Автобуста…


Ол бар ғой мені әдейі ызаландырғысы келді деп ойладым. Сүйріктей қара телефонындағы даңғырлақ рок музыкасымен автобустың берекесін шошытты. Өзі болса, бір сәрі. Қасында құрбысы бар. Музыканы бар салонға айғайлатып қойып, екеуара жырқ-жырқ күлкі. «Мейрамдары ғой. Сәл сабыр сақтайын» деймін ішімнен. Арамызды бір адам ғана бөліп тұр. Ол жігітте де сотка бар екен. Блутуз арқылы бірдеңелерді көшіре отырып, танысудың амалын да тапты. «Құдай-ау, енді музыкасын сөндіретін шығар» деймін. Болар емес. Ішімде әлдене түртпектеп, отырғызар емес. «Осы қыздар ақырын қойса немесе наушникпен тыңдаса қайтар еді» деген ойдан басым жарылардай болып отыр. Терезе сыртынан тыныштық іздедім. Жаңбыр тамшылары соңынан із тастап, баяу ғана төменге сырғанап барады. Ақшам намазының уақыты таяп келеді. Автобус іші адамға тола бастады. Әлгілер телефондарымен алмасып, келесі бір даңғырлақ әуендерін қойды. Телефонының динамикасы мықты екен, күбір-сыбырдың бәрін басып кетті. Қысылып, қымтырылып жолаушылар әзер тұр. Әлгінде ғана орын тауып үлгерген апаның басындағы әдемі ақ орамалға көзім түсе кетті. Анығырақ қараған сайын аппақ емес, сарғыштау екенін аңғардым. Жаулықтан жаралғандар міз бақпайды.Ақыры «Девушка, можно ли музыку потише поставить» десем бе екен әлде: «Вы в салоне не одни. Уважайте себя!» деп қатты айтсам ба деген тоқтамға келдім. Біріншісін айттым. Сақалды түріме бір қарады да, телефонына қайта үңілді. Байқаймын, сәл ғана дауысы азайған тәрізді. Бірақ келесі аялдамада телефон құрбысының қолына өткен соң, жабайы махаббатты жырлаған әуен автобусты қайтадан басына көтерді. Ол бар ғой мені әдейі ызаландырғысы келді деп ойладым…

Бір кезде темекінің күлімсі иісі мұрныма жетті. «Заң бойынша қоғамдық орында темекі шегуге болмайды» деп айтқым келді. Бірақ айтпадым. Шопыр ағасынан басқа автобуста кім шылым шексін…

Advertisements

13 thoughts on “Автобуста…

  1. бұдан кейін айқайлап күлмеймін, олен ойнатпайм, тарсылдатып билемеймин когамдык коликтерде. мә, онда менің ішім пысып кетеді ғо, жарлып кетпеймін бе 45 мин. жеткенше 🙂

  2. Менің ойымша, «өзгеге кесіріңді тигізбе» деген қарапайым қағиданы әрбір адам ұстанса жақсы болатын тәрізді. Заңды құрметтеп үйренген ел болсақ, әрине мұндай бассыздыққа ешкім де жол бермес еді…

  3. Ол Сіздің жыныңа тигісі келді – сөз жоқ. Қазір мен де «форевер-ұрпақтың» толқынын бақылаудамын: пойызда, автобуста, троллейбуста және көшеде. Көрінеу қасиетіңді мезгеп алып, қандай әрекет Сізді сөйлетер екен деп, майысады, қисалаңдайды, тыржияды. Міз бақпай кетіп қалсаңыз – оның қара жыны қозады. Өзінің «заманауилығына» шүбәсі жоқ: себебі, Сіздің тыңдап жүрген әніңіз оның пайымдауынша, тұрып қалған су яки көнелік шырмауынан шыға алмаған «жас шалдың» талғамымен тең. Секс дегеніміз – тек ләззат ғана. Өмір дегеніміз – өлім жолындағы ұзақ/қысқа жол. Олар – сондай.
    Сіз бұл жерде ең ұтымды тәсілмен, яғни үндемей құтылған екенсіз. Дұрыс жасағансыз. Ол әлденешінші рет өзінің құрбысына/құрдасына Сіздің болмысыңыз туралы ойларын дәлелдей алмай қалды.
    Репортаж/әгімеңізге рахмет!

  4. осыны оқып, жақында шыққан Step up2 атты кино есіме түсті. Жас бишілер метрода музыканы айғайлатып, адамдарды шошытып, шоу жасап билегені. Дегенмен де батыстық көше өнері дейді, біздікілер соларға нашар/сапасыз еліктей береді.

  5. Менің ойымша бұл қыздардікі өнер емес, қалта телефонымен мақтану арқылы өздеріне назар аударту болған тәрізді.
    Ал көшеде билеп, шоу ұйымдастырудан әзірге кришналықтар алда келеді 🙂

  6. Музыка жарайды ғой… ал осы кейбір қазақ жас жігіттердің автобуста боқтап сөйлесіп тұрғанда өзімнен – өзім ұялып кетемін. Осы мектепте әдеп сабағын өтуші едік, сонымен бірге үйдегі тәрбие бар барлығы қоғамдық ортада өзіңді мәдениетті ұстауға үйрететін. Қазіргі кезде оқытуды қойған ба? Қоғамдық ортада басқаны құрметтемейтін адам – өзін және өзінің жақынын құрметтемейді, өзімшіл, көргенсіздік деп санаймын. Мәдениетке жұрдай болса онда маймылдан қай жері артық?

  7. technosyndrom, дұрыс айтады оларға назар аудармай тұра беру керек. сонда олар кәдімгідей жүйкелері жұқарып біте бастайды. Өздеріне көңіл аудартудың басқа тәсілін білмейтін «лузер» қыздар шығар.
    ондайларға аяушылық көзқараспен қарау керек, өмірде дегендеріне жете алмаған сорлы бишаралар ғой 🙂

  8. кейбір қалаларда радио шансон шопыр жігіттердің радиосы, «владимрский централ, ветер северный …». бір қолымен сдачы санайды, сосын артқа бұрылып «сдачь возьмите» дейді, кавказдық акценты болады. екінші қолында газельдің рулі. осы іс-қимылдарды, жанындағы мәшинәларды обгон жасап бара жатқанда істейді. » этапом из твери, зла немерено».
    анадай жастар кездессе келесіде «молодые люди, наверное мы вам мешаем» деп, барлық жолаушылар болып көліктен түсіп қалуға болады.

  9. Кеше автобуста тұр едім. Қасыма таянған екі жігіттің былапытқа толы сөздерінен қашып, әрірек тұрдым. Жолаушылар не себепті ол екеуін айналып өтіп жатқанын бір кезде түсінді ғой деймін жым болды 🙂

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s