Украин тілін, тарихын, ділін сақтап қалу үшін


Еліміздегі бір журнал аталған мақаланы аударып беруімді өтінген еді. Сұхбатты оқып отырып, украинадағы ұлттық саясаттың бастау негізі қайда жатқанын түсіндім. Түсіндім де, Катерина Ющенконың өмірі өзгелерге де ой салар деген оймен ықшамдалған нұсқасын жариялағанды жөн көрдім:

Катерина Ющенко – Украина Президентінің жұбайы, «Украина 3000» қайырымдылық қорының басшысы:

– Мен америкадағы украин эмигрантардың отбасында тәрбиелендім. Бөтен елде әпкем екеумізге жақсы тәрбие, озық білім беру оңай болмады. Әке-шешеміз біздерді еңбексүйгіштікке баулып, «Америка өз қабілеттеріңді танытып, білікті маман атанып жақсы жұмыс табуға мүмкіндік беретін ел екенін» ерте бастан түсіндірді. Әке-шешем өте қарапайым жандар. Әкем – электрик, анам үй шаруасында болғанына қарамастан маған сапалы білім беруге барлық жағдайды жасады. Әке-шешеме оқуымның ақшасын төлеуге жәрдемдесу үшін 15 жасымнан даяшы, бала күтуші болып жұмыс істедім.

– Өзге елдің тарихына бергісіз қызық та, маңызды өзгерістерді бастан кешіп жатқан Украина тәрізді елдің президентінің әйелі болу – мәртебе болумен қатар, үлкен жауапкершілік жүктейді. Менің басты міндетім – жолдасыма көмектесу, оның әрбір бастамасына қолдаушы бола білу. Жұмыстарымның көп бөлігін Украинаны шетелде таныстыру, әрі елімізге келген қонақтарды күтіп алу құрайды.

Сонымен қатар медицина, мәдениет, білім саласындағы өткір мәселелерді шешіп, адамдардың өмірін жақсартуға себепші бола алатын жұмыстар да атқара алатын мүмкіндігім бар деп ойлаймын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, пайдалы істер атқаруға тырысамын. Бұл істерді қуана-қуана орындаймын және балаларымды да осы бағытта тәрбиелеудемін.

Маған «бірінші ханым» деген сөз тіркесі ұнаңқырамайды. Ол америка тәжірибесінен алынған. Ал Украинада екінші деңгейлі әйелдер жоқ деп ойлаймын. Сондықтан «Президенттің жары» деген жөн.

– Президенттің әйелі болу оңай ма?

– Президент әйелі болу үлкен мәртебе болғанымен, оңай емес. Украинадағы, Қазақстандағы көптеген әйелдер тәрізді мен де аналық міндеттерім мен жұмысымды үйлестіре атқарамын. Жұмыс істеп жүрген аналар мені түсінер деп ойлаймын. Ресми кездесулерде жұбайымның қасындамын. Өзім басшылық ететін «Украина 3000» қорының жұмыстарымен де іссапарға көп шығамын.

– Бағыңыздың ашылуына не түрткі болды? Жақсы білім бе әлде туа бітті көшбасшылық қасиеттеріңіз бе?

– Мен америкадағы украин эмигрантардың отбасында тәрбиелендім. Бөтен елде әпкем екеумізге жақсы тәрбие, озық білім беру оңай болмады. Әке-шешеміз біздерді еңбексүйгіштікке баулып, «Америка өз қабілеттеріңді танытып, білікті маман атанып жақсы жұмыс табуға мүмкіндік беретін ел екенін» ерте бастан түсіндірді. Әке-шешем өте қарапайым жандар. Әкем – электрик, анам үй шаруасында болғанына қарамастан маған сапалы білім беруге барлық жағдайды жасады. Әке-шешеме оқуымның ақшасын төлеуге жәрдемдесу үшін 15 жасымнан даяшы, бала күтуші болып жұмыс істедім.

Көшбасшылық қабілетім украина диаспорасының жұмыстарын белсенді атқарудан ашылды. Украинаның тәуелсіздігі, оның көркейіп дамуы, украин тілін, тарихын, ділін сақтап қалу біздің жұмысымызда маңызды мақсаттарымыз еді. Осы үшін украин шіркеулері, мәдени орталықтар, сенбілік мектептер, жастар ұйымдары құрылды және бұның барлығы мемлекеттің қолдауынсыз украина диаспорасы мүшелерінің демеушілігімен жұмыс істеді.

