Ригадағы соңғы түн


img_1840-wince.jpgИншАллаһ, ертең таңертең Петерборға ұшамыз. Алты күн өң мен түстей өте шықты. Қызығы бар шыжығы бар дегендей… Рига бізді жаймашуақ ауа райымен қарсы алған еді, бүгін де сондай ауа райы болды. Күніміз әзірбайжандық достарымызды шығарып салумен басталды. Одан соң Совет одағының Риганы жаулап алуына арналған мұражайына бардық. Өте үлкен әсер алып шықтым. Тарихтарын көздеренің қарашығындай мұқият сақтайды екен. Ең қызығы мұражайға кіру ақысы тегін. Тек садақа ретінде ақша қалдырсаң болғаны. Ішінде оқушыларды көп көрдім. Сонымен қатар кішкентай балаларын ертіп келген аналар да болды. Латыштар бастарынан өткерген нәубетті жылдарын тәптіштеп толық түсіндірген. Бұған дейін латыштардың саны екі жарым миллион екенін айттым ғой деймін. Соғыстан көз ашпаған елдің жайы осы. Мына бір өлең шумақтары қатты әсер етті:

Отнято все –
Честь, Родина и Имя.
Ты человеком был, за то наказан
И заклеймен как вещь или как скот.
Отпечатки пальцев рук обеих
Пойдут вослед, в аду тебя найдут.
В том носовом платке,
Которым слезы вытирают человек свободный.
Ты вышиваешь нитью.
Пусть прочитают люди,
Которым Бог позволил жить.

перевод с латышского Анда Лице – автор оригинала

img_1822-wince.jpgМұражайды аралап жүріп, сұрқия езіп-жаншуды біздің де ата-бабаларымыз бастан өткергенін ойладым. Осы тәрізді барақтарда олар да төрт бүктеліп жатып, аштан бұратылып о дүниеге аттынды емес пе? Қаншама қазақтың зиялысы қызыл саясаттың құрбанына айналды? Бізде әл күнге дейін Қабанбай мен Бөгенбайды шатастыратындар көп. Менің ойымша, ұлттық тарихымыздан хабар беретін мұражай ашатын уақыт келді. Өз өткенімізден не себепті ұялып жүргенімізді түсінбеймін.

Латыштықтар аз ғана ел. Ешкімге арқа сүйемейді. Бірақ немістерді Ресейге қарағанда өздеріне жақын тұтатыны аңғарылады. ЕуроОдаққа мүше болғаннан кейін қымбатшылық белең алыпты. Бұны маған Ригада оқып жүрген қазақ жастары айтты.

Түстен кейін ригалық Рихард есімді 12-сынып оқушысы (Ол БарКэмптегі көмекші топтың белсенді мүшесі болатын) бізді Риганың биік мұнараларының біріне апарды. Ол 13 ғасырда салынған шіркеу болатын. Қазір шіркеу мұражай қызметін де, шіркеу қызметін де атқарады. Кешкі алтыда ол жерде тегін концерт болды. Қызық. Діни ғибадатханада концерт өтеді екен. Рихард одан соң, бізге керамика дүкенін аралатты. Қыштан жасалған бұйымдар көзді арбайды. Амал қанша, ақшамның барлығы таусылып қалған еді. Есіңде шығар 1 лат 240 теңге тұрады! Зергер досыма бір бұйым алсам ба деп едім, болмай қалды. Хайыр, ИншАллаһ!

img_1810-wince.jpgКешке Ригаға келгелі бері кездесе алмай жүрген осындағы қазақ студенттерімен танысудың сәті түсті. Ербол Лайма сағатының алдында күтіп алды. Лайма (латыш тілінде бақыт дегенді білдірсе керек) сағатын ригалықтардың бәрі біледі. Себебі кездесетін адамдардың барлығы сол жерде кездеседі.

Айтпақшы, ең үлкен жаңалық бүгін қара дорбаның иесі табылды. Оның кім екенін өзің де жақсы білетін шығарсың. Енді тегін сымсыз интернеттің қызығын қашан көретінім белгісіз. Алматыға жеткенше үнсіз қалуым мүмкін. Бірақ сен үндемей қалып жүрме!!! Мына тамақты (балық, қуырылған картоп, соус) кеше Чили Пиццаға барғанда арнайы суретке түсіріп едім. Мүмкін біреуге қызық болар…

Advertisements

3 thoughts on “Ригадағы соңғы түн

  1. Ozge halyktardan uirenetinimiz kop ak! Tarihymyz joninde koptegen akparattardy jogalmai turganda jinap terudi mandaiymyzga jazsa eken.
    Oskelen urpak ultymyzdyn shyn janashyry bolatynyna senemin!

  2. Латвия мен Литваны көбісі шатыстырады. Мен де шатыстырам. Неге екі елдің аттары ұқсас? Территория жағынан жақын болғаны үшін бе?

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s