“Жаңаеуразия” 1 күн істемеді


256294984-wince.jpgБәлкім сен де байқаған боларсың. Бүгін күні бойы “Жаңаеуразия” ашылмай тұрды. Себеп? Себебін өзім де білмеймін. Админге хабарласып едік, ол қазір соны іске қосумен айналысып жатыр. Мұрын сіңбірер бос уақыты жоқ.

Өз басым, билік тарапынан болған әрекет дегенге сене алмаймын.

Себебі күні кеше баспасөз мәслихатын өткізген. Инкар.инфо интернет-радиосының жігіттері: “Бізді үкімет жауып тастады” деп шулаған. Сөйтсе олардың сайты тек Қазақстанда ғана ашылмайды екен. Шетелдегілер және анонимді прокси-сервер арқылы қарағандар көре алатын болып шықты. Яғни, билік тарапынан жабылған күннің өзінде өзге елде ашылуы керек. Ал “Жаңаеуразия” еш жерде ашылмай тұр. Шамасы кінәрат өзімізден болған шығар деген ой бар. Екіншіден, жұрт үркетіндей, әлдебіреудің намысына тиетіндей ештеңе жазбаған тәріздіміз.

Не де болса, алғаш рет мұндай жағдаймен ұшырасып отырмын. Арты не болар екен? Тезірек іске қосылса екен деп тілеп отырмын. Не де болса, һайырлысы болады емес пе?!

Жаңа ғана “Жаңаеуразия” іске қосылды. Шамасы техникалық бір жөндеулер жүргізілген-ау.

8 thoughts on ““Жаңаеуразия” 1 күн істемеді

  1. Сонда қалай, алдын-ала ескертпей ме? Мүмкін “өз еркіңізбен” көнерсіз, кім білген? 🙂
    Бірақ шығады біздердкінен, шығады…

  2. Арғыкүні ресмилер шынымен жауып тастайтындай бірдеңе шығарып көрейін онда блогыма 🙂
    Ал жігіттер, эксперимент арғыкүні! Блогым ашылмаса, өзіммен пошта арқылы хабарласып көріңіздер! Өзім де жауап бермесем – Құсмұрын жақтан сұрастырып көрерсіздер… 🙂

  3. Ереке, айға шапқан арыстан болдыңыз-ау…! Сіз онсыз да ойыңызды мысқылмен, жеңіл қалжыңмен жеткізудің тамаша тәсілін таптыңыз. Сол күйінде жазып жеткізсеңіз жұртқа да қызық, өзіңізге де жақсы. Ал блогыңыз жабылып жатса, орны толмас өкініш болар еді…

  4. хостинг немесе доменнің ақшасы төленбей қалып жабылып қалған шығар, ондай ондай болады ғой. бірден астыртын ойларға кетіп қалмаңдар, кээнбы жауып тастады деп.

  5. Жөн сөз, Аршат! Сәл бір қиындық туа қалса, бірден қаралы ойларға берілетініміз жаман. Негізі жай ғана бір техникалық ақау болған екен. Қазір бәрі істеп тұр.

Comments are closed.