Бұл Senbi өзге Сенбіден өзгерек


Сіз бақытты жансыз! Алматы Аршатты күтіп алғанын естіп қана қоймай, Аршаттың қасында отырып, блогшылардың бүгінгі кездесуінің куәсі болған жанның блогын оқып отырсыз.

Блогшылар құрылтайы

Білгенімізбен бөлісу үшін бүгін Алматыдағы “Қорқыт Ата” кафесінде бас қостық. Екі сағаттық кездесуде қазақ тілінде интернетті дамыту, блогты жүргізудегі техникалық мәселелерді шешу жолдары, ортақ жобаларды іске асыру жайы сөз болды. Ең бастысы бір-біріміздің жүзімізді көріп, шынайы күлкімізді ести алдық. Шыны керек, смайликтерден гөрі күнделікті пікір айтып жүрген оқырманның жылы сөзін жақыннан естіп, пікірлесудің жөні бір бөлек екен.Бір-бірімізді көптен білетін жандардай тез араласып кеттік. Ұнағаны ешбір қысылып, қымтырылу болмады. Көкейдегі мәселелер, іштегі ойлар ортаға салынды. Жеке өз басым мына жайттарға тоқталғым келеді.

Кіші құрылтай
  1. Аршат (оң жақтағы сурет) блогтарды жеке хостинге көшіру жайын ортаға салды. Қазақ блогтарының бір жерде орналасқанын қалайтынын айтты. Орайы келіп тұрған соң Ригадан арнайы Техносиндромға көтеріп келген қарындашымды аманаттадым. Ереке, аз да болса, көптей көрерсіз. Қаламыңызға Аллаһ қуат берсін деген тілекпен сыйлағаным ғой.
  2. Бақыт мен жиі қарамайтын (бірақ бұндай сайттың қажеттілігін терең түсінемін) сайтты жүргізіп жүрген жандардың бірі, әрі әріптесім болып шықты. Екеуміздің ортақ таныстарымыз да бар екен. “Қазақ блогшысы бір біріне бауыр, туыс” деген осы шығар 🙂 Бақыттың сайт мазмұнын байытуда тәжірибесі мол, кәнігі блогшы десе болады. Бүгінгі қазақ интернеті оқырмандарының талғамын жақсы түсінеді. Тек бір өкініші бар. Сайтындағы жазбаларын газет-журналдар қарақшылық жолмен, автордың атын да көрсетпестен көшіріп басып жатқаны жанына батады.
  3. Болатхан аколя сайтының ұйымдастырушысы екен. Арзан бағаға блогшыларға хостинг бере алатынын айтты. Әңгімелері өмірден алынған мысалдарымен есте қалды. Әрі қазақ тіліндегі алғашқы сайттардың бірін жасаушы болғандықтан Бекжанның мұндай “ардагер” ағаны арамызға алып келгені жақсы болды. Болатханның әңгімесін: “Осы блогты не үшін жүргізесіңдер?” деген сұрақтан басталғаны қызық көрінді.
  4. Бекжанның гитарада ойнайтын өнері барын білмеппін. Болашағы бар тәп-тәуір жоспардың талқылауына себепші болды (Кездесуде бірнеше жобалар жөнінде сөз болды. Бірақ әдептілік тұрғысынан ол жобалардың атын атап, түсін түстеуді жөн санамай отырмын). Жеңіл қалжыңмен әңгіме арасындағы үнсіздіктерді шеберлікпен жойып отырды.
  5. Дәуреннің (сол оң жақтағы сурет) керемет машинасы бар. 🙂 Үйге дейін жеткізіп салғанына рахмет. Блогының қалай ашқанынын, жеке компания да құрғанын, бұған дейін жұмыс істегендегі сәтсіздіктерін әңгіме арасында өзгелерге сабақ болсын деп тілге тиек етті. Дәл қазір Құдай қаласа, бір сайтын үлкен бір сомаға сатудың сәті туып тұр екен.
  6. Шыңғыс блогы өзгелерден нақтылы бір аудиторияға арнап ашылғандығымен ерекшеленеді. Жас журналист. Medianet халықаралық журналистика орталығындағы сабақтарымда жиі пікір айтып, сұрақ қойып отыратын. Бұл жолы шай ішіп, үндемей барлығын тыңдап отырғанды хош көрді. Бәлкім ойларын кейін блогына да жазар. Кім біліпті…
  7. Бақытгүл пахлаваны жақсы көреді екен. Сондай-ақ Бақытгүл уордпресті аударуда енді бір 500 сөз қалғанын қуана жеткізді. (Шыны керек бұл аудармамен дәл қазір айналысып жүрген Бақытгүл, Бақытнұр, Жанарбектерге үлкен алғыс айтуымыз керек!) “Шама келсе, тезірек аударып бітірейік” деген базынасы бар. Құлағыңыз түрік жүрсін, блогшы!
  8. Қуанышпен қанша бірге жүрсек те, солянканы жақсы көретінін білмеппін. Негізі біз кафеге кештеу жиналдық. Таңдау аз болды. Бәлкім содан ба… Аспазшы блогшыларымыздың балды бармақтарынан шыққан тағамдарынан ауыз тиссек қой, шіркін, деп ойладым… Қуаныш интернетті бақылау мәселесіне қатысы өз алаңдаушылығын білдірді. Оппонентіне бұның зиянды тұстарын мықты ойластырылған аргументтерімен дәлелдеді. Бұл әңгіме Бекжанның “Қазақстан” арнасындағы “Көкпар” бағдарламасына қатысқанынан шықты. Бағдарлама Интернетті бақылау мәселесіне арналған.
  9. Жомартты былайғы жұрт Кәрім деп таниды. Негізі атына сай азамат! Әлһамдулиллаһ, бәрімізге қазақ блогшыларының кіші құрылтайынан естелік болсын деп, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) туралы әзірлеген су жаңа фильмдерінің VCD нұсқасын сыйлады. Бұл кездесуден соң Жомарттың сайтында да өзгерістер болатынға ұқсайды, ИншАллаһ!
  10. Думан негізі бүгін кездесу болатынын менен естіген еді. Ол аз ғана уақыттың ішінде блогшылардың осынша белсенділігіне, келелі әңгіме қозғап отырғанына тамсанып, тәтті шайды ішіп отырды. Жомарттан біраз кеңес алып отырғанын бір-екі рет байқадым.

