Сіз сүйікті блогыңызға жазылдыңыз ба?


Әрбір блогты жеке-жеке ашып: “Кімде қандай жаңа жазба бар екен?” деп іздеп отыратыным рас. Бірақ қазақ тілінде блогтар көбейген сайын интернетті қарауға кететін ақшам уақытым көбейіп бара жатқанын аңғарудамын.

Осы орайда гуглдың ридер бағдарламасы маған көмекке келді. Өзімнің сүйікті блогтарыма жазылу арқылы жаңаланған жазбаларды қадағалап отыратын болдым. Ең жақсысы, бұл қызметті электронды пошта арқылы қолданамын. Ал поштаны интернетке кіргенде бірінші кезекте тексеретінім белгілі.

Сонымен үш адыммен бұл бағдарламаны қалай қолдануға болатындығын көрсетейін. Ең маңыздысы гмейлде э-поштаңыз болуы қажет.

1. Қалаған блогыңыздан Жазулар RSS деген түймені тауып алып, түртіңіз.

2. Add to Google reader түймесін шертіңіз!

3. Құттықтаймын! Блогтағы жазбаларға жазылдыңыз.

Төменнен бұл адымдардың суретті нұсқасын көре аласыз.
Жоғарыдағы суретте көрсетілгендей, гмейлдегі поштаңызды ашқанда gmail, caledars, photos, reader деген сөздер тізбегін көресіз (жоқ болса, more деген түймені басып іздеңіз). Егер бұл жазылу қолайсыз болса, мына бір ұсынысқа назар аударып көріңіз.

6 thoughts on “Сіз сүйікті блогыңызға жазылдыңыз ба?

  1. гугл ридер әсіресе жж үшін ыңғайлы🙂 ал негізі, қазақ блогтарды, юви-дағы блогтарды онсыз да оқып отырамын.

  2. Осы қазақ блогшыларынан қаншасына RSS пайдалы екен… Осының білсем деп едім. Қиын болмаса, RSS қызметін пайдаланатындар “+1” немесе “-1” деп пікірлерін қалдырса, қуанышты болар едім.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s