Жұлдыз Әбділдә: “Қазақ зиялыларына қапамын”


123.jpgҚазақ журналистикасында ірі-ірі кадрлық өзгерістер болып жатыр. Әуелі “Жас Қазақ” газетінің орынбасары Жанарбек Әшімжан бірнеше қазақ газеттерінің басын қосатын бір ұйымға басшылыққа кетті. Енді “Жас Алашта” табан аудармастан жеті жыл еңбек еткен Жұлдыз Әбділдә өз еркімен қызметтен кетті. “Қазақстан” телеарнасының басшылығы ауысып, “Алтын Орда” газетінде де басшы ауысты. Қателеспесем, биылғы жылы қазақ тілінде бірнеше басылымдар дүниеге келмекші. Бұл жайттың барлығы қазақ журналистикасына қалай әсер етер екен деген ой мазалайды. Сөзсіз өткен жылдармен салыстырғанда ілгерілеулер бар. Қазіргі ел аузында жүрген басылымдар қатарында:

  1. Жас қазақ (Жас алаш өз позициясын бұдан екі-үш жыл бұрын беріп алды) – сараптамалық
  2. Айқын – ақпараттық
  3. Ана тілі – ведомстволық

айтар едім. Еліміздегі ірі-ірі компанияларға тиесілі басылымдар бұқараға жақындап келе жатыр. Ал белгілі бір саяси топтың мүддесіне жұмыс істейтін газеттердің қызметін орыс тілді басылымдар атқаруда. Осылайша, Қазақстандағы қазақ және орыс тіліндегі басылымдар қоғамда атқаратын функцияларын бөліп алғаны аңғарылады. Менің айтпағым, “Жаңаеуразия” блогында Жұлдыз “Қазақ зиялыларын қапамын” атты жазбасын жариялаған екен. Сол жазбадан оның ішкі күйінішін, бүгінгі қоғамға деген аз-кем өкпесін білуге болады.

P.S. Қазақ журналистикасына жаңа бір леп келе жатқан тәрізді!

8 thoughts on “Жұлдыз Әбділдә: “Қазақ зиялыларына қапамын”

  1. Жаңа бір леп деп отырғаным, жаңаша, батыл ойлап, пікірлерін именбей айтатындар келе жатқан сыңайлы дегенім ғой. Жаңа медия технология да журналистиканың қоғамдағы беделін арттыруға өз үлесін қосатын тәрізді 🙂

  2. Негізі өзің тәрізді іштегі қыж-қыж қайнаған пікірін тасқа қайрап-қайрап, ұшып-қонып жүрген салмақсыз ойларды жалп еткізетін “форумшылар” жаңа лепті бастап келеді емес пе 🙂 Сен форумдардағы пікір айтудың өзіндік стилін қалыптастырған санаулы блогшылардың бірісің. Сондықтан есіміңді қазақ интернетінде енді-енді бүр жарып келе жатқан “азаматтық журналистиканың” көрнекті өкілдерінің қатарына қосуға болады. Солай емес пе, достар?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s