Араб дәстүріндегі киімнің қажеті жоқ


(жалғасы)

Үйге, жұмысқа, салтанатты жиналысқа арналған хиджаб, т.с.с. Түркиядағы мұсылмандар киімінің ең танымал модельер-дизайнерлерінің бірі – Йылдырым Майрук өз коллекцияларын Нью-Йорк, Париж және Лондонның әйгілі дефилелерінде көрсетуде.
Майрук шариғат заңдарын сақтап, ашық қызыл және ашық сары түсті маталарды қолданбайды. Дизайнер көбіне тоқыма маталарды пайдаланады.
Себебі, ол денені тұтастай жауып, төгіліп тұрады. «Көйлектің белін қынап, фигураны көрсетпейміз. Керісінше, бес сантиметр жоғары алып тігемін. Тігіс барынша қарапайым болуы керек. Әртүрлі оюлар көйлекке көрік береді. «Алтын жалатылған жіп пен бағалы тастармен өрнектегенді жақсы көремін. Бұл ескі осман костюмдеріне ұқсатады», – дейді Йылдырым.
Америкалық Гуиндолин Дауан 1973 жылы ислам дінін қабылдағанда, ұзын көйлек киіп, түйілген шашын орамалдың астында жасырып жүретін. Ал бүгінде ол – заманауи сән көшінде өзіне лайық орын алған мұсылман модельер. «Іскер мұсылман әйелдерден тапсырыстар көптеп түседі», – дейді Дауан интернет басылымға берген сұхбаттарында. Мұсылман әйелдердің қоғамдағы белсенділігі артқан сайын, мұсылман сән әлемі де дамып, толысып отыр.
Ал ресейлік суретші-стилист Әмина Екатерина Василийқызы 2004 жылы мұсылманшылықты қабылдады. Ол:

«Біздерге араб дәстүріндегі киімдерді киюдің қажеті жоқ. Өзіміздің орыс дәстүріне сай ислам шариғатына қарсы келмейтін сәнді киімдер тігуге болады»,

– деп санайды. Әминаның Новосібірде өзінің Amina Fasion Studio атты шеберханасы бар.
Ең бастысы, киім тек қана жұмыс, оқу және т.б. жағдайларға ғана емес, намаз оқығанға да ыңғайлы болуы керек. Мен табиғи маталарды: жазда – кенеп, мақта, вискоза, ал қыста – жүн, тоқыма маталарды пайдаланамын. Маған Ресейде тұратын халықтардың ұлттық киімдері өте ұнайды. Сондықтан да қалалық жерде ұлттық киімімен жүргісі келетін мұсылмандарға арнап, тапсырыспен киім тігемін. Бүгінгі әдемі-әдемі көйлектердің тігісін сәл өзгертіп шариғатқа лайықтауға да болады.
Мұсылман модельерлер:

«Ислам әлеміндегі киім сәнінің барлық стиліндегі айырмашылықтарды тізіп шығу мүмкін емес»,

– дейді. Күнделікті қимыл қозғалысы көп әйелдер спорт стилін ұнатса, базбіреулер іскерлік-классикалық киім таңдайды. Мұсылман сән әлеміндегі соңғы жаңалық – суға түсуге арналған мұсылман көйлектері. Осы уақытқа дейін діндар әйелдер денелерін көпшілік алдында жалаңаштаудан қашып, жағажайды айналып өтетін. Алайда Түркияда соңғы жылдар ішінде «мұсылмандарға арналған» жағажайлардың саны өсуде. Мұсылмандарға арналған жағажай киімі барлық денесін жауып тұратын киім, бас киім мен жамылғыдан тұрады. Өткен жылдың ішінде ғана, осындай 25 мың костюм сатылыпты. Түркияның Сыртқы істер министрінің келіншегі Хайрунисту Гюль ханым да өзіне осындай бір костюм сатып алғанынан хабардармыз.
Әдемілкке деген құштарлық адам бойында қашаннан бар. Әлемдегі ислам сән әлемінің кең қанат жайып келе жатқаны – исламның күн өткен сайын күнделікті өмірде қиындық тудырмайтын жеңіл дін екендігін, күллі адамзатқа түскенін тағы бір дәлелдейді.

6 thoughts on “Араб дәстүріндегі киімнің қажеті жоқ

  1. Маған әдемі дизайнымен тігілген киімдер ұнайды, егер пайғамбарымыз мына қазіргі заманда келсе костюм шалбар киіп жүрер еді. Өйткені әр дәуірдің өзіндік стилдерімен өзгеріп отырады. Егер жабық әрі әдемі болса тартымды да баурап аларына сөз жоқ.

  2. Түптеп келгенде мәселе киімде емес, адамның жүрегінде ғой. Ал әдемі киіну әрине жақсы. Жұлым-жұлым, алба-жұлба киінген мұсылманның уағызын бұл күнде ешкім тыңдамайды да…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s