Астана көшелерінің кереметтері


IMG_1610 (Small) Жолдорбамды қамдап, бір күннің ішінде Астанаға қарай тарттым. «Атамекен-Асар» Қоғамдық бірлестігінен Жаңагүл Жайнагүл (жөндеген Бақытнұрға рахмет) хабарласып, «Блогтың азаматтық қоғамдағы орны» деген тақырыпта семинар өткізуге ұсыныс білдірген болатын. Оның үстіне Ригаға баратын визамды рәсімдеу үшін де елшілікке соғуым қажет. Астанада сонымен қатар Қанат досым тұрады.

Астанаға пойызбен таңертең таңғы жетіге қарай келдім. Купейный вогон болды. Қасымдағы екі әскери жігіттің бір бөтелке арақты бөлісіп ішпегенін айтпағанда жақсы жеттім.

Қанат таңертең вокзалдан күтіп алды. Астананың аязы сәл бетті шымшып, мұрныңды тістейді. Бірақ Алматыдағыдай суық емес болып көрінді. Жатақханада келіншегі екеуі тұрады екен. Таңғы шәйді ішіп, Жайнагүлге хабарластым. Сөйтсем, Астана қаласының ішкі саясат департаментінің адамы ауысып, белгілеген шара келесі күнге қалдырылды. Қайтып Қанатқа бардым, Латвия елшілігіне хабарластым. Олар виза үшін чек сатып алу керектігін айтты.

Астанаға соңғы рет екі жыл бұрын келген едім. Қала біршама өсіп, өзгеріпті. Әсіресе, автобус ішінде Назарбаевтың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзді жазып қойғандары қызық көрінді. Әсемгүл группаласым, Аграрныйдың ректоратында жұмыс істейді. Кейін оның да бөлмесінен сол табақтай хабарландыруды көрдім. Қазақ қазақпен қазақша сөйлеспегенде енді қай тілде сөйлесулері керек екен деп ойлайсың… Сөйтсең, ана тілімді тұншылықтырып бара жатқан орыс тілі бар екен ғой. Астанада орыс тілінің үстемдігі қатты сезіледі екен. Бұны әсіресе елшілікке (Латвия елшілігі суреттегі биік ғимараттың он екінші қабатында орналасқан) барғанда байқадым. Менің мемлекеттік тілдегі құжаттарымды қабылдамады. Нотариуске барып, аударып кел деп қайтарып жіберді. Қорланғаным-ай. Ел болып әупірімдеп, іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірдік деп шулап жүргенімізде, қазақ жеріндегі шетел елшіліктері мемлекеттік тілдеріңді түсінбейміз деп, шетелге шығуға қажет құжаттарды орыс тілінде болуын талап етуде. Сонда мемлекеттік тілдегі құжаттарды орыс тіліне аударып, тапсыруға мәжбүрсің. Біржолата неге ағылшын тілінде сұратпайды екен деп те ойлайсың. Бірақ амал қанша? Олар үшін орыс тілі шет тілі ғой. Көнуге тура келді…

Елшілікке одан соң, визаға деп алуым қажет чекті алу үшін біраз сарсаңға түстім. Автобустарда Алматыдағыдай: «Оптовка, Барахолка, прямо по Ташкентской, Саяхат» деп айғайлап тұрмайды екен. Сұрамасаң айтпайды. Жаяу-ақ баратын жере автобуспен барған кездерім көп болды. Автобупен жүріп мынадай қызықтарды байқадым:

  1. Астанада Абай мен Сейфуллин көшелері қиылыспайды екен
  2. Банк атында аялдамадар бар. Мәселен, Народный банк, АТФ банк, Казком т.б.
  3. Цветы деген жерлерде Гулдер жеген аударма жоқ
  4. Автобустың контроллерлері қазақша сөйлейді
  5. Пробкалардың ең көбі он минут болды
  6. Кішкентай автобустар жылдам барады, бағасы 45 теңге. Үлкендері 40 теңге
  7. Ең танымал көшелердің бірі Республика көшесі. Интернет, ақша айырбастау нүктелері бар
  8. Кенесары көшесімен тік жүре берсең, Қарағандыға, одан әрі қарай Алматыға жетесің.
  9. Автобус ішінде жасы кішінің үлкен адамға орын беруі дегенді байқамадым. Үлкендер де жастарға орын бер деп талап етпейді. Бос орын жоқ болса, түрегеп тұра береді.
  10. Аялдамалардың көпшілігі қазақша аталып, хабарланады.
Advertisements

7 thoughts on “Астана көшелерінің кереметтері

  1. Atameken-asar.kz emes, atameken-asar.com goi… Janagul emes Jainagul apai 🙂

    автобус ішінде Назарбаевтың «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзді жазып қойғандары қызық көрінді. 😀

  2. Маған берген барлық қағаздарында Жанагүл деп жазылған соң, солай ойлап жүргенмін ғой. Негізі есімін де тура айтпай «апай» деп жүрген соң, нақты есіміне мән бермеппін. Рахмет, Бәке!

  3. Енді Астана солай ғой.
    Енді Қазақшаланғанға да шүкіршілік етеміз.
    Астана қаласы мұнайдың ақшасымен тез көтерілуде.

  4. Иә, Рауан, әзірге салыстыруға келмейді. Бірақ қала осы қарқынмен дамитын болса, екі-үш жылдың ішінде Алматыдан әлдеқайда дамып кететін түрі бар. Аллаһым сол күнді Сіз бен бізге көруге жазсын! 🙂

  5. Salem Ashat. Astanada internet tapshy shygar Almatyga karaganda.
    Tagy Samaldagy internet-kafe gana jaksy.
    Men bir jerde memlekettik kyzmetker ozinin jumys ustelinin ustine menimen tek kazaksha soilesudi otinemin dep jazu koiganyn korgem.
    Senin kozine Gulder degen jazu da tusipti goi. Men algash Astanaga kelgende kai jakka karasan da Цветы Гүлдер Цветы Гүлдер dep gul satatyn dungershekterti kozime tusip edi.

    Ashat senin jumystaryn jemisti jenisti bolsyn. Sagan kop rahmet.

    Osyny kosyp koiyan.

    Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жаңа тағайындау орын алды. 29 января 2008
    Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Арын Амангелдіұлы Орсариев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
    Арын Амангелдіұлы Орсариев бұл тағайындаудан бұрын Астана қаласының Ішкі саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.

  6. Жайнагүл, көп рахмет!
    Осы кісінің ауысып келуінен екен ғой, семинардың бір күнге кешігіп өткендігі 🙂
    Үкіметтік емес ұйымдарға деген көзқарасы дұрыс азамат болар деп сенемін.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s