Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры


qb-small.jpgИнтернетті де қазақ тіліне бағындыруға болады. Ол үшін программист немесе журналист болу шарт емес. Қазақ жастары қазірдің өзінде жаңа медия технологиялар арқылы қазақ тілінде блог ашып, интернет арқылы ақша табуға көшті.

25-қаңтар, Жұма күні, Қарағанды қаласы, Кривогуза к-сі, 5 (5-қабат) «БАҚ-қа құқықтық жәрдем беру орталығы» ұйымының кеңсесінде Блогқа, Интернетке байланысты «Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры» деген тақырыпта «neweurasia.net» Орталық Азия блогтар жүйесінің қазақ бөлімінің үйлестірушісі бір күндік арнайы семинар өткізеді.

Семинарда қазақ журналистеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жалпы интернеттің қазақ тілді бөлігіне қызығушылық танытқан жандарға қазақ тілінде блог (жеке сайт) жүргізудің жолдары көрсетілмек.

Жеке блог ашып, интернеттің қоғамға тигізер әсері жөнінде мағлұматтармен бөліскің келсе, блог, азаматтық журналистика, интернет деген сөздер қызығушылық тудырса, өз өтінішіңді askhat [at] neweurasia [nukte] net э-поштасына жолда. Өтініш хатта бұл семинарға не себепті қатысқың келетініңді баяндасаң жеткілікті.

Advertisements

6 thoughts on “Қазақ тілінде блог жүргізудің қыр-сыры

  1. Асхат қазақша мақалаң менде дұрыс көрінбеуде, квадрат квадрат болып кеткен. мысалы і, ә, қ, ұ, оқылмай тұр. Бәлкім Тахома шрифіне салып қайта жазсаң.

  2. Ойлаған мақсаттарың сәтті өтсін, блоггерлер саны көбейіп ендігіде Қарағанды жастарын көріп танысып, аралас құралас, қоян қолтық болайық болашақта.
    Асхат ШАРШАМА ЕШҚАШАН!

  3. Әссәләму ъалейкум Асхат, осыдан 2-3 ай бұрын Мәссаған.ком-дағы сілтемелер арқылы өзіңнің осы блогыңа тап болғаным ойға оралып түсіп отыр. Қазір толық есімде жоқ, «Құран оқу» жөнінде бір мәліметтер жазған болатынсың. Шынымды айтсам, одан алдын «блог» деген нәрсені естіп көрмеген екем. Әлемтордан жеке парақ ашуға болады екен ғой – деп қана түйген едім сол кезде. Енді міне, сол ниетім біртіндеп жүзеге асуда. Алла разы болсын саған, Асхат. Бір-екі діни блогтарды айтқан едің сол кезде. Бәріне де кіріп көрдім. Керек мәліметімді алдым. Қазір Алланың қалауы болып, Аршат бауырымның жәрдемімен Солай.де сайтының жанынан http://www.iman.solai.de/ деген блог аштым. Қажет болады-ау деген мәліметтерді тіркеп жатырмын. Ізгі іске себепші болғаның үшін тағы да рахметімді айтамын!

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s