Жер сілкінісін сезбей қалған


Соңғы жылдары Алматыда жер сілкінісі жиілеп кетті. Өткен түндегі жер сілкінісі өте қатты болды. Түн ішінде оянып кеттім. Кәлимамды айтып, өз-өзіме әзер келдім. Бұрынғы сілкіністерден бұлай қатты үрейленбеген едім…

Достарым ұйықтап жатыр екен. Жалғыз мен ояныппын. «Оятсам ба, оятпасам ба деген ой сау ете қалды. Содан: «Бәрібір қашып үлгермеспіз. Мерт болсақ, ұйқы үстінде болғаны дұрысырақ болар ма…» деген тәрізді ойлар бірінен соң бірі келіп жатты. Мұндай сәттерде адам шапшаң ойлап, көп нәрсенің басын қайырып үлгеретіні бар ғой.

Бұл апаттан ешкім де сақтанбаған. Аллаһтың өзі ұйқыда жатқан иманды түртіп оятып жатыр ма екен деп ойлап қаламын кейде…

Күні кеше тағы да жер сілкінісі болды. Қырғызстан, Өзбекстан және Ферғана шатқалындағы шекарада болған жер дүмпуін Шымкенттіктер сезбей қалғанын жазуда:

Жаңа жылдың бірінші күнінде Шымкентте 2-3 балдық жер сілкінісі байқалды.

«Екі балдық жер сілкінісі 00.27сағатта, ал екінші 3 балдық жер дүмпүі 14.00 тіркелді», «… адамдар тіпті оны сезбей қалған»

.

Advertisements

3 thoughts on “Жер сілкінісін сезбей қалған

  1. Зілзала болам десе, оған тырп етіп те үлгермейсің ғой. Алам десе жұта салады. Шымқалада отыз бірінен біріне қараған күні болыпты, оны расында да тұрғындардың көпшілігі сезбеді.

    Ол да бір сигнал шығар…

  2. мен таңертең тұрып ап түс көрдім екен деп ойлдым.шынымен қатты болдыю
    Кеше ғой Нэйшнал географиктен бір фильм көрсетті «Seconds from Disaster»-дің бір сериясы, Пәкістандағы жер сілкінісі туралы болды. Сонда жақын арада салынған 11 этажды үйлер құлады. 7 үйдің 2 -і құлады, сондағы бір отбасының анасы мен апасы сыртқа шыға берісте тесікке түсіп, ең астында қалады. 3 па 4 күннен кейін бірақ шығарып алады. Сонда 54 жастағы әйелдің қызы немересін алып сыртқа шығып үлгереді. сонда ана әйел дұға етеді и Алла егер де менің балалырым өлген болса мен де өлейін, егер де тірі болса маған көмектесші деп…
    Ай бізде ондай сілкініс болса қазір салынып жатқан үйлерден дым да қалмас. Сосын плиталардың айрылысқан жерлерінде де үй салынып жатыр ғой, жарты Алматы күл-талқан болар:(

  3. Аман қалғанымызға шүкіршілік айтайық.
    Кейд бір сұмдық ой келеді. Аллаһ өзі кешірсін! Осы сілкіністерді өзара бәскелес құрылыс компаниялары үй нарқының бағасына әсер ету үшін қолдан тудырып жатқан жоқ па екен деп. Қалай десек те, жер сілкінісінің жиілеуі үй бағасына да әсер етпей қоймайды, меніңше…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s