IT-шілер көбіне еуропалық яки славяндық ұлттан болады


IT тірлікЖеке поштама келген хаттарды жариялау әдетімде жоқ еді. Бірақ Ерланның мен жолдаған хатқа берген жауабының маңызы, көтерген жүгі ауыр екен. Өзім ғана біліп қойғаным орынсыз болар деп, кейбір ойларын жариялап отырмын.

Сәлем, Асқат бауырым!

Алайда, «монополиядан айрылғасын, барлығы жаппай блог жаза бастады» дегенмен келіспеймін J. Сіз білесіз бе, академиялық ортада жүрген физиктер де, математиктер де, инженерлер де «понтты» қатты ұстайды J.

… Шынында да, IT-шілер құдды бір масондық жүйе жасап шығарды. Олар өздерін қоғамда класс болып бөліп алғаны рас. Елудегі апайдың дискета мен компакт-дискіні айыра алмағанын кекетіп күлетіні, бірдеңе сұрай қалсаң – маңғазданып, жауап берген күннің өзінде, Сізді бәрібір техникалық терминдердің астынан түк мағына аршып ала алмайтындай қылып жауап беретіні рас.

Шынында да, компьютерге монополия күн санап IT-шілердің мұрындарының астынан сырғып, уысынан шығып бара жатыр. Бұрын тек асқан «данышпан» ғана білетін дүниелердің қазір визуалды түрде жасалатыны соншалық, бесіктен белі шыққан бала да бүгінгі күні е-пошта жібере алады. Тағы бір көрнекі мысалы – қазір мына Сіздің өз бетіңізше жазып жүрген блогыңыз осыдан 7 жыл бұрын айына 1 000 доллар алатын адамның жұмысы еді.

Өз басым осындай «данышпандардың» қыспағын көп көрдім. Оқып, кейін жұмыс істеп жүріп, программа жазғанда «DLL-дің API-ді шақыруының барлық уақиғасының тізімін жазып бер» деген сияқты, тек өздері түсінетін талаптар қоятын. Алайда жұмыс барысында ондай «данышпан» терминдерді түсінбек түгілі, өзіне «DLL-дарды OCX пакеттерге салып қойғанмын, қайдағы API-функциялар саған?» деген, «данышпандық» деңгейі өз сұрағынан да асып түсетін дәрежеге жеттім. Мінеки, әлгі айтылғандай-ақ, бұл жерде енді олар өздерінің жалғыз «данышпан король» емес екендігін түсініп, бас аяғы жарты жыл ішінде барлығы ғайып болды. Қазір басқа кәсіпорында жұмыс істейді, себебі онда шынымен-ақ, 3 доллардың дүниесін 100 долларға жөндететін контингент баршылық. Сосын бір айта кететін жәйт, өз байқағаным: осындай маңғаз IT-шілер көбіне еуропалық яки славяндық ұлттан болады. Ұлтшылдығым емес, бірақ байқағаным осы.

Бұл жағдай меніңше ақпарат теңсіздігі кесірінен орын алып отыр. IT саласы бөлек «таңдаулы данышпан кастаның» ғана «жоғары миссиясы» болып кеткені қашан! Сондықтан болар, менің кейбір студенттерім сайт жасай алады, бірақ сөздің астын қызылмен бояу білмейді.

Екінші себеп – ТМД аумағында, әйтеуір Ресей мен Қазақстан көлемінде солай – министрлік деңгейінде осындай «данышпандарға» қолдау көрсетілу. Бір ғана мысал. Оқу процессін ақпараттандыру орталығы жыл сайын сабақтарды сүйемелдеуге арналған «шедеврлерін» жіберіп тұрады. Түймелері қисық, сөздері – қате, суреті – көмескі. Жергілікті лабораторияларда одан мың есе артық, сапасы жағынан Ресейлік электронды оқулықтармен пара-пар құралдар жасалады. Алайда, министрліктегі IT-шілердің лоббиі қатты. Тек Алматыдан сатып ал, әйтпесе – бала теріс оқып кетеді екен-дағы! Жергілікті оқулықтарға лицензия бермейді. Жалтаратын себебін сол баяғы «таңдаулылар» түсінетін терминдермен түсіндіреді.

Бірақ мұның күні бітті деп ойлаймын. Шынымен-ақ компьютер унификацияланып, кейбір пайдаланушылар өздері-ақ оңдап алып жүр. Жүйедегі анау-мынау ақауды да анықтамалық жүйенің дамуы себепті қатардағы қарапайым пайдаланушы өзі реттей алады.

Алайда, «монополиядан айрылғасын, барлығы жаппай блог жаза бастады» дегенмен келіспеймін J. Сіз білесіз бе, академиялық ортада жүрген физиктер де, математиктер де, инженерлер де «понтты» қатты ұстайды J.

Екеуміз де бір жүйенің ұрпағымыз ғой, есіңде ме, телемастер мен радиоинженерлер қалай құтырушы еді! Қазір кілең интегралды схемалар болғандықтан, оларға жұмыс қалмады. Дәл сондай оқиға ғой деймін IT-шілермен болып отырған. Әлі-ақ сабасына түседі ғой.

Жіберген материалыңызға тағы да рахмет! Жалпы түсініксіз терминдермен маңғаздана сөйлеуді өлердей жақсы көретін «ТЕРМИНаторлар» жөнінде бір мақала жазғым келіп жүр еді. Мынауыңыз түрткі болы. Ит тірліктің келесі сандарында жарық көріп қалар.

Зор құметпен: Ерлан Оспан, қарапайым IT-ші (шын айтамын!) J

Advertisements

3 thoughts on “IT-шілер көбіне еуропалық яки славяндық ұлттан болады

  1. Созинизге косыламын!
    Ауылда компьютерминдерди карапайым тилге келтирип айтып, тусиндирип уйренген басым, калада жумыс караганда киналган кезим болган
    ТЕРМИНаторлар озып кететин

  2. 🙂

    TERMINator symaktyng bireuimin goi 🙂

    TERMINatorlar kobinde IT-i onsha damymagan elderde monopolia ornatkan goi.

    Al shet elde IT mamandylarga ondai erekshe koz karas jok. Tipti IT mamandary ortashadan tomen ailyk alatyn mamandarga kiredi desem senbessingiz.

    Arine IT ding ishine kop maman bar. Solardyng keibireuin aitam. Kobine Electronicter Programmisterden jaksy aksha tabady.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s