"Massagan.com": жүлделі болғанымызды сенен естідік!


IMG_1230 (Custom)

Ербол Сүлейменов Award 2007 интернет байқауындағы мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт номинациясындағы жүлдегерлердің атын атағанда, сахнаға бірінші және үшінші орын алған сайт өкілдері көтерілді. Жүргізуші Герман мыңнан озып, жүзден дара шапқан екінші орынды иеленгендердің сахнаға шығуын қайта-қайта сұрады. Гранд Опера театрландырылған түнгі клубтың ішіндегі салтанатты шараға жиналғандар, “мәссаған, қайда?” деп бір-біріне қарады. Алайда, Award 2007 интернет байқауының ұйымдастырушылары екінші орынға ие болған massagan.com жастар порталы авторларының Кореяда тұратынын кеш соңына таман бірақ білді.

Award.kz (rus) – қазақстандандағы ең үздік сайттарды анықтауға арналған байқау. Жүлдегерлер әдетте тәуелсіз әділқазылар алқасы мен интернет және қалта телефон хабарламасы арқылы берілген дауыс негізінде анықталады. Байқауға демеуші болған компаниялар арнайы жүлде де тағайындап, өздеріне ұнаған сайттарды марапаттайтын игі дәстүр де қалыптасқан.

“Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға қатысушылардың саны жыддан жылға ұлғайып келе жатқаны қазақ интернетінің дамып, толысып, өркендеп келе жатқанын көрсетеді,” дейді AWARD.kz ұйымдастырушысы Александр Ляхов (rus). Мұндай байқаулар Ақпараттық технологиялады бұқараға кең насихаттауға және интернеттегі қазақстандық сегменттің сапасының жақсаруына әсер етеді деген оймен ұйымдастырылған. Жыл сайын AWARD байқауына ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар саласындағы Қазақстандағы ірі компаниялар демеушілік танытуы сондықтан. Биылғы жылы бұл байқауға сайт иелері өтініш білдірген.

Қазақ қоғамы бұл байқауды көбіне қазақ тіліндегі ең үздік сайтты анықтау номиниаясын арқылы жақсы біледі. Былтырғы жылы Алматы қаласындағы №147 161 мектеп гимназияның сайты үздік деп танылған.

“Былтырғы жылғы әділетсіздіктен соң, биыл бұл байқауға қатысуға өтініш білдірген жоқпыз”, деді менімен электронды байланысқа шыққан “Massagan.com” жастар порталын үйлеструшелірдің бірі Жанарбек Матай.

Өткен жылғы байқау нәтижесіне күдікпен қарағанын “мәссағандықтар” Neweurasia.net блогында былай деп түсіндіреді:

“Ауард-2006-ға біз қатысқамыз, соңында қатысқанымызға өкінгенбіз. Қатысып бас ауыртатындай
сайыс емес. Ермек үшін анау-мынау блогтар немесе сайттар үшін болады”.

Ал Бақытнұр (Мәссағанның екінші үйлестірушісі): “Біздің жүлдегер атанғанымзды сеннен естіп білдік. Жаңа ғана екі адамнан қатар хат келді. Әрине, бұл үлкен қуаныш. Дүниеде әділеттілік бар екен”, – деді э-поштадағы чат байланыс арқылы қуанышымен бөлісіп. Мәссағандықтар өз сайттарын AWARD.kz 2007 байқауына порталдағы Жайна деген атпен белгілі мүшенің тіркегенін жүлдеге ие болған соң ғана анықтап білді.

(толық нұсқасын мына жерден қараңыз: http://kz.kazakhstan.neweurasia.net)

9 thoughts on “"Massagan.com": жүлделі болғанымызды сенен естідік!

  1. Әрине марапат қағазын kz.kazakhstan.neweurasia.net те ілініп тұр. Ал “Самғау” холдингінің арнайы жүлдесін олар өздері хабарласып табыстар д.о.

  2. массаган комды массаган кз деп жазып койган ба марапаттау кагазында? 🙂

    Шыны сол гой, Бакытнур мен Жанарбектер орледи!!!

    Жайна да жайнатып жиберипти массаганстанды…

  3. Assalaumagaleikum!Keshiriniz massaganga kalai katisuga bolady????Men ozim olen aitam,olen jazam,auen shigaram..Men massaganga katisain degem mumkin sol jerde armanim orindaladi bagim janip.Men ozime produsser izdep jurmin..Otinish magan habar berindershi..Alla razi bolsin senderge..menim nomerim 87024097917 esimim Tilegen..Jauap kutem..nemese magan mailga jauap jiberindershi otinish..tilegen92@mail.ru

    • уағалейкумассалам! Мен сөз еткен massagan.com порталы болатын. КТК телеарнасындағы Мәссаған бағдарламасы жайлы білгіңіз келсе, сол арнаның сайтына хабарласқаныңыз орынды болар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s