Мұсылман сәні: шариғат шымылдығының ар жағы


Дәстүрлі ислам мұсылман келіншектерге сұлулығын сұқ көзден жасыру үшін, шариғат шәлісін тағуды міндеттейді. Мұсылмандардың қарапайымдылығы тек киімдерінен ғана емес, мінездерінен де көрінеді. «Қарапайымдылық дегеніміздің өзі – әдемілік» десек, сол қарапайымдылық, яғни мұсылман сәні әлемде үлкен қызығушылық тудыруда.

«Мұсылман сәні» деген сөзді бұл күнде сәнқойлардың аузынан жиі естуге болады. Ал орамалдар мен басты жауып тұратын орамал тәрізді шүберектер жастар киімдерінен өзіне тән лайықты орнын табуда. Адамзат жалаңаштанудан шаршағанға ұқсайды. Себебі, ұзын көйлектердің етегі бақайшаққа дейін ұзарды. Денені тұтас жауып тұратын көйлектер мен тік жағалы блузкалар, бас жабуға арналған капюшондар сәнге енді.

Жалпы алғанда, Исламда «сән» деген арнайы бір ұғым жоқ. Аллаһ жаратқан дүниенің бәрі – сұлу, әдемі. Сол себепті мұсылман келіншектер бұл маусымда не киетінін ойлап, бас ауыртпайды. Десек те, әртүрлі мұсылман елдерінде өз дәстүрлеріне сай икемделіп киінетіндер жоқ емес.

Мұсылман әйелдердің «хиджаб» киюін дұрыс түсінбей, қоғамда бұны арабтың дәстүрлі киімі деп санайтындар бар. Асылында, ол бұлай емес. Махмұд Хамди Зиқзақ бұл турасында өзінің «Исламды қаралауға қарсы жауап» кітабында былай деп жазады: «Ислам әйелдің хиджаб киюін ұсыну арқылы оларға ер адамдардың сұқтанбауын, киім кию мен жалпы сырт пішінінде жарасымдылық туғызу талабын ғана қояды. Бұл жағдайда хиджаб қимыл-қозғалысқа кедергі болатын бұғау емес. Керісінше, бұл – әйелдің қорғанышы мен сақтығы. Хиджаб жамылу дегеніміз – бетті жауып, қолға биялай кию емес. Хиджаб жамылу ислам дініндегі тәрізді, христиан дінінде де ізгілік болып есептеледі. Бұған дәлел – монах әйелдердің киетін киімі. Ол әйел адамның бет пен қолдың білезікке дейінгі жерінен басқа бүкіл денесін және шашын жауып тұрады. Евангелиенің өзі де мінәжат еткенде, әйел адамның шашын жабуын талап етеді. Рим папасы әйел адамды қабылдағанда, ол, мейлі, президенттің жұбайы немесе басқа бір белгілі қайраткер болсын, әйел кісі міндетті түрде шашын жабады.

Еуропалық әйел ХХ ғасырдың басына дейін шашын жауып, ұзын көйлек киген. Сонда да оған ешкім кінә артпаған. Алайда Батыстағы сән дамып, әрдайым өзгеріп, қазіргі замандағы ешбір ереже мен шектеуді білмейтін дәрежеге жетті. Мұның өзі де уақыт өте келе, сән үйлерінің шешімдеріне сай өзгеріске түсуі ықтимал».

Сонымен хиджаб дегеніміз белгілі бір ұлттың немесе дәстүрдің белгісі емес. Ол ешқандай да әлеуметтік немесе саяси мәртебеге байланысты емес. Бар болғаны – діни айқындауыш. Заманымыздың асқаралы жазушы Мұхтар Әуезов өз шығармаларында хиджабты шариғат шәлісі деп суреттеген жерлерін де кездестіреміз. Шәліні орау, кию түрлері тұратын елге байланысты өзгере беруі мүмкін. Мәселен, Францияда көйлекке сай келіп, басына әдемі үшбұрыш орамал салатындар бар.

Advertisements

6 thoughts on “Мұсылман сәні: шариғат шымылдығының ар жағы

  1. Шынымен де, коп адамдар хиджабты арабтардын улттык киiмi деп санайды. Ал хиджаб киген казак кыздарынын кобiсi хиджаб кимегендерден ерекшеленiп турады,…сонда хиджаб имандылыктын белгiсi ме?…имандылык журекте.-осындай ангiмелердi бiздiн университетте жиi естуге болады. Акыры «аркiм озi ушiн жауап бередi» деген токтамга келемiз.

  2. Арсенал, пікіріңізге көп рахмет. Алматыда да бұрын сондай әңгімелер көп айталатын. Қазір ислам туралы мәлемет кең тарала бастаған соң, халық түсіне бастағанға ұқсайды. Құндылықтардың өзгергені сонша, ер балалар шашын өсіріп, құлағына сырға тақса, қыз балалар қысқа көйлек киюі қалыпты жайт ретінде қабылдана бастады.

  3. Сәлем, Қуаныш Негізі хиджап тағатын қыздармен сөйлескенде олардың кейбіреулері: «Қазақтың дәстүірінен хабар беретін шариғатқа лайықтап тігілген киім киіп шығайық десек, жұрт бізді бір әнші немесе әртіс деп қабылдайды. Сондай ақ әзірге қазақтың ою өрнегі бар хиджаптар әлі жаппай сатылымда жоқ. Түркиядан, Саудиядан келген дайын хиджаптарды киеміз. Жұрттың бізді араб немесе түрік деп ойлайтыны сондықтан» дегені бар еді.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s