Қазақ тілін білмейтін адам ең үздік қазақ сайтын анықтады


img_1240-custom.jpg

Борис Соркин, «Regnum» ақпараттық агенттігінің атқарушы директоры, қазылар алқасының төрағасы: Бір аталымдағы екі сайт және екі сайт келесі бір аталымда бірдей дауыс жинады.

Neweurasia.net: Бұл мемлекеттік тілдегі сайттар ма еді?

Борис Соркин: Иә. Сондықтан маған өзге де қазылар алқасы тәрізді дауыс беруіме тура келді. Өзге аталымдарда мен дауыс бергенім жоқ, тек жүлдегерлерді анықтау қалай жүріп жатқанын бақыладым.

Александр Ляхов, AWARD.kz 2007 байқауының ұйымдастырушысы: Енді білесіз бе, біздің байқау ережелерінде солай жазылған. Егер қазылар алқасының дауысы бірінші, екінші, үшінші орындағы жеңімпазды анықтауға мүмкіндік бермесе, оны таңдауды қазылар алқасы төрағасының шешіміне қалдырамыз.

Иә. Сонда кесімді сөзді біреу айтуы керек. Әрине ол қазылар алқасының төрағасы болмақ.

Борис Соркин: Өзге аталымдарда жағдай бірдей болды. Қазылардың дауыс беруі кімнің нешінші орында тұратыны анықталып отырды.

Neweurasia.net: Яғни, сіздің дауысыңыз кімнің бірінші орында болатынын шешті. Не «Мәссаған», не «Халық банкі». Солай ма?

Борис Соркин: Дәл солай!

Neweurasia.net: Сіз «Халық банкін» таңдадыңыз…?

Борис Соркин: Иә. Үшінші төртінші орында тұрғандарда да бірдей көрсеткіштер көрсетіп тұрды.

Суретте: «Award.kz» байқауының ұйымдастырушылары Александр Ляхов пен Константин Горожанкин

Advertisements

10 thoughts on “Қазақ тілін білмейтін адам ең үздік қазақ сайтын анықтады

  1. Өткен жылы қалай болғанын бақыламаған соң, нақты айта алмаймын. Бірақ төрағалықта Қазақ Интернеті Қоғамдық Бірлестігінің басшысы болғанын білемін. Неге екенін биыл ол Ауардқа қатыспады.

  2. Жанарбектің айтқаны рас, ресейлік Борис тек біздегі бәзбіреулердің сыртқа шығарып айта бермейтін пікір-көзқарасын «озвучить» етті де кетті, әлгілер сол пікірді іштей қоштап елде қалды. Сонда не, іргемізде Қытайдағы 1 млрд астам хансу қазақ тілін түсінбейді деп, енді солар үшін қытай тілінде де бет жазу керек болғаны ма?.. Дәл осындай тұрғыдан қазақ тіліндегі сайтқа әділ баға берілмейтіні енді балаға да түсінікті.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s