Біз осылай кездестік. Осыдан бір жыл бұрын ғана санымыз санаулы еді, қазір интернеттің бір әлеуетті күшіне айналып барамыз. Блогшылардың кіші құрылтайына Сенің қатыспағаның сезіліп тұрды. Бәлкім үлкен құрылтайда кездесерміз. Қалай ойлайсың? Әлде Senbi де кіші құрылтай өткізуді ойластырып жүрсің бе?

Пы.Сы. Аршатты теледидардан көргің келсе, бүгін “Еларнадан” 15.00-де тікелей эфирде көрсетілетін Ақтөбе-Қостанай командаларының футбол ойынын тамашала!

26 thoughts on “Бұл Senbi өзге Сенбіден өзгерек

  1. осындай кездесулер шынымен де өте қажет, көп мәселелерді талқылап, жаңа қадамдар жасауға түрткі болады. Пы.Сы. Тобылға жеңіс тілеймін! 🙂

  2. О Асхат, жарайсың, біз өткізген жиналыстың тоқетерін жақсы жеткізіпсің..Кездесу мағанда ұнады..Осы деймін де, Алматыдағы блогшылар неге жиі жиналып тұрмасқа? Мысалға, әр сенбі, не болмаса жексенбі..Бұның барлығымызға пайдасы тиеді деп ойлаймын..

    Мен де блогшылармен танысқаныма қуаныштымын..Кездесу жерінен Қуаныш, Аршат үшеуіміз бірге шықтық..Біраз жерге дейін жаяу жүріп, футбол туралы бірз әңгіменің басын қайырып тастадық..

    Ақтөбенің ойыны ұнады..Тоболдан әлдеқайда мықты екендігін дәлелдеді..Бәрінен де Ақтөбелік фан қозғалыс жігіттерінің бірлігі мен достығы ұнады..Қызық күн болды..

  3. Кәрім, ең бірінші суретте, ақ жейде (көйлек) киіп отырған жігіт..

    Аршат үшін бұл Алматы саяхаты сәтті болды деп хабарлайды ақпарат көздері..Галатасарайы Бешиктамка оңбай жеңілгені болмаса, жалпы бәрі жақсы болды..Сол Алматыны қиып кете алмай жүр..

    Кеше қоштасып кетіп едім, енді таңертең жұмыста отырсам Алматыда екендігін білідіріп телефон соғып тұр..Сондай “загадочный” жігіт екен..:)))

  4. қоңыр түс киіп отырған(екі қолын ашып қойып тығыз сөйлеп отырған) БАЛАНЫ бір жерден көрген сықылдымын, бірақ есімде жоқ, қайдан көргенім 🙂

  5. Ақзере сен кездесуге бармағанмысың, қап 🙂
    Жомартты көріп қалдық бірақ жұмбақ адам секілді жұмбақ түскен екен 🙂
    Негізі Бекжан ағамыз гитараны аяқ бармақтарымен де тартанынын көріп едім 🙂 Сендерге ол өнер көрсетпегені өте мөте ыңғайсыз бопты 😦
    Қуаныш қайда жүрсе де сұхбат беріп үйренген екі қолын сермеуінде ұмытпапты 🙂
    Бәрін қойшы Бақытгүл қызымыз ортада ГҮЛ болып отыр ғой. Бір гүліміздің істеген істері ерлік қой. 🙂 аудармаларыңыз жеңілінен болғай, тезарада бітер иншаллах 🙂

  6. Сәлем Ақтөбеден! Бүгін жеттім Ақтөбеме. Жақсы отырыс болды, танысқаныма қуаныштымын. Алматыда ойға жаңа тың идеялар келді, жақын арада жүзеге асырып көремі. Әрі қарай көрерміз.

  7. Алғашқы суперкубокты ақтө­беліктер иеленді. Алғаш рет суперкубок иесін тапты. Ол дәстүрлі үлкен жа­рыс­тың басы болғай.
    http://egemen.kz/?act=readarticle&id=6859
    Кубоктарын құтты болсын.Аршат

    Блогшылардың кіші құрылтай үлкен құрылтайға айналсын. Бақытгүл үлкен құрылтайда қыздарға орын көп дайындаңыз

  8. Куныш есімде жоқ, мүмкін ұқсатқан шығармын, бірақ көрген нәрсе басымда қалады зрительный память дейді. ғо.
    даже трамвайда қысылып тұрған кезде есімде қалған шығар 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s