Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) адамгершілік қасиеттері


Бүгін Мәуліт түні. Осыдан бірнеше жыл бұрын осы күнге орай Күлпара екеуміз мынадай бір мақала әзірлеген едік. Соны қайыра ұсынып отырмын.

Аллаһ Тағала сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.а.с.) арқылы дүниеге жаңа өмір берді. Ол негізін қалап, жүректерге орын тепкізген иман (сенім) сәулесінің арқасында қате, жалған сенімдер жойылды. Надандық орнын ілім, зұлымдық орнын адамға деген сүйіспеншілік басты. Ислам бауырластығы құрылды. Әйел отбасында да, қоғамда да лайықты орнын тапты.

Пайғамбарымыз адамдарға дүниеде де, ақиретте де бақытты болу жолдарын көрсетті. Үйреткен адамгершілік принциптерін ең әуелі өзі орындап, үлгі өнеге болды.

Мұхаммед (с.а.с.) жүрегі адамға деген сүйіспеншіліктен тұратын. Мейірімділігі сондай қолындағысын кедейлерге беріп, өзі аш қалатын кезі де болатын. Тек қана адамдарға ғана емес, жан-жануарларға да мейірімді еді. Шөлдеген мысыққа өз қолымен су беріп, жан-жануарларға жақсы қарауды әмір еткен.

Пайғамбарымыз балаларды өте жақсы көретін. Тіпті намаз оқып жатқанда ойнап иығына шығып кететін немерелері Хазіреті Хасан мен Хазіреті Хусейнге кешіріммен қарап, ойындарының бітуін күтетін.

Ол өте кішіпейіл еді. Бай-кедей деп бөлмейтін. Қызметші шақырса да баратын. Кедей, ештеңесі жоқ адамдармен бірге отырып тамақ жеп, сіңірі шыққан кедейдің үйіне барып, хал-жағдай сүрайтын. Ауру кісілердің көңіл-күйін сұрап, олардың жазылып кетуі үшін дұға ететін. Жиынға барған кезде, табылған орынға, аяқтарын созбай отыратын.Базарға өзі барып, қажет заттарын сатып алып, өзі көтеріп әкеліп, ешкімге ауыртпалық салмайтын, жүк болмайтын.

Сүйікті Пайғамбарымыз өнегелі отбасының тірегі, әйелдеріне өте нәзік, жұмсақ еді. Пайғамбарымыз қонақжай еді. Оларға өзі қызмететіп, өзі күтетін. Мұсылман еместерді де өте жақсы күтетін.Ол (с.а.с.) ешкімге жаман сөз сөйлемейтін, ренжітпейтін, өміріңде ешкімге ұрыспайтын. Пайғамбарымыз жылы жүзді, жұмсақ тілді, басқа сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдайтын жан еді. Біреудің кемшілігін көрсе ешқашан бетіне баспайтын.

Тұрмысы өте қарапайым, таза еді. Тәнін үнемі таза ұстайтын, киімдерінің таза болуына басты назар аударатын. Тістерін тазарту үшін мисуақ қолданатын. Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) шыншыл еді, берген сөзінде тұратын. Өтірікшілердің жаны сүймейтін. Шыншылдығына байланысты және сенімді болғандықтан «Мұхаммәдүл-Әмин», яғни «Сенімді Мұхаммед» деген есім берілген.

Ол (с.а.с.) адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Бір нәрсе сұраған адамды бос жібермейтін. «Мен тек қана таратушымын, беріп тұрған Аллаһ» дейтін. Бірақ қайыр сұрағанды жек көретін. Одан құтылу үшін еңбектеніп, ақша табудың жолдарын көрсететін.Ол (с.а.с.) ешкімнен өш алмайтын, кешіргенді жақсы көретін. Өзіне жамандық жасағандарды да кешіріп, оларға жақсылықпен жауап қайтаратын.Кәрі қарт адамдарға құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болатын.Пайғамбарымыз жалқаулықты, қолы бос отырғанды ұнатпайтын. Мешіт салынған кезде өз қолымен тас тасып, жұмысшы сияқты еңбектенетін. Асхабы Кирам оған тынығып, демал десе, ол жұмыс жасауын тоқтатпайтын. Асхабымен бір сапар кезінде тынығып, дем алу үшін бір жерге түнемек болады. Асхабы тамақ әзірлеу үшін жұмыстарды бөлісіп алады. Сонда Пайғамбарымыз: «Олай болса, мен отын жинаймын» деп, жолдастары жұмыс жасап жатқанда бос отырғысы келмеген.Сүйікті Пайғамбарымыз материалдық мүмкіндіктері бола тұра, қарапайым өмір сүріп, қолына не түссе, оны кедейлерге бөліп, таратып жіберетін. Осылайша қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті тек қана сөзбен емес, ісімен де көрсетіп, адамзатқа өнеге болған.

Advertisements

5 thoughts on “Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) адамгершілік қасиеттері

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s