Алматы дәрігерлері көмек көрсетуге қауқарсыз


Алматы қаласындағы тұрғындардың көптігі әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешуге кедергі келтіріп отыр деген пікір алматылықтар арасында қалыптасып үлгерді. Шын мәнісінде ауылдан қалаға «өмір» іздеп келген ағайынды «кедергі» қатарына жатқызу дұрыс емес екенін білсе де, емхана қызметкерлері:

«Біз басы артық адамдарды емдемейміз. Ол үшін бізге ақша бөлінбеген және мамандар да тапшы»

деп бұдан былай тіркеуде жоқ және сырқаты жеңіл адамдарды емдейтін мүмкіндік жоқтығын түсіндіріп, үй-үйді аралап жүр.

Кеше түс кезінде ауданымызға қарасты емхананың дәрігері есігімді қағады деп ойламаппын. Сөйтсем, біздің үйдегі Ш-ны іздеп келіпті. Ол осыдан екі апта бұрын, дәрігердің қате дәрі жазып бергенінен аллергия болып, емханаға жатып шыққан. Ш бүгін қайтадан емханаға жатқан соң, дәрігер менімен сөйлесті.

– Пәтер жалдап тұрасыңдар ма?

– Иә…

– Егер осы ауданда тіркеуде жоқ болсаңдар, біз енді сіздерді емдей алмаймыз?

– Сонда қалай?

– Біздің емхана негізінен елу мың адамға арналған. Қазір 72 мың адам бізге келіп қаралады. Бюджеттен ақша елу мың адамға арнап бөлінеді және дәрігерлер саны аз. Шамамыз келмейді. Кеше басшылық бізге осы жайтты жұртқа жайлап түсіндіріңдер деген еді.

– Сонда «03» шақырсақ енді келмей ме?

– Келеді ғой. Бірақ егер ауру адам өзі аяғымен жүре алатын болса, біз оларды қарамаймыз. Тек экстренный (өте қауіпті) болса, көмектесеміз ғой.

Есік жабылды. Дәрігеріміз жеделсатыға еніп төмен түсіп кетті. Бүгін емхана адам санын шектен тыс көп деп қызмет көрсетуін тоқтаста, ертең не болмақ? Денсаулық саласына деп бөлініп жатқан ақша сонда қайда кетіп жатыр??? Мемлекеттің ең басты байлығы адамдардың денсаулығын жақсартуға септесе алмаса, … деп ашулана бастадым да, «Алматыға тез арада жаңа емхана ашып, дәрігерлердің айлығын көбейту керек. Дәрігерлердің өздері ауырып қалса, оларды кім емдейді?» деп ойладым. Ең дұрысы ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу. Біреуді кінәлау оңай, түсіну қиын.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s