Бірінші күн: SunSetBar


Таңертең ерте тұрдым. Уақыт айырмашылығы қатты сезіледі. Бір бөлмеде жетеуміз. Түнде Нұргелді және таң ата Әзірбайжаннан тағы төрт бала келді. Бірінші күні тек тіркелу болды. Бақытгүл хэлп тимге жазылған. Негізі бәріміз де жазылдық. Мен бүгін хэлп тимдамын. Қазір бір сағаттан соң баруым керек.

Сонымен Ривал отеліне тіркелуге бардық. Адам деген ығы-жығы. Барлығы мыңнынң үстінде қатысушы болса, оның бес жүзге жуығы шетелден келгендер. Шамамен әлемнің отыз бес елінен қатысушылар келмек. Тіркеліп болған соң, мешітке Жұма намазға бардық. Ригадағы жалғыз мешіт. Жамағт енді-енді жиналып келеді екен. Көп қабатты үйдің екінші қабатын жалға алыпты. Мұсылманшылықты қабылдаған көптеген латыштарды кезіктірдім. Әлһамдулиллаһ!

Жұма намаз сағат екіге қарай аяқталды. Біз қаланы аралайтын топтан қалып қойдық. Бақытгүл Юрмаланы көруге кетті. Сағат төртте басқа бір топқа қосылып, Риганы тарихының мұражайына бардық. Тарихы тереңде екен. Рига деген сөз «рожь» дегеннен шығады деп түснідірді. Аңыз бойынша Христофор деген судың ішінен адамдарды өткізуші бір адам, бір күні баланың жылаған дауысын естіпті. Сөйтсе, өзеннің бір жағасында бала тұр. Сол баланы судың екінші жағасына көтеріп апара жатқанда, иығына отырғызған баланың салмағы ауырлап бара жатқанын аңғарады. Содан жағаға жеткенде әл-дәрменені қалмай, шаршағаннан ұйықтап қалады. Көзін ашса, бала орнында бір сандық алтын тұр. Рига қаласы осы алтынмен қаланған-мыс.Аллаһ нәсіп етсе, Совет одағының отарлау тарихының мұражайы бар. Соны да көрмек ойым бар.

Кеше Германиядан келген Оливермен, Австриялық Алекспен, Америкалық бір қызбен, украиналықпен, т.б. көптеген адамдармен таныстым. Латвияда орысша сөйлей берсең болады екен. Кей кездері ғана ағылшын тілін қолданып жатырмын. Баркэмптің жұмыс тілдері орыс, ағылшын және латыш тілдері.

Қуаныш екі жоба ұсынған. бірі білімге екіншісі аудармаға байланысты. Бүгін немесе ертең сол жобаны демеушілерге таныстырмақшымыз. Жоба туралы қысқаша айтар болсам, Open edu – студенттерге арналған ашық білім порталы болмақ. Ал audarma – тұтас мәтінді аударуға жәрдемдесетін ашық портал.

Кешке бәрімізді СанСэт бар деген бір жерге жинады. Бірінші күні тіркеліп үлгергендер келді. Ол туралы видеоны төменнен көре аласың (Ескерту: жеке өз басыма бұл отырыс ұнаған жоқ). Жоғарыдағы суретте Қазақстаннан келген блогшылар мен сол жақта танысқан Тимур және Саша есімді жігіттер. Тимурдың әкесі қазақ, бірақ Қырғызстанда тұрған. Енді Голландияның азаматтығын алып жатыр. Сол жақта тұрып, жұмыс істеп жатқанына сегіз жыл болыпты. Негізгі мамандығы лингвист. Екінші суретте Бақытгүл Эльвираның тамақтарының таныстырылымын жасап жатыр 🙂

Advertisements

12 thoughts on “Бірінші күн: SunSetBar

  1. Өзі жан-жақтан жиналыпты ғой. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Рига әдемі қала екен, Нұргелдінің суреттерін көрдім. Екінші суреттегі «Алға Қазақстан» жазуы өте керемет жазылған.

  2. Қызықты кездесу болып жатыр екен. Асеке, енді ана бір отарлау тарихы музейі туралы егжей-тегжейлі мақала жазсаң, өте қызық болар еді біз үшін. 🙂

  3. Отарлау тарихы мұражайына баратын уақыт және ақша тапсам жақсы болар еді. ИншАлаһ барып көрмек ниетім бар. Ереке, бұл нағыз сіз секілділер қатысатын жер негізі.

  4. Ана қыздың (Бақытгүл болса, ренжіме, танымағаннан кейін) ноутбукте көрсетіп отырғаны, түріктердің тағамы «маклюбе» ғой..:))

    Қателеспесем суретті де танып отырмын кімнің түсіргенін..:)))

  5. massagan!!! netken tamasha seminar! jaraysizdar! kazak blogtary damy bersin 🙂
    Mende bargym kelip ketty, birak ogan professional programmister nemese jurnalister baratin uksaydi goi… jane ogan adeby tilde bay soilei bilu kerek shygar …

  6. Мақлүбә Негізі түріктің емес арабтардың тағамы ғой, әшейін түріктер асханаларын әр ұлттың тағамын алып, рецептерін өзгерткен ғой. 🙂

  7. Сөйтсе, маклюбе туралы айқау-шу шығып кеткен екен дейд… 🙂

    Ал Талғар түрік-қазақ қыздар лицейінің түлектерінің көбісінің асханалық іске шебер екенін біліп жатырмыз… Несі бар, жақсы ғой… Аноу Фелис ханым (Керванджыоғлұ) мен Мехметтер туралы кинода да Косованың анасы шыр-пыр үнемі, неше түрлі дәм істеп. Әйел адам ерінің аз мәзірі үнемі дәмді болуы керектігін алға тартады. Бірақ, менің білуімде, Түркия Республикасындағы асханаларда еркеккіндікті аспаздар басым ба деймін…

    Жарайды, бұл тақырыпқа тікелей қатысты емес шығар.

    Маңыздысы, Бақытгүлдің алдындағы «ҚАЗАҚСТАН» шоколады!!! 🙂 🙂 🙂 Тәттіқұмар біздерден сұрай берсеңіздерші… «Рахат» кондитерлік фабрикасының бар болғаны рахат болды… Бірақ, соңғы кездерде «рахаттанудан» да сескенетіндер бар екен. Неге екенін білмеймін…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s