Нигерия футболшысының Алматыда басынан кешкендері


Менің үйіме Нигериядан футболист қонаққа келді десем, біреу сенер, біреу сенбес. Шынымды айтсам, өзім де илана алмай отырмын. Бірақ мұсылман болған соң, көмектесуіміз қажет деп шештік.

Бізбен бірге тұратын бауырымыз Х оны Дүйсенбі күні мешітте жолықтырыпты. Дубайдан Ыстамбұлға одан Алматыдан Молдоваға кетіп бара жатқан екен. Дубайда Молдовалық бір азаматпен кездесіп, ол кісі оны Молдованың бір футбол клубына шақырса керек. Содан бұл оған ақшасын аударып, билетін алып келсе, ондай клуб Молдовада жоқ екен. Алданып қалғанын сол кезде түсініпті. Одан Алматыда жүргенде қалта телефоны мен ақшасын ұрлатып алыпты. Барар жер, басар тауы қалмаған соң, мешітке келген екен. Сол жерден Х досымыз оны жолықтырыпты. Ағылшынша аз-маз түсініскен соң, жағдайды мешіт имамына айтып түсіндіреді. Имам оған барынша көмектесуде. Жататын жері болмаған соң, мешіт ішіндегі бауырларымыз оны қонақ қылыпты. Осылайша кеше біздікінде қонақтап кетті.

Кеше бұл жігіттің Қазақстанға бұдан бұрын да келгені анықталды. Суретін әзір жариялай алмаймын. Себебі Нигерияға (Лагосқа) кеткен соң, жариялаймын деп уәде беріп қойып едім. Нигериядан футболистер қазақ даласына жұмыс іздеп келеді деп кім ойлаған… Өзіміз де жұмыссыз жүргенде…

11 thoughts on “Нигерия футболшысының Алматыда басынан кешкендері

  1. Әлі еліне қайтқан жоқ. Шамасы Қазақстанда қалғысы келетін тәрізді. Егер шынымен де еліне қайтқысы келсе, интернет арқылы немесе телефон арқылы үйіне хабарласып, ақша немесе ұшаққа билет сұратар еді ғой д.о.

  2. Мүмкін оған сендердің үйлеріңде ұнап қалған шығар 🙂
    Өткенде Аршат деген футболдан аздап хабары бар бір бала айтып еді, бізге африкандық доптебермендерді тарту керек деп… Олар ұзақ ойынға жақсы шыдас береді, төзімді…

    Жираф етін сағынып жатса, арнайы тапсырыспен соғым алдыртуға болады… Несі бар…

  3. Кеше досым оны арбатта кездестіріпті. Өзінің жерлестерін жолықтырғанға ұқсайды. Енді Алматыда қыстайтын шығар. Түбі өзіміздің футбол алаңымыздан да көріп қалсақ, таңғалмас едім. Қайсарлығы мен табандылығы кісі қызығарлықтай…

  4. аа бәсе неге екі тілде жазған деп ұқпай отырмаймын ба:)
    аа айтпақшы біздің аулада тұрады нигериялықтар, ҚЗда не істеп жүргендерін білмейд екенмін

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s