Қазақ банктеріндегі қазақ тілі


Өткенде бір блогшымыздың банктен несие алуға барып, құжаттардың ретсіздігіне күйінгені есімде (Өкінішке қарай ол блогшы өз блогын өзгертуіне байланысты сілтеме бере алмай отырмын). Осыған ұқасас жағдай Елсеріктің де басынан өткен. Содан салып ұрып, сол банктің сайтын қарап едім. Сайтта қазақ тілі бөлімі көрсетілгенімен істемейді. Сайт тек орыстілділер үшін, яғни банк те тек қана орыстілділер үшін жұмыс істейді деген ойға келдім. Мән-жайға қанық болу үшін сайт басқармасына:

  1. Сайттарыңыз не себепті тек орыс тілінде?
  2. Сайттағы қашықтықтан қызмет көрсетуді тек қана орыс тілділер ғана қолдана ала ма? Бұл жайтты тілдік бөліну деп қабылдайтындарға не айтасыздар?

деген сауалдарымды жолдадым:Ертесіне дереу хат келді:Уважаемый Асхат,От имени администрации банка, благодарю Вас за обращение. По сути Вашего письма, сообщаем, что на данный момент ведется разработка новой версии сайта Каспийского банка, которая будет вестись на трех языках, включая государственный. Если у Вас будут конкретные предложения по версии на государственном языке, будем рады их рассмотреть. С уважением,Лариса ПакДиректор по корпоративным коммуникациям тел: 2501-800 вн.1099Бұл мен үшін жаңалық емес еді. Көпшілігі дерлік: “Сайт жаңару үстінде. Қазақ тіліндегі нұсқасын енді дайындап жатырмыз”деген жауаптар береді. Менің ойымша, егер қазақ блогшылары бірігіп, осы жайты назарға алып, қайта-қайта тексеріп, талап етіп хат жазып отырсақ олар қазақ тіліндегі сайтты тез арада шығаруы керек.Екінші сауалым, біздің блогшы тап болған мәселеге арналды. Яғни, несие алуға арналған келісім-шарттың мемлекеттік тілдегі нұсқасы мен орыс тіліндегі нұсқасының сәйкеспеуі жөнінде. Бұл сауалымды Жомарт есімді азаматқа жолдадым. Ол аймақтағы бөлімшелерде несие беру ісін үйлестірумен айналысатын маман.“Каспийский банкі” Қазақстандағы танымал банктердің қатарына жатады. Бұл орайда банктегі атқарылып жатқан оң өзгерістер көзге бірден түседі. Таяуда Қазақстандағы банткердің сайтына сараптама жасап көріп едім. Өкінішке қарай, “Каспийский банкінің” сайты тек қана орыс тілінде екенін байқап қалдым. Осыған орай менің төмендегі сауалдарыма белгіленген күннен кешіктірмей жауап беріуіңізді өтінемін.

  1. Сіздердің тұтынушыларыңық банктен несие алғысы келгенде екі тілдегі (қазақ, орыс) келісім-шарт толтырады екен. Алайда