Ислами блогтарға саяхат


489156156-wince.jpg

Бүгін ислам тақырыбына арналған қазақ тіліндегі жаңа бір блогқа жолықтым. Байқаймын, халыққа дінді жеткізгісі келетін блогшылар көбейіп келеді. Соған орай, өзім білетін блогтарға шолу жасағым келіп отыр.
Хадис ілімдеріне кіріспе деген жазбамен толықтырылған блогтың иесі жайлы еш мәлімет көрсетілмеген. Тек блогтың атына қарап, Ажар есімді қыздың әкесі болар деп топшылай аламын. Алғашқы жазбаларының бірінде блог пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) сүннетіне, дәлірек айтқанда хадистеріне арналатынын автор былай ашып түсіндіреді:

Барлық ілімдер көзі ол-Құран және пайғамбар (с.а.с) сүннеті. Ал Аллаһ кітабы Құранды қалың үмметке жеткізіп, оны түсіндіруші құрал ол-сүннет. Осы орайда халқымызға имам Науауй жинақтаған «Қырық хадис» атты кітаптағы хадистерді келтіріп, сонымен қатар ол хадистерді түсіндіріп өтуді жөн санадық.

Блогқа алғашқы болып, пікір қалдырған жандардың бірі Nurila:
“Садақаның ең абзалы – бір мұсылманның білім үйреніп, кейін оны мұсылман бауырына үйреткені” дегеніндей пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) оның үмметіне білім үйренуге себепкер болуыңызда Сізге ақ жол демекпін!!!
депті. Осы орайда менің поштама аптасына екі-үш рет хадистер келіп тұратынын айтқым келеді. Мәселен, бүгін мынадай хадис келді:
Пайғамбарымыз (с.а.у):
“Қиямет күнi мүминнiң таразысында көркем мiнез-құлықтан салмақты нәрсе болмайды.
Расында, Аллаһ Тағала ұятсыз және балағат сөз айтушыны жақсы көрмейдi.”

(Әбу Дардаадан (р.а) Имам Тирмизи риуаят еттi)

Бұл хадистерге жазылып қою өте оңай. Ол үшін сайтқа кіріп, э-поштаңыздың адресін енгізсеңіз жеткілікті. Хадистерді жолдағанда оны тақырыбына қарай іріктей ме, әлде басқалай таңдап жолдай ма ол жағын да айта алмаймын. Бір білетінім поштама келіп тұратын хадистер Аллаһты еске түсіруге жәрдемдесіп тұрады. Аллаһ, Сізге разы болсын!

0005-wince.jpg Блогымда діни тақырыптар аз көтерілгенімен, Иман блогының авторы осы блогты Ислам тақырыбындағылардың қасына тіркепті. Бұл – өте үлкен жауапкершілік екенін түсінемін. Шамам келгенше соған сай болуға тырысамын. Ал, Кәрім ағамыздың сайты аз ғана уақыттың ішінде өз оқырмандарын тауып үлгерді. Сайттың басты ерекшелігі – ислам тақырыбындағы мақалаларды сәтті топтастыра білгендігінде. Сондай-ақ “заңгер кеңесі” мен “ғалымнан сұраңыз” атты бөлімдерінің болуы, жобаның болашаққа арнаған жоспарлары үлкен екендігінен хабар береді. Соңғы орнатылған жазба “Ата-ананың исламдағы орнына” арналған. Мақалада автор ата-анаға жақсылық істеудің 7 жолын жақсы көрсете білген. Соның алтыншысында:

“Адал әрі ізгі ниетті бала әрдайым ата-анасы үшін Аллаһқа дұға қылып жалбарынады. Тіпті ол екеуі дүниеден өтіп кетсе де”

деп жазған.
0006-wince.jpg Әзірге қазақ блогосферасы кеңістігінде араб тілін үйрететін мен білетін жалғыз ғана блог бар. Оның иесі – Томирис өз блогын “Шұғаның белгісі- Шұғыла” деп атапты. Блогтың соңғы сабағы араб тіліндегі “Дамма” хәрекетіне арналған. Жазбаларға оқырмандар тарапынан сұрақ көп түспегеніне қарағанда, тіл үйреніп жүргендерге бәрі де түсінікті тәрізді. Кейбір сабақтардың видео түрінде берілуі тіл үйренуді жеңілдететін болар.
003-wince.jpgЖандостың блогы ислам дінін белгілі деңгейді оқып, тоқыған, әйтсе де көкейінде кейбір сұрақтары бар жандарға арналған деп түсіндім. Себебі жазылып жатқан тақырыптарынан “Ислам дінін қазақ қоғамында қалай түсінуіміз қажет?” деген сұрақтарға жауап іздетінін анық байқалады. Бәрінен де маған “Валентинка? Жоқ рахмет, мен мұсылманмын” деген жазба ұнады. Соңғы орнатылған жазба мұсылман әйелінің сыртқы келбетіне қатысты. Автор мынадай бір ой айтады:

