Ғылымның айтуынша, біздің атамыз маймыл…


Жарықтық үлкен әкем айтушы еді, бұрыңғы жайсаңдардан қалған сөз деп… – Қонышынан күміспен өрнектелген мүйіз шақшасын алып, алақанын толтыра насыбай атты. Мұртын ширатып, сақалын салалап, сәл бөгелді. – Алдымен тиянақсыз көк аспан, содан соң, тұрлаусыз қара жер жаратылды. Аспандағы ауа қойылып бұлтқа айналды, бұлттан жауған нөсермен иіген жерге жасыл шөп, гүл бәйшешек, саялы дарақ, мәуелі жеміс шықты. Отты, сулы далад, қалың жынысты орман ішінде неше түрлі жан-жануар, хайуанат өсіп-өнді. Ең ақырында солардың бәріне иелік ету үшін адамзат келді дүниеге. Тағыны тізгіндеді, асауды бұғалықтады, құла дүзді қан жайлау, меңіреуде елді мекен етті. Ол кезде ру аласы, ел таласы болған жоқ. Жұрт тегіс шат-шадыман тұрмыс кешті. Үйткені жер бетін қоныстанған алғашқы адамдардың барлығы бір атаның баласы еді.

Мұныңыз былай… зиянды пікір, – деді жұрт ішіндегі көзі ашығы Дәуренбек. – бәріміз маймылдан шыққанбыз.

Қой шырағым, мұның бос сөз, – деді Ахмет. – жарықтық үлкен әкем тағы бір сөзінде айтушы еді, арғы атамыз көк бөрі екен деп. Бірақ құраннан ұшырата алмадым. Жер бетіндегі барлық жұрт Адам-Ата мен Хауа-Анадан таралған дейді. Естуімше, тіпті, орыстың молдалары да мұны теріске шығармайтын көрінеді. Адам-Атадан Әбіл мен Қабыл туады. Қабыл…

Мұның бәрі діннің сандырағы, – деді Дәуренбек шорт кесіп. – Ғылымның айтуынша, біздің атамыз маймыл. Және кім деп атасаңыз да бір маймыл емес. Көп маймыл.

Қарттың мінезін білетін жұрт бір шатақтың шығуын күтті. Алайда, ешқандай шатақ шықпады.

М.Мағауин, «Бір атаның балалары» шығармасынан, 1973 жыл

P.S. Мектеп оқулықтарында әлі күнге дейін Дарвиннің ілімі оқытылып жатыр екен. Аталған шығарманы оқып отырғанда сол есіме түсе кеткені. Апыр-ай, кімді алдап жүрміз?…

Advertisements

6 thoughts on “Ғылымның айтуынша, біздің атамыз маймыл…

  1. Негізінен педагогтар маймылдан кем болмау керек дейді араб мұғалімдері.
    Ал адамның маймылдан емес топырақтан екені айдан анық. Өйткені жүрегім соған сенгісі келеді. 🙂

  2. Ғылымда осы пікір қалғандай, бұған дейін де қазір де осы Дарвин тұжырымымен оқытылып келеді ғой. Бірақ ақиқатын білгенмен, өкінішке орай оқулықтарда ол жоқ.

  3. Әрине, сұрақты биология пәні мұғалімі емес, Білім және ғылым министрлігіне қою керек. Мұғалім оқулықты пайдаланып, оқыта алады, одан бұрыс кете алмайды.

  4. Макс, біріншіден, ешкім жала жауып отырған жоқ. Жеке пікірін білдіріп отыр. 🙂
    Менің ойымша, оқыту барысында адамның жаратылуына қатысты бірнеше пікір бар деп, оқушыға әртүрлі пікірлерді айтуы керек тәрізді. Сонда санасында саңылауы бары өзінің дұрыс жолын табар еді д.о. Блогыма қонақ болып, пікір қалдыруға уақыт тапқаныңызға рахмет!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s