Ресей програмисті қазақ сайтын сынға алды


IMG_1247

Борис Соркин, «Regnum» ақпараттық агенттігінің атқарушы директоры. AWARD.kz 2007 байқауының арнайы қонағы, қазылар алқасының төрағасы: «Мәсcаған» сайтын ұзақ зерттедім. Ол жерде не айтылған түсіну үшін аудармашы көмегіне жүгінуіме тура келді. Бұл орайда менің өзбек тілін білетінім, тілдердің өзара ұқсастығы маған сәл көмектесті. Алайда бұл іске мен көп уақытымды жұмсадым. Жақсы сайт. Бірақ оның екі кемшілігі бар. Бірінші кемшілік мүлдем дизайнның жоқтығы және сайт құрылымының күрделілігі. Екінші кемшілік жеке өзімде күдіктер тудырды. Себебі сайт қазақ тілі номинациясына ұсынылды.

Қазақстанда қанша дегенмен 30 пайыз орыстар тұрады. Сондықтан бұқаралық сайтты халықтың 30 пайыз тұрғындарына жауып қою менің ойымша дұрыс емес. Сонымен қатар ол Ресейде тұратын 130 млн. тұрғыннан өз мәліметтерін жасыруда. Осы екі кемшілік менің шешім қабылдауым әсер етті. Сол себепті ол екінші орынға ысырылды. Осы орайда мен өзімнің кінәмді сезіне отырып, бұл сайтты көтермелеу сыйлығымен марапаттағым келді. табыстайын дегеніммен бұл сайтты жасаған жастар оны алуға келмеді. Білуімші олар Кореяда тұрады.

QB: Олар сол жақта оқып, жұмыс істеуде. Алайда сіз сыйлығыңызды бізге қалдырсаңыз болады. Біз табыстармыз

Борис Соркин: Жақсы

QB: Қандай сыйлық?

Борис Соркин: Бөтелке…

QB: ?

Award.kz марапаттауынан кейінгі күні болған баспасөз мәслихатынан.

Үнхабарды (орыс тілінде) мына жерден жүктеп тыңдай аласыз: http://www.sendspace.com/file/prsp31

Advertisements

14 thoughts on “Ресей програмисті қазақ сайтын сынға алды

  1. Алдымен Ауард.кз туралы ақпаратты уақытында жеткізіп тұрған Асхатқа рахмет.

    Өз басым Бориске айтарым жоқ. Өйткен мен бір Орыс болсам менде солай істер едім.

    Дұрыс айтады Мәссаған.комда дизайында кемшіліктері бар. Бірақ интернеттегі әрі бір сайтта бұл проблема бар деп ойлаймын. Қазақша білмегені үшін қолдану қиын болған шығар.

    Ал Қазақ сайттар үшін неге Орысша жасауымыз керек еді? Мәссаған.комның басқа сайттардан ерекшелігі Қазақшалығы! Бұл ерекшеліктен болып 2-інші болсақ разымыз.

    Рахмет, Борис, сізге!

  2. Бір қызығы пресс конференцияда:

    «Шетелдегі қазақ ағайындар орыс тілін білмегендіктен дауыс бере алмады. Бұны оларды қасақана шеттету деп түсінуге болады»

    деген пікірімнен соң. «Біз сайтымыздың қазақша нұсқасын іске қостық» деп ақталды. Маған алдағы уақытта қазақ тіліне қатысты жұмыстарымызға қатысып тұрыңыз деп ұсыныс айтты. Қазақстандағы 30 пайыз және Ресейдегі 130 млн. орыс үшін неге қызмет етуіміз керек?
    Шамасы Борис Қазақстан тәуелсіз ел екенін, өз жолымен дамып келе жатқанын түсінбесе керек.

  3. Иә, Ақбнтик, қазақ тіліндегі сайттар көбейгеннің үстіне көбейе берсе, сөзсіз жеке бір байқау өткізілер деп үміттенемін. Қазақ ғаламторына орыс азаматын төреші етіп тағайындаудың астарында әлі де болса, Ресейге жалтақтау немесе жалтатқызу жатқанын аңғарау қиын емес.

  4. Kashangi kazakh bireuge jaltaktau kerek.Nemene jetpis jil Oristarga jalpaktagani az bolgandai endi tauelsizdik alganan kein olarga jaginuga mindettidei koredi goi, ozderi….Birak… munin sebebi de bar oitkeni kazirgi baskarushi organ alide uli oris halki dep jaltaktaidi tap bir oris tili bolmasa omir joktai.Olarga ali kazakh tilinsiz kunjoktai jagdai tudiru kerek.Sonda bolar olarga kazirgi kazakhstandagi kazakh tildi kazakhtardin jane koship kelip jatkan kandastarimizdin basindagi kun, yagni oris tilinen zardap shegu kandai ekenin.

  5. Менің ойымша, бұл жайт біздерге ресейлік программистің төбемізден қарайтынын көрсетті. Біз өзіміз қазақ интернет кеңістікті дамытуға күш салмай жатқан соң, олар бізді үйретуге көшкен сыңайлы.

  6. Жө-өн, расында, Өрімтал айтқандай, ресейлік маманның бұл сөзі бізге көп нәрсені аңғартты. Ең алдымен, AWARD.kz қазақ тіліндегі сайттардың пікірін тіл білмейтін (қанша жерден әулие болса да!) адамға бағалатып, ол кісі шешім қабылданғанда басты талап ретінде – сайттың орыс тіліндегі бетінің жоқтығын алға тартуы, өзім басымда AWARD.kz туралы онсыз да дүдәмал көңілді аяқасты етті. Жарандар, менде бір ұсыныс бар: жыл сайын тұрақты түрде ҚАЗАҚ тілді үздік сайттарды қазақ тілді Интернет пайдаланушылар арасында өзіміз неге ұйымдастырмаймыз? Қазылар алқасын да, марапаттау жарнасын да өзіміз жинайық. Арамыздағы журналистер ақпараттық қолдауды жасауға жәрдемдесер. Қашанғы абард-сабард деп, жыл сайын солардың қабылдаған сыңаржақ шешіміне абыржып отырамыз? Пікір қосыңыздар!!

  7. Өз тағдырың мен өз еліңе ие болмасаң, өзгелер ойларына келгенін осылай істейді. Өзгелерге ренжудің жөні жоқ. Осындай сайысты қазақтілді сайткерлер өздері ұйымдастыруы керек

  8. ya wininda nege biz kazakhtar kazakhstandagi 30% oristarga bola oriswa aralastiruimiz kerek eken???!!!! olardin kazakh jerinde turip jatkanina eger tauelsiz KZ te turip jatkanina 20 jilday uakit boldi goi. sonau americadan kegen wet eldikter ainaldirgan bes aida kazak tilin uirenedi, al bizdegi oristar sol jildar uakitinda uirenbeptima? bul sol arbir kazakhwa bilmeitinderdin maselesi. ya arine massagan.com sonwalikti eliktirer ademi sait emes baskalarga karaganda, birak sol saitka kirigende koptegen kizik jaittardi bilip ozimiz turali. newe turli oilarmen alisip-bolisesin. sondiktan tipti reseidegi 130 mln oristarga biz jumis jasauimiz kerekpa? kiziksa kazakwa uirensin!!!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s