“Әйел адамның киімі ер адамдардың киіміне ұқсас болмауы тиіс. Себебі пайғамбырымыз Мұхаммад әйелдерге еліктейтін еркектер мен еркектерге еліктейтін әйелдерге лағынет жасады деп Абу Хурейрадан риуаят етілген”.

0004-wince.jpgЖасқазақ блогын ашқанда көзім бірінші кезекте Абай мен Шәкірімнің суреттеріне түседі. Блогта ислам дінін ғұмалардың еңбектері негізінде түсіндіруге, діннің тереңдігін данышпандардың ұлағатты сөздерімен жеткізуге тырысатыны байқалады. Абайдың қара сөздерін де осы жерден табуға болады. Мәселен:

Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадәләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсаты болса, ол жол – Құдайдың жолы. Ол – нихаятсыз (шексіз) жол… өзге жолдан не үміт бар? Абай

00002-wince.jpgЭльвира жүргізетін “Өсиет әңгімелер” блогы бірінші кезекте өмірден алынған оқиағалармен және қысқалығымен ұнайды. Адамға арналған тікелей ақыл айтып, көлгірсу жоқ. “Тек оқып, өзің түйсін. Сарала. Өсиетін өзін ұғып ал” дегенді емеурін жатыр. Соңғы өсиетінде адамдар арасындағы жанашырлықтың көрінісін суреттейді. Күн өткен сайын “ал” дегеннен гөрі, “маған бер” деген сөздің жиі естіліп жатқанын мен де жиі аңғарамын.
…Блогшыларға бастап жатқан істеріне сәттілік тілеймін. Ізгілікті жеткізсем деген ниеттен туған әрбір амалдарына сауаптан жазылсын! Әзірге менің саяхатым осымен аяқталды.

7 thoughts on “Ислами блогтарға саяхат

  1. Уағалейкум ассалам, Жандос! Қарсы болмасаң “Sahih malimetter” дегеннің не екенін түсіндіріп өтейін. Бұл дегеніміз сенуге болатын, дұрыс мәлімметтер деген сөз 🙂 ИншАллаһ, тұрақты оқырмандардың бірінен болармыз деп үміттенемін.

  2. Мұндай блогтардың көп болғаны бәрімізді де қуантады. Жандос пен Элвираның блогы өзіме өте ұнайды. Жиі оқып отырамын. Және оларды оқып отырып өзің ерекше күйде боласың. Шіркін, осындай блогтарды адамдардың барлығы оқып отырса, мына өмірдің қаншалықты маңызды екенін ұғынар еді, адамдар көпшілігі жақсылыққа ұмтылып, мейірімді болар еді.

  3. Ассаламу ъалейкум блог жүргізуші мұсылман бауырлар! Дінімізді насихаттаудағы істеріңізге Аллаһ жәрдем берсін. “Заманына қарай адамы” демекші газет-журнал оқырмандарынан гөрі интернет қарайтын жастар күннен-күнге артып келе жатыр ғой. Сіздер орналастырған материалдардың аса қажетті-ау дегендерін сілтеме жасап газетіміздің бетінде жариялап жүрміз. Ауылды жерлердегі баспасөз оқырмандары діни-танымдық дүниелерге зәру. Ин ша Аллаһ сіздер орнатқан материалдар газет арқылы оларға да жетіп жатыр. Байқаймын қызығушылық мол.
    Жақсы талдапсыз аға! Өзім Жандос пен Томиристің, Кәрим аға блогтарының тұрақты оқырманымын.
    Халқымызға дін жаюдан шаршамаңыздар!..

  4. Маған Кәрімнің блогы айрықша ұнады. Кәсіби адамдар көмектескені көзге ұрып тұр. Тақырыпқа сай безендірілгені тіпті тартымды қылып тұр ол блогты.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s