Solai.dedik


Күтпеген кездесулер болып тұрады. Бүгін Кеше Solai.de атты қазақ тілінде тез танылып келе жатқан жастар порталдарының ұйымдастырушыларымен кездестім. Қалта телефоныма ес емес жеткен еді. Қателеспесем Бекжаннан келді ғой деймін. Әлде Аршаттан ба? Сөйтсем, Көңілашардан келген екен 🙂 Алматыға семинарға келген екен. Қызық қылғанда, бір семинарда бас қостық. Майкрософт жаңа өнімдерінің таныстыру үшін журналистермен АйТи мамандардың басын қосқан еді.
Маратхан мен Алмас Атыраудың белсенді жастарының бірі. Интернет технологиямен әуелде жай ғана қызығушылықпен бастап, оның соңы қазақ жастарына арналған арнайы бір порталдың дүниеге келуіне әкелді.

«Порталдың белсенділігі артқан сайын өзімізге жүктеліп отырған жауапкершілікті айқын аңғарудамын»

дейді Маратхан. Еркін отырып әңгімілесерміз деп ойлап едім, бірақ әу бастан әңгімені салмақты да өзекті тақырыпқа бұрғандықтан емін-еркін ашылып сөйлесе алмадық. Өзімнен болды. Кездескен беттен адам қазақ тілінде интернетті дамыту мәселесін сөз қылушы ма еді? Бірақ қазақ тілінде интернет бағдарламаларды дайындау мәсәлесіне қатысты айтылған ойлары өте ұнады.

Біздің әңгімеміз көбіне үш салада өрбіді.

  1. «Солай денің» мақсаты мен келешегі
  2. Атырауда семинар ұйымдастырудың жай-жапсары
  3. Қазақ тіліндегі Интернеттің дамуы мен жігіттердің болашақ кәсіптері.

Алмас Атырауда блогқа байланысты тренинг өткізуге ұсыныс жасады. Қуана-қуана келістім. Бірақ жол шығыны өте қымбат екен. Әзірге барар бармасым белгісіз болып тұр. Өткен Бейсенбіде ғана КазГУ дегі студенттерге үнхабар мен бейнехабар жасауды үйреткенім бар еді. Аз ғана күннің ішінде көп нәрсе өтті басымнан.

1 . Табағанда журналистердің 3 күндік тренингі өтті

2. КазГУ-де тренинг өткіздім

3. Үнді Орталығы өткен аптада АйТи білім беру туралы семинар өткізді

4. Бүгін Майкрософт жаңа өнімдерін таныстырды

5. Ертең АйТи мен білім беру жүйесіне қатысты конференция өтпек.

Advertisements

12 thoughts on “Solai.dedik

  1. Жанна, атыңды жазуды ұмытып кеткенсің ғой..:))

    Біз де кешкісін кездестік үшеуіміз..сосын Силк Уэйдің интернет кафесіне барып отырдық..Суретке түстік..талай әңгіменің басын қайырып, түнгі он бірлерде қайттық..

    Бірінші Алмаспен кездестім, Марат сосын келді..Сонда деймінде, Алмас мен көрген бойда, кел көрісейік деп, төс қағыстырып, бір жасыммен құттықтап жатты..қуанып қалдым..:)) Сосын Марат келгенде, өзім де сол «приемды» қолдандым..:))

    Былтыр қыстан көріскелі бері енді көрісіп тұрмыз..Жақсы болды..:)

    ПыСы: Кездесу барысында Алмас, сөз арасында «солай де..» деп қалады, сөйтсем сол өз сайтының жасырын жарнамасын жасап отыр екен ғой..25 кадр..:)))

  2. ее дұрыс дұрыс Беке
    батыстың жігіттерінен жақсы дәстүрді үйреніп жатыр екенсің.
    пысы. қойши тегі атымды жазбасам да білет шығар Асхат:))

  3. Асеке, жұмысың қарқынды жүріп келе жатыр байқаймын. Мен блогымды аштым, бірақ әлі жүргізе алмай жатырмын. Әй бір табандылық жетпей жатыр ау деймін. Мен бірдеңені түсінбей қалсам, соны өз бетімше үйренуге құлықсыз болып бара жатыр екем, Ұлыс оң болсын, Жыл басы жақсылық әкелсін! Ісің алға бассын. Солай денің жігіттеріне де солай де!

  4. Ала таңмен жарысып Атырауға да келіп қалдым, интернетсиндромға шалдықанымды білдім соңғы сапарда. Семинарға кешігіңкіреп келген Асхатпен хабарлама (СМС) арқылы сөйлесіп отырғанбыз. Үзіліске шыққан кезде Асхатпен кездестік. Жоғарыда айтып өткендей әңгімеміз жарасты. Уақыттың тапшылығынан аяқсыз қалды. Қызығушылығымыз әр түрлі болғасын түстен соң үш бөліндік. Асекең прессконференцияға, Мәкең БД-ға, мен Винсерверге кеттім.

  5. Қап, живой «Декан» мен живой «Маратхан»-ды көре алмағаным-ай! Қалада жоқ едім дәл сол күні. Тараздан поездан көріп қалсам ба екен деген де ой туған. Кейін ойласам, өзге көлік түрін пайдалануы да мүмкін екен. Есесіне «Деканның» живой дауысын естідім. Тағы телефон соғайын десем, қалтам тесік екен. Кейінге қалдырдым. Дәке, номеріңіз сақталды, енді тыныштық бермейтін шығармын.
    Асхат бауыр, рахмет саған ескерткеніңе. Үлгере алмай қалсам да разымын. Қазір Алматыдамын.

  6. Бір-ақ нәрсе… Дұрысырағы, екеу-ау дейм… «Маратхан мен Алмас Атыраудың белсенді жастарының бірі.» дегенге орай… Маратхан мен Алмас Атыраудың белсенді жастарының екеуі, негізінен… Мен солай деп түйсінгем 🙂 🙂 🙂

    Асхат әзілімді орынды қабылдар деп сенемін.

  7. Еее, Асеке, шынымен бір жақсы сұхбаттасу болды. «Тірілей» пікіралмасу дегенің жақсы дүние ғой. Бекжан бауырыммен де төс түйістіре амандасып, әңгіме дүкен құрғанымда өзге дүниені ұмытқаным бар.

    Жаннамен дәмдес болудың сәті түспеді, Кәрімді де көрермін деп үміттеніп едім.

    Дегенмен, алдағы күндерде осылардың бір сәті түсер деп ойлаймын. Кездесулер көп болсын.

  8. Мәке, көп рахмет! Сіздермен сұхбаттасу бір ғанибет қой. Қазір Атырауға барудың қамымен жүгіріп жүрмін. Бір жауабы болса, дереу хабар беремін.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s