Қазақ блогшыларының Қарағандыдағы кездесуі


IMG_1618 (Small)Көптен бері мазалап жүрген жобамды жүзеге асырғаныма қуаныштымын. Әлһамдулиллаһ! Кеше Қарағанды қаласында “Қазақ тілінде блог жүргіздуің қыр-сыры” атты семинар өткіздім.

Қарағандыға бір күн бұрын құптан уақытына қарай келген едім. Астанадан жеті жолаушылық шағын бір көліікке отырдым. Қасыма қарағандылық Асқар есімді дәрігер отырды. Қалта телефонмен сөйлеген сөздерімді тыңдаған болса, керек: “Сөзіңіз біздің жаққа ұқсамайды. Қай жақтансыз?” деп сұрағаны бар. Әңгімелесе келе ол, Астанаға оңтүстіктен көшіп келгендерді “ежик” (кірпі), ал солтүстік өңірлерден келгендерді “отморозки” (суықтан бүрсеңдегендер) дейтінін айтты. Осыны айтып отырып, өзі күліп қояды. Қалжыңдаған түр ғой. Бір есептен өзінің қазақшылдығының деңгейін көрсеткені болар. Қарағандыда бір кездері қазақтардың саны 18 пайызды құрағанын бұл күндері 30 пайыздан сәл асқанын да сол “дәрігердің” аузынан естідім. Оған Аллаһ разы болсын, Қарағандыға жеткен соң, ерінбей мен іздеген мекенге дейін мені “жетектеп” алып келді.  қазақ блогшыларына арналға іс шараны да Қарағандыда өткізбекке ниет еткенімінің де бір есебі осы еді. Себебі Сарыарқа өңіріндегі бірден бір қара шаңырақ саналатын ҚарМУ біліктілігі жоғары мамандарды дайындап шығаратынын жақсы білемін. Қазақ тілді журналистер болғанымен, өз білгендерін қазақ қоғамының (тұтас Қазақстан деп түсініңіз)игілігі үшін жұмсай алмайтынын жақсы білемін. Бәлкім жаңа медия технология арқылы осы олқылықтың орнын жоюға болатын шығары деген үміт еді менікі.

“Азаматтық журналистика” ұйымының мәжіліс залына Мейрамхан апай өзінің жиырмаға жуық студенттерін ерте келді. Барлығы дерлік қыздар. Бұл арқылы мен екі жайтты түйдім. Келешекте азаматтық қоғамдағы матриархаттық көзқарастың доминант болатынын және Қазақстандағы әйелдердің отбасыоы болуы жыл өткен сайын қиындайды. Дұрысын Аллаһ жақсы біледі. 

Семинарға деп дүкеннен шайға азық-түлік алмақ үшін, Кривогуз көшесіндегі “Юма” (атын өте қызық) дүкеніне бардым. Алматыда іздеп таппай жүрген “Үркердің” (халал) кәмпиттерін осы жерден таптым. Қуанғаным ай. Көбірек көтеріп әкетер едім, қалтам көтермеді. Содан семинарыма келсем, қатысушылар келіп қалыпты.

Жиналғандардан тек Әлияның ғана өз блогы бар екен. Барлығының дерлік электронды поштасы болғандығы қуантты. Сондай ақ университеттерінде медиа класс бар екен. Ол жерде интернетке шығу мүмкіндіктері қарастырылған. Бес сағатқа созылған семинарда қатысушалр өздеріне блог ашу, жаңа медия мен ескі медияның айырмашылығын, жаңа медияның азаматтық қоғамдағы маңызын, қазақ блогсоферасының бүгінгі ахуалын, блог кәсіпкерліктің қыр-сырына қанықты. 

IMG_1630 (Small)“Азаматтық журналистиканың” кеңсесінде бір IP ден төрт бес компьютер интернетке қосылғандықтан ба, басында жұрт уордпресстен блог тіркей алмады. Кейін компьютерлерді өшіріп, кезеке кезек тіркеп ашты. Не себепті уордпрестен аша алмағандары маған әлі де түсініксіз. Сол жерде жұмыс істейтін мамандар техникалық тілмен түсіндіруге тырысқанымен, кедергінің негізгі көзі маған әлі де жұмбақ. Бәлкім, уордпресс кэштерінің компьютерде жоқ болғандығынан ба, себебі менің лаптопымнан тез тіркеліп, ашылды.

Блогын ашқандардың семинар туралы жазған Әлия мен Жаннұр жазбалары бар. Қалғандары міндетті түрде бірлесіп жүргізетін ұжымдық блог жүргіземіз деп уәде берді. Айтпақшы, ҚарМУ дың журфагында интернет журналистика деген арнайы пән бар екен. мен үшін бұл үлкен жаңалық болды.

семинарды өткізуде жәрдемдескен қарағандылық әріптестеріме: Мейрамхан апайға, Әлияға, Альбинға үлкен алғысымды білдіремін. Енді Астана қаласының блогшыларымен кездессем деген тәтті бір арманым бар.  

       

12 thoughts on “Қазақ блогшыларының Қарағандыдағы кездесуі

  1. Ер балалар да бар екен. Олар келе алмай қалды. Ал шариғаттың шәлісін жамылған қыздар дін туралы блог бастағымыз келеді деген пікірлерін айтты.

  2. Журналисттер арасында орамалды қыздардың көбейгені өте қуанышты жағдай.
    Ал Асхат ең бастысы көп адамның біреуі тұрақты блоггер болса да Қарағандымен танысарымыз нақ.
    Ал жігіттер жағы аз болғаны тағы да мені ойландырып тастады.
    Заман қайда ағып бара жатыр.

  3. Блогшылар мен болашақ блогшылар 🙂 Арасындағы кейбіреулерінің өз блогтары бар және екеуі өздерінің дипломдық тақырыптарын Блогқа арнаған.

  4. Омарбек ағамыз осындай әдемі қыздарды көрсе комментті сөзсіз жазып кетеді… 😀
    Асхат семинар жасаймын деп осылай анда санда жеңгетай міндетін атқарып қойсаң, кішкене тілге қоса қазақтың санын арттыруға үлесіңді тағы қосар едің дегенім ғой 🙂

  5. Ассалаума алейкум Рахметтулаху уа баракатуху!!! Карағандыға барып, семинар откизгенизге коп рахмет. Аллахым разы болсын. Менің Жаннұр сіңілім сізді аузынан тастамай айтады. Журналистика жолында оған жақсы ұстаз болады деп ойлаймын, Иншааллах. Аллах ісіңізге сәттілік берсін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s