Рига, мені қарсы ал!


… Аллаһ нәсіп етсе, санаулы сағаттардан соң Қуаныш пен Бақытгүл үшеуміз Питерге ұшамыз. Қобалжулымын. Питер өзінің ұлтшылдығымен, талай адамның қанын жүктеген қала ретінде елестейді. Бірақ марқұм анашым кезінде осы қалаға қыдырып барған еді. Ол кезде Орыс Империясы еді. Ал енді…Тәуелсіз елдің жастары жаңа медия технологияның қыр-сырын терең меңгеру үшін ғана емес, білгенімен бөлісу үшін Балтық жағалауындағы елге ұшып бармақшы. Әлі заттарым дайын емес. Мен болсам, шулы Алматының бір бұрышындағы интернет-кафеде отырмын. Үйде достарым күтіп отырған шығар. … Жұмыстан сұрандым. Дұрысы қашып шыққандай болдым. Жазғың келмеген дүниені өзіңді қинап отырып жазу, әрі жазғаныңның ұнамайтынын біле тұра басшылыққа көрсету не деген азап! Сонша сенім артып еді. Сенімдерін ақтай алмай қалдым ба? Жазу үшін күнде шыңдалу керек. Көркем сөз көрікті ойдан ғана көрініс таппақ. Көркемдіктен ұзап барамын ба, сонда? Әлде бұрынғыдай көкте қалықтап ұшқанды қойып, жерге қонғаным ба… Кешеден бері Ригаға қандай мақсатпен, қандай ниетпен баратынымды ойлаудамын. Бастысы ниетімді дұрыстап алуым ғой.Мүмкін сен сенбессің, бірақ Латвияда Орыс империясы тұсында күшпен көшірілген қазақтардың ұрпағымен кездескім келеді. Мүлдем орыстанып кетті ме екен. Қабірлері қай жерде екен? Құран оқыр ма едім… Бүгін Ригадағы мұсылман бауырым: «Мешітке бір-екі қазақ бала келіп жүреді» деп хат жазды. Қуанып қалдым. Әлһамдулиллаһ! Жүрегінде иманы бар қазақ жастары Балтық теңізінің жағалуында да жүр екен ғой. Мағжан: «Иман күшті оларда Мен жастарға сенемін» дегенде сол авиацияда оқып жүрген қазақ жастары туралы айтқан шығар.Тым сезімшіл, әсершіл болып кеттім. Бүгінгі Бекжанның менімен жазған сұхбатының да әсері бар ғой деймін. Өзімді тым қатты жарнамалап жібердім бе деп ойлаймын. Сеннен ұят болды-ау! Мен кетейін. Мына кафеде интернет тым қымбат. Сағаты 350 теңге. Егер Питердің әуежайында немесе Алматы әуежайында интернет болса, тағы бір ойларымды түсірермін. Сенен бір өтініш, уақытың болса «Жаңаеуразиядағы» блогыма кіріп, пікір қалдыруыңды сұраймын. «Неге?» деп сұрама, себебін өзің де білетін боларсың. Аман бол! Дұға қыл!

8 thoughts on “Рига, мені қарсы ал!

  1. Асхат аға, жолдарыңыз болсын. Ригаға аман-есен барып қайтыңыздар. Бізге аман-саушылықтарыңызды білдірткізіп, блогыңызға хабарлап жатарсыз. Көп жаңа идея, жаңа мағлұмат күтудеміз.

  2. Асхат, должарың болсын! Блоггинг пен журналистикаға пайдалы болатын бағалы ақпараттарды жинап келетіндеріңі сенімдімін. Шабытталың ұшталып, шығармашылықтарың дамуда болсын!

  3. Асхат аға, Үлкен сапарда сіздерге үлкен сәттіліктер тілеймін. Аман-есен елге оралып, пайдалы әрі маңызды мол ақпараттар жинап келіңіздер.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s