Бішкек сапары


Қордай арқылы Бішкекке жеттік (Қордайда бір күн Қуаныштың нағашысының үйінде қонақтадық). Бекет басында «Кыргызстан» деген жазу көзіме оттай басылды. Суретті түсіргенім сол еді. Желке тұсымнан: «Ей, парень!» деген әмірлі дауыс естілді. Жалт қарасам, әскери киім киген жігіт ағасы маған қарай таянып келеді. Ішім қылп етті. Сурет түсіргеніме жармасқалы тұрғанын бірден түсіндім. «Пройдемте со мной. Здесь аудио, видио съемки запрещены. Все решается согласно Кыргызскому законодательству», деді.

Тоқтағұл.jpg

Сақшылар отыратын орынға қарай кетіп барамыз. «Сейчас кофискуем ваш фотоаппарат. Вы пойдете в КНБ» деді. «Хорошо. Пойдемте. Жол көресетіңіз», деп қоямын. Алақандай бір бөлмеге кіргізді. Бастығынан мүлікті тәркілеу қағазын сұратып, фотоаппаратымды қолына ұстатты. Әрлі бері ақтарып, ішіндегі суреттерді қарай бастады. Алайда, бір ғана «Кыргызстан» деген суреттен басқа ештеңе таппаған соң, «Больше нету?» деген сұраулы жүзбен қарады. «Дальше не успел» – дейді мені ертіп келгені миығынан күліп. Сонымен не керек әрі-бері тартқылап (может быть вы шпион, сейчас тебя отправим в КНБ т.с.с. қорқытып-үркітулер): «Суретті өшір» деді. Суретті өшірдім. Осы істе менімен бірге жүрген Қуаныштың Қордайда тұратын, бізге кеденнен өтуде жәрдемдескен жездесінің: «Қайтесің Бішкекке семинарға бара жатыр» деген сөзі себеп болды ма, фотоаппараттымды қайтарды. Бішкек қызықтары осылай кеден бекетінен басталды.

Негізі ол жерде сурет түсіруге тиым салуды айғақтайтын еш жазу жоқ еді. Менің ойымша бұл оқиғада қырғыз сақшылары бар болғаны өздерінің деңгейін ғана көрсетті. Мұндай жағдай кез келген Орта Азия елінде, әрбір адамның басынан өтуі мүмкін деген ойдамын.

Advertisements

13 thoughts on “Бішкек сапары

  1. 🙂 ol jerde onday belginin turui manizdi emes. KEDEN bolgan son ol jerde suret tusiruge tiyim salingan. sizge karaganda bagim bar eken – sol KIRGIZSTAN jazuin tusirip ulgerdim 🙂 Negizi «jili soylessen uninen jilan da shigadi» degendey, arkimmen til tabisip aluga boladi.

  2. Бақытты екенсіз 😉 Ол жазу кеденнен өткеннен кейін тұрған соң, ол жазу заңмен қорғалады деп ойламаппын.
    Жылы сөйлеп, фотокамерамды аман алып қалдым. Бірақ көңілде бір салқын із қалды… Бірақ Бішкектегі арзаншылық жүрегімді жібітіп жіберді 🙂

  3. Kazaktar ekenin bile tura kyzyk,.. jalpy shekaradagy turatyn adamdar onbagan eken. Men Kazakstanga kirgende kinaldym, shykkanda da kinaldym goi..

    Janarbekti tipti jylauga jetip shygypty… Orta Aziya elderinde sondai bar siakty… Kushtini korseng jautendep, nashardy korsen basynyp degendei

  4. bakhytnur, urimtal aytkan okigada bas rolde kazaktar emes, kirgizdar! (kazaktardin da asip-tasatin eshnarsesi jok arine, sonda da)

    urimtal, sizben kelispeymin, janagi jazu kedennin territoriyasinda tur. Keden tek kana passport control bolgan jer emes koy, onin aynalasinda birneshe sharshi metrdi da aladi. sol ushin okpeniz bolmasin olarga (smile).

  5. Иә. Бұл жайт маған келесі жолы Кеден басында фотоаппаратымды жасырып ұстау қажеттігін үйретті. Ешкімге өкпе жоқ. Өкпелесем өзімнің заң тарапынан сауатсыздығыма өкпелеуім қажет болар. Сонда да сіз ол суретті түсірген екенсіз. Мүмкін блогқа (өз блогыңызға) қойып, бөлісерсіз?

  6. Сәлем, Сағын!
    Кеден басында ешкім лде Сіздің сумкаңызды тексермейді. Сондықтан қорықпай ақ түрік тіліндегі кітаптарыңызды тасымалдай аласыз деген ойдамын.

  7. рахмет Асхат! кайдам-кайдам, ресей- казакстан шекарасынан отуім керек. орыстарга барибир гой озимиздин казактар кан ишетін шыгар. содан сескенемін. сосын китапханам 60-70 том.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s