…Қирады Мекке менен Мәдиненің микроқұрылысы алыстағы


Қаракемер ауылының мешіті

Кеңес тұсында елімізде бар болғаны 68 ғана мешіт болса, бұл күндері олардың саны 1900-дан асты. Бір ғана Алматы қаласында бұл күнде 25 мешіт бар. Өткен аптада 15 мың адамдық бір сәтте намаз оқитын зәулім мешіттің алғашқы кірпішін Елбасының өзі қалап берді («Ислам және Өркениет» газеті №10, 2007 жыл).

Республикадағы барлық аймақ қарқынды құрылыс алаңына айналды, алдағы жылдары 100 мектеп пен 100 аурухана салу жоспарланып отыр (Елбасының Тараздағы жаңа мешіттің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен, 27-сәуір, 2007 жыл).

Блогспоттан уордпреске көшіп жүргенде осы бір өлеңді жоғалтып алғандай едім. Комп.тағы құжаттарды реттеп отырып, тауып алдым. Неге екенін осы бір өлеңде әділдікті аңсау, шынайылыққа деген іңкәрлікті сеземін. Ақынның басқа да өлеңдері болса, жолдасаңдар қуанышты боламын.

Біз де бір кірпіш….

Ертай Ашықбаев

(Өлеңді оқымастан бұрын мына жайтқа назар аударуыңды сұраймын. Автордың Христос деп отырғаны Иса (а.с), ал Мұхамбет деп отырғаны сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с).

Сонау жыл…

Ресейден дана леп кеп,

Заманның ойға қонып талабы ептеп,

Мешітті бұзып тастап,

Кірпішінен

Біздің ел тұрғызыпты жаңа мектеп.

Түсінбей жүрсе де тың ағысқа әлі,

Келді ұлдар алфавитпен танысқалы.

Қирады Мекке менен Мәдиненің

Микроқұрылысы алыстағы.

Бәрі ертек, бәрі аңыз көрмегенге,

Тақта да орнатылды төрге демде.

Балалар кіріп жатты

Құдайлардың

Беделін түсірген сол бөлмелерге.

Өсті олар сонда оқып, сонда қонып,

Ғасырдың ғимаратын оңдап, өріп.

Мешіттің кірпішіне сүйенсе де,

Кетпеді ешбіреуі молда болып.

…Есейдім,

Өсті менің талабым да,

Шіркеуін көрдім талай қаланың да.

Сол мектеп жайлы ойлап отырушы ем

Ғылыми атеизм сабағында.

Толтырдық жылнаманың көп кемісін,

Біздерге енді, бәлкім, өкпелі шын

 

Будда да, Христос та, Мұхамбет те

Жағымсыз кейіпкер боп кеткені үшін.

Үңілсем сол мектептің дерегіне

Ойлардың батам небір тереңіне.

«Біз де бір кірпіш дүниеге» дей беремін

Жарайтын еліміздің керегіне.

«Жалын» Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті мен Қазақстан Жазушылар Одағының екі айда бір шығатын әдеби−көркем және қоғамдық−саяси журналы, №6, 1986 жыл, 17-бет

5 thoughts on “…Қирады Мекке менен Мәдиненің микроқұрылысы алыстағы

  1. Ескертуің орынды, Бақытнұр! Жөндеп қоюым керек екен. Басында Орыс империя тұсындағы стилді сатқау үшін солай қалдырсам ба деп едім. Сенің пікіріңнен соң өзгерту қажеттігін жөн көрдім.

  2. Ал меніңше, өзгертпеген дұрыс. Себебі, сол замандағы дінге, дүниеге көзқарастан белгі бұл. Жалпы, тарихи құжаттарды редакторлау артықтау деп ойлаймын. Әйтпегенде, мысалы, Мұхамбет, Мұхаммет, Мәмбет, т.с.с. барлығын өзгерту керек болады. Себебі, олардың барлығының түп-төркіні – Мұхаммед есімінен шыққан.

  3. Кенжебек, өзгерту дегенім өлеңді өзгерту деп емес, мазмұнын дұрыс түсінуге септесу деп түсінуіңізді сұраймын. Алдыңғы поста бұл жайтты ашып көрсетпегінім үшін ғафу етіңіз.
    Әрине, тарихты өзгерте алмаймын ғой. Исламды қолдан тұмшалаған замандағы кейбір жазушылар шығармаларындағы діни сөздерді қолдануға қатысты пост дайындап жатырмын. ИншАллаһ оқи жатарсыздар.
    Бірақ сүйікті пайғамбарымыздың есімінен соң, саллалаһу алейһи уә саллам (с.а.с.) сөздерін қосып айту қажеттігін ескертуді орынды санаймын. Бұрынғылардың қатесін қайталамағанымыз жөн.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s