Қазақ тіліндегі ең үздік блогтың иесі анықталды


«img_1076-custom-2.jpgИнтернет қолданушылар арасындағы ең үздік Қазақстан блогы» атты байқаудың нәтижелері:

  1. «Ең үздік жеке блог» Adam Kesher «Свободный радикал» (орыс тілінде)
  2. «Ең үздік ұжымдық блог» «Neweurasia Kazakhstan» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде)
  3. «Қазақ тіліндегі ең үздік блог» «Huanyshs blog» (қазақ тілінде)
  4. «Ең танымал блог» «Блог поселка Актау» (қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде)

Жеңісің құтты болсын, Қуаныш! QB атынан Қуанышты (суретте) жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеймін! Алда енді “Мәссағанның” үздіктері бар.

Бір ерекшелігі бұл байқауда басында түгелдей орыс тілінде өткелі тұрған. Дер кезінде араласқандықтан, қазақ блогтары барлық аталымдарға өтініш білдіре алатын болды. Ұйымдастырушыларға: “Не себепті қазақ тіліндегі блогтар ең үздік блог аталымына қатыса алмайды? Қазақ блогтары тек қана “қазақ тіліндегі ең үздік блогқа” қатыса алады ма, әлде барлық аталымға қатыса ма?” деп сұраған соң ғана барып, өз қателіктерін мойындап кешірім сұраған болатын. Қазылар алқасы бүгін өздерінің шешімдерін түсіндіруі керек. Қалай десек те, аталған шаралардың барлығы блогты бұқараға кең көлемде насихаттауға бағытталғаны түсінікті. Мені бәрінен де Қуанышты енді қандай сыйлық күтіп тұрғаны қызықтырады 😉

12 thoughts on “Қазақ тіліндегі ең үздік блогтың иесі анықталды

  1. Талабыңа нұр жауып, өнерің үстем бола берсін, Қуаныш!
    Бұдан былайғы басты мәселе – реномеге сызат түсірмеу. Ол үшін талмай ізденіс, қайрат қажет. Блогыңды көркейткен үстіне көркейте беру ісінен жаңылмассың деп сенім артамыз!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s