«Нұр-Астана» мешітіндегі бесін намаз


img_1670-small.jpg

Астанада әпкемдігіне тоқтаған едім. Түскі асқа манты істемек ойы барын айтты. Мен намазға мешітке бармақ ойда едім. Содан намаздан келе жатқанда халал ет алып келетін болдым. Әпкем мешіт маңындағы дүкенде сатады деген соң, ала келейін дедім.

Үйдің қасынан 21 автобус «Нұр Астана» мешітінің алдына тоқтайды екен. Тез жеттім. Бесін намазына (неге екенін ол жерде «песін» деп жазыпты) адам онша көп жиналмады. Имам жас жігіт. Намаздан соң, еліміздің, дініміздің амандығын тілеп, дұға қылды. Мешіттің ішін суретке түсірмек ойым болды. Бірақ жұртты күдіктірмейін деп райымнан қайттым. Шығар есікте ақпан айының намаз кестесін үлестіріп жатыр екен, маған да біреуі тиді. Есік ауызында қалдырған аяқ киімімді алып кигелі жатсам, ішінде бірнәрсе жылт-жылт етеді. Киізден жасалған ұлтараққа сары жіптен өрнек салған екен. Ішім қылп ете қалды. Біреудің аяқ киімін әкетіпппін. АстағфирАллаһ! (Аллаһ кешіре гөр!). Кірерге тесік тапсамшы. Дереу аяқ киімдер тұрған жерге барып, өз аяқ киімімді тауып, әлгіні орнына қойдым. Мойнымнан үлкен бір жүк түскендей жеңілдеп қалдым.  Егер иесі келіп, іздеп жатқан сәтіне түссем немесе аяқ киімді киіп, ауыстырып алғанымды үйге барған соң байқасам ше? Басқасы-басқа дәл мешітте мұндай жағдай болса, жағдайым қиындап кетер ме еді. Талай достарымның аяқ киімдері мешітте жоғалғанының куәсі болғаным бар. Кей сәттерде білместікпен мен тәрізді ауыстырып кететіндер де болатын шығар. Көпшілігіміз сол «барахолкадан» киінеміз емес пе? Аяқ киімдеріміз бірдей.

Мешіттен шығып, сыртынан суретке түсіріп, дүкенге барсам, ет бітіп қалыпты. «Гросс» дүкенінде бар деген соң, сол жаққа барып, ет және үлкердің халал печеньесін алдым. Аялдамамды да оңай таптым. img_1663-small.jpgБірақ автобусымды жарты сағат күттім. Сөйтсем, мен отырған 21 автобус қарсы бағыттағы аялдамаға тоқтамай жүрген қалпы, айналып кетеді екен. «Бәсе», деймін ішімнен «өзгелері екінші, үшінші айналыммен жүріп жаттыр. Менікі неге келмейді?» Астанының сары шұнақ аязына тоңып тұрғанымда әйтеуір 21 автобустың да қарасы көрінді-ау. Әлһамдулиллаһ! Келешекте бұл автобустың іші мешітке асыққан мұсылмандарға толы болатын шығар деп ойладым.

Advertisements

2 thoughts on “«Нұр-Астана» мешітіндегі бесін намаз

  1. Маған бұл мешіттің іші ұнады. Ая Софьяның ғимаратына ұқсас негізі.
    Және мысалы шетелдік әйелдер кіретін болса сыртына киюге арналған ұзын көк жамылғылар арнайы тіктіріп қойған. Біреу міреу кіргісі келсе, сол жамылғыны киіп кіруіне болады.
    Іші өте кең. Сегіз жүз кісілікке арналған шығар. Бірақ әйелдерге арналған бөлме жоқ сияқты болып көрінген еді. Кірдім ішін бір айналып өттім. Бәлкім байқамаған шығармын. Ал суретке келгенде сол кезде тіпті видеоға түсіріп жүргендерді көрген едім. Бұл енді жаз мезгілі еді. Сол кезде үйленіп неке қидыруға келген қанша жас отауларды көріп, таң қалғанмын. Астана құдды бәрі үйленіп жатқандай болып көрінді. Бәлкім сондай сезонға тап болған шығармын 🙂

  2. Рас айтасың. Әйледерге арналған көк жамылғыларды мен де көрдім. Риза болдым. Жалпы мешітке келушілерге барлық жағдай жасалған. Мешіт жанынан әйелдерге медресе ашылған. Қыз балалар сол жерде жатып, білім алады екен. Әлһамдулиллаһ!

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s