– Сіздің мамандығыңыз қандай?

– Сөз басында айтып өткенімдей АҚШ-та білім алдым. 1982 жылы Джорджтаун Университетінің дипломатиялық қатынастар факультетін үздік бағаға тәмамдап, халықаралық экономика бакалавры дипломын иелендім. 1985 жылы Гарвард университеті жанындағы Украинаның жазғы студиясын аяқтадым. 1986 жылы Чикаго университетінің «Түсімсіз қоғамдық жобаларды басқару» және «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша бизнес-әкімшілік магистрі атандым.

– Өзіңіз басқаратын қайырымдылық қордың мақсаты туралы әңгімелеп беріңізші?

– Біздің қорымыз «Украина 3000» деп аталады. Оны 2001 жылдың басында менің күйеуім құрды. Атаудың өзінде үшінші мыңжылдықтың көрініс табуынан біздердің өткенді сараптап, болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін бүгіннен бастап әрекет ететініміз көрініп тұр. Біз ұмытыла бастаған қайырымдылық дәстүрін жаңғыртып қана қоймай, бұл іске көптеген компаниялар мен ұйымдарды, қарапайым адамдарды жұмылдырғымыз келеді.

Әріптестерімізбен бірге біз украиндықтардың тамыры тереңде жатқан ата-баба тарихы мен дәстүрін, бұрынғы өткен рухани мұрасын мақтан тұтып, өз күшіне деген сенімдерінің оянғанын қалаймыз.

– Қандай да бір сүйікті ісіңіз бар ма?

– Мен украин өнері мен тұрмысына қатысты бұйымдарды жинағанды қатты жақсы көремін. Ана мен бала бейнесі бар живопистерді коллекциялаймын. Сондай ақ бөлме дизайны мен архитектарусын жасаумен шұғылданамын. Әртүрлі халықтардың тағамдарын пісіріп, қонақасы бергенді жақсы көремін. Алайда ең басты басымдық ол менің отбасым. Жұмыс кестем тығыз болып, көп уақтым іссапарларда өтуіне қарамастан, бес балам мен екі немереме көп уақытымды арнауға тырысамын.

Балаларыммен пікірлесіп, әңгімелесуге уақытымыз аз. Сондықтан күйеуім екеуміз әрбір бос минуттарымызда олармен бірге болуға тырысамыз. Түбі олар бұл Украина тарихындағы айрықша кезең болғанын және көп шаруа атқаруға тура келгенін және бұл істе олар да өз үлестерін қосқанын түсінер деп ойлаймын.

– Күйеуіңіз екеуіңіз саясат тақырыбында әңгімелесесіздер ме?

– Украина азаматшасы ретінде, әрине, менің де өзімнің көзқарастарым, саяси ұстанымдарым бар. Кей кездері бұларды жан жарым біле жүрсе екен деймін. Бірақ, сенесіз бе, 12-14 сағаттық жұмыстан келген соң күйеуім саясат туралы әңгімелескісі келеді. Біз балаларымыз, олардың сабақтары, жетістіктері, жоспарларымыз туралы әңгімелесіміз. Кей кездері ауруханалар мен мектептер, балалар үйлерінен алған әсерлеріммен бөлісемін.

– Виктор Андрейұлы отбасында қандай жар? Сіздер демалыстарыңызды қалай өткізесіздер?

– Біз үшін физикалық жұмыс нағыз демалыс болып саналады. Киевтегі демалыстарымызда аз ғана сағатымызда еңбек жұмысымен айналыса аламыз. Егер Киев сыртына шығар мүмкіндік болса, тауға шығып, суда жүзіп, жаңа жерлерді зерттеп, жаңа бір істермен шұғылданамыз.

Үйімізде украин тұрмысына қатысты киімдер, құрал-саймандар, қолөнер бұйымдардың үлкен коллекциясы бар. Виктор Андрейұлы осының барлығын келешек ұрпақ ата-бабаларының қалай өмір сүргенін, қалай тамақ пісіріп, тоқыма тоқығанын, не кигенін біле жүрсін деген мақсатпен жинап жүр. Уақыт өте украин тұрмысына арналған шағын мұражай ашатын шығармыз.

Менің жарым балаларын қатты жақсы көреді. Әрқайсысын тұлға ретінде сыйлап, олардың бойындағы қабілеттерін дамытуға ат салысады. Балалармен араласып, пікірлесуді ол ең жақсы демалыс деп түсінеді. Ол балаларға жастайынан еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, ұлтқа деген махаббат тәрізді қасиеттерді сіңіру қажет деп біледі. Біз балаларымызды ресми іс-шараларға жиі ертіп барамыз. Олар осы бастан өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінуі қажет деп ойлаймыз. Балаларымыздың шетел тілдерін меңгеріп, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауды осы бастан үйренгендері маңызды деп санаймыз.

– Әйелдер қозғалысын қолдауыңыздың сыры неде?

– Украина еуропаның ықпалдасуына қарай бағыт түзейтінін мәлімдеді. Бұл дегеніміз қоғамдағы гендерлік теңдікті қағаз жүзінде емес, іс жүзінде ұстану деген сөз. Егер әйелдерге экономикалық жақсы жағдайлар жасап, отбасы мен жұмысын қатар алып жүре алатын мүмкіндік берсек, еліміз өмір сүру деңгейі жоғарылап, сапалы медицина мен білімі, қоршаған ортасы таза әлеуетті мемлекетке айналады.

Мақаланың дереккөзі: businesswomen.kz журналы

Advertisements

17 thoughts on “Украин тілін, тарихын, ділін сақтап қалу үшін

  1. «Маған «бірінші ханым» деген сөз тіркесі ұнаңқырамайды. Ол америка тәжірибесінен алынған. Ал Украинада екінші деңгейлі әйелдер жоқ деп ойлаймын.»-дегенмен толык келiсемiн жане бул тек кана Украинага катысты емес.

  2. Салем Асхат, сенин эл адресинди Адильден алгам, бирак хабарласудын рети болмады. Откенде жигиттер Актобеге келген тугын. Мунда адресимдкалдырдым кируине болады. Азирге блогым жетим бала сиякты, ешким кирмейди де, билмейди де.. Жаксы, сау бол! Аскар Актобеден

  3. Рахмет, Нұрғиса! Мектепте Владимир Коникұлы деген ағайымыз дене шынықтырудан беруші еді. Күнделікке солай деп жазып қойғанда мұғалім тарапынан ескерту естігенмін. Шындығында олар да бізге «-вичті» тіркеп қояды емес пе? Қанша дегеніміз -ВИЧтен гөрі «-ұлы» дұрыс қой, иә?

  4. Рахмет, Асқар!

    Блогыңыз өте қызық екен. Қазақ журналистерінің блог бастап жатқаны қуантады. Блогыңызды қазақ журналистер блогының тізіміне тіркеп қойдым.

  5. Біздің Сара апай «Бөбек» атты қайырымдылық қор құрып, жетім балаларға қол ұшын созып жүр дегенді еститінмін. Сосын Порфирий Иванов дегеннің суық суға шомылу әдісін жас кезден әдетке айналдырып дағдыландыру үшін «Детки» деген бір жобасы бар болатын.

  6. Ия, көбіміздің бұл кісіден алар үлгіміз баршылық. Негізі Украина өз тілін, дінін қатты ұстанатын елдердің бірі. Оларда жарнама тек қана украин тілінде берілетінін естігенде қайран қалғанмын. Бізде де солай болады деген үміттемін.
    Сара апамыздікі кейде тек “показуха” ма деп қаламын.

  7. Украина, Грузия, Балтық жағалауы елдерінен үйренеріміз көп болып тұр ғой.
    Ең әуелі олардан осы ұлтына, тіліне деген құрметін үйрене білсек қой шіркін!!!
    Түбі бір, қандас славян елі бола тұрса да, өз жерінде өз тілін қорғап, орыс тілінің үстемдік құруына мүмкіндік бермей отырғандарының өзі неге тұрады десеңізші!

  8. Украиндер КСРО кезінде орыстар сескенетін жалғыз мемлекет болды ғой. Сосын олар шынымен-ақ кеңестік зымыран жасау, авиацияның негізін қалаушылар болып табылады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s