады. Одан кейінгі қызы азпаздықтың оқуын бітірген. Ең кіші қызы Бибігүл Қарқаралының Көктасында пошта бастығы. Қазір апалы-сіңілі төрт қыз Көктаста тұрып жатыр. Бірі сауданың оқуын бітіріп, өз саудасын дөңгелетіп отырса, одан кейінгісі мектепте медбике. Механиктің оқуын бітірген ұлы Бауыржан Қарағандыда тұрады. «Кенже ұлға оқу не керек, Сабыржанға. Қара шаңырақтың иесі ғой», – деп үйде қалдырған көрінеді. Қазір сол ұлының қолында Теміртауда тұрып жатыр.


Қазиза апа айтады:

Біздің совхоз қазір Тоқтар Әубәкіров атындағы шаруашылық деп аталады. Тоқтар жетінші класқа дейін біздің ауылда оқыды. Кейін ол өз ауылына мектеп салдырды. Мен осы ауылда жетпіс бес жыл тұрдым. Екі мыңыншы жылы Теміртауға көшіп келдім. 1990-шы тоқырау жылдары малдың бәрін қайда жібергенін білмеймін. Көз алдымда құрылған колхоз-совхоз таралып кетті. Ақсақалым сексен екі жасында қайтыс болды. Соғыста бірнеше жерден жараланды. Мұғалім болды. Домбыра тартып, өлең айтатын. Серілеу адам болатын. Қырықтан асып, елуге таяғанша ит жүгіртіп, құс салды. …Қазір ауыл жылдан жылға өсіп жақсарды ғой. Фермер болып, жердің бәрін бөліп беріп, ауылдың тұрмысы түзелді. Ауылға барғым келіп тұрады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s