Айт күні не істеу керек?


Жақсылап ғұсыл құйынғаннан (денені толықтай жуу) кейін әдемі, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына бару – мұстахаб (жақсы амалдарға жатады).

Айт намазын оқығаннан кейін құрбан шалу міндеттелген жандар құрбандықтарын шалып, тиісті адамдарға таратады.

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады.

Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – мұстахаб. Бір бөлігі – туыс-туған, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж адамдарға, білім жолындағыларға, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі. Бірақ шалынған малды түгелдей кедей және мұқтаждарға таратуға болатыны сияқты, түгелдей өзінің отбасына да қалдыра алады.

Айт күні мұсылмандар көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырыстап, «айт құттты болсын» айтысады.

Айт күндері мейлінше көтеріңкі көңіл-күйде, жылы жүзді, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, Айтта бір-бірін кешіріскен жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін сұрап, арнайы бас сұғу, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, көмектесе алса көмектесу, оларға да айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерге жатады.

Бұған қоса әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң, жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сыяпат жасап айт мейрамын ерекше өткізуге де болады. Айтта осындай амалдарды жасау қоғамдағы адамдардың бір-біріне деген жылылықтары мен сыйласымдықтарын барынша арттырады.

«Құрбан айт» кітапшасы,
Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы
Алматы орталық мешіті

6 thoughts on “Айт күні не істеу керек?

  1. Міне, Құрбан Айттың да исі мүңкіп жатыр екен ауылыңда, Асхатжан. Құп екен. Келтірілген мәліметтер де орынды д.о.

    Құрбан айтымыз мүбарак болсын баршамызға! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болғай!

  2. Мен үшін ең ұлық мейрамдардың бірі осы Құрбан айт! Шыршаны айналып, оған құлшылық қылатын Жаңа жыл мейрамын ұнатпаймын. Жаңа жыл десе, арақтың сасық иісі мұрныма келеді…

  3. Жаңа жыл да сіңісіп кетті дегенмен, қанша жерден кескілесек те… Көптеген қазақстандықтардың ол да күтетін мейрамы сияқты… Біреудің мұрнына арақтың сасық исі келсе, біреуше мандарин дегендей, ійя…🙂 Жай ғана әзіл, Асеке😉

  4. Рахмет. Әлдебір сөздеріммен мерекелік дастархандарыңызға көлеңкем түсіп кетсе, кешірім сұраймын.

  5. Жоға, кешірім сұрап не керек, сен өз позицияңды ғана білдірдің емес пе, Асеке!🙂
    Біздің үйдегілер ЖЖды тойлауды ұнатады, көппен бірге. Бірақ шарап атаулының болуы міндетте емес деп білемін. Біз де сасықсудың атын естісек, төбе шашымыз тік тұрады🙂 Ал кейбіріміз соны ішіп, дастарханға бата беріп жататынымыз тағы бар… “Құдай өзі кешірсін” деп алып кеп жіберетіндерді айтпай-ақ қояйын, иә?

    Былтырғы Құрбан айт мерекелеуіміз қызық боп еді🙂 Отыз біріне тұспа-тұс кеп еді ғой… Әзидолла, Асылбек, Әділет, Мұраттар, Ермек бар… Ерік сосын…

    Биыл өкінішке орай үйде де, достарымның да қасында бола алмайын деп тұрмын… Қайтесің..

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s