Журфак студенттері блог ашты


Суреттегі мына қыз-жігіттер дәл қазір Саған қарап тұр. Кеше ғана олар маған қарап отырған еді 🙂

Ортада фотоаппарат ұстап отырған Әділбек есімді “Ана тілі” газеті тілшісінің шақыртуымен және Қарлыға деген апайларының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде болып, “Қазақ тілінде блог бастау” туралы семинар өткіздім. Бір байқағаным университеттерде студенттердің тегін қолданысына берілген компьютерлердің интернеттің (ескерту жасаған Маратханға рахмет) жылдамдығы өте баяу. Уордпрестен блог ашуға мүмкіндік бермейді. Тек бір студент қана блог ашты. Тағы 5-6 блогспоттан ашты. Жалпы университтердегі интернеттің сапасына көңіл бөлетін уақыт жекен тәрізді.

Жас журналистердің жаңа медия технологияға деген қызығушылықтары өте үлкен. Бұлардың қаншасы блог бастап, оны қоғам игілігі үшін жүргізетінін уақыт көрсетер. Әзірге түрлерін жаттап алыңыз. Күні ертең танымал журналистке айналып жатса: “Е, мен мынаны бір жерден көріп едім”, – деп еске аласыз.

13 thoughts on “Журфак студенттері блог ашты

  1. Ағай, кешегі сіз өткізген сабак өте қызық болды. Журфакта тек интернеттің жеделдігі ғана емес,айтылған нәрселер мен оқылған лекцияларды іс жүзінде көрсету мүмкіндігі де ақсақтап тұр. Құр сөзбен емес, тәжірибе арқылы бүге-шігесіне дейін ашып көрсететін сабактар көбірек өте бастаса,иншалла , қазақ журналистері де бәсекеге лайык боп бой көтерер еді! Рахмет!

  2. Саған рахмет, Ару! Блогыма қош келдің!
    Кішкене де көмегім тиген болса, қуаныштымын. Негізі оқуға ақша төлеп отырғандықтан сапалы білім алуға жағдай жасауды талап етуге құқыларың бар деп ойлаймын.

  3. Асхат кешегі сабагын қыздар мен жігіттерге ұнады. Көпшілігінің айтуынша, бірсыпыра нәрсеге көзіміз ашылды деседі. Сізге рахмет. Болашақта жақсы әріптес болуға жеткізсін!

  4. Жаңа журналист блогшыларға сәттілік тілеймін! интернет жур-ка сабағына барып, біздің 3 куртсарға блог ашуға көмектесейін дегем, бізде де тура сіз жазғандай проблемалар болды. Марал деген қыз ғана блог ашқан.

  5. Журналисттер интернет технологияларды пайдаланып, өз шығармашылығын, ізденісін көпшілікке ұсынбайынша Қазақ интернеті жұтаң болып қала бермек. Асекеңнің жазуларына семинар, тренинг сабақтарын өткізгенін жиі оқимыз.

    Сұрақ туындайды: жеке журналист ретінде өткізіп жүрсің бе? Әлде бір ұйымның атынан болып жатқан істер ме? Өзге қалаларды аралап, осындай семинар-тренинг өткізу (мыс., Атырау) мүмкіндігі бар ма? Талаптары қандай болмақ?

    Тақырыптан тыс кетсем, кешірерсіз.

    Сосын
    [quote]Компьютерлердің жылдамдығы өте баяу[/quote]
    деген келісті болар ма екен? Әңгіме интернет туралы ма? Егер солай болса, менің көргенім ҚазҰУдағы интернет байланыс жоғары жылдамдықта жұмыс жасайтын еді. Орналасқан корпусы мен аудиторияның статусына байланысты байқалған проблема болар? Осыған қатысты ЖОО, жалпы білім ордалары үшін интернет бағасы төмендетілсе. Себебі, Сіз атағандай ЖОО-дарында (мемлекеттік) желіге қосылатын компьютерлер 500-ден кем болмайды, әрқайсысына бөлініп кеткенде, әрине жылдамдық баяулайды.

  6. Пікіріңе рахмет, Маратхан.
    Осы айдың соңына дейін бір семинар өткізе аламын. Егер Атырауда ұйымдастыра алсаң, баруға әзірмін. Толығырақ жеке поштаңа жаздым.

  7. Асхат ағай, өткен Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!! Осы жаңа жыл қазақ блогшыларына тек жаңа жетістіктер әкелсін! Сіздің MediaNet-тегі қызықты сабақтарыңызды біздер әлі күнге дейін есімізге алып , пайдасы тиіп жататын кездерде іштей сізге алғыс айтып жүреміз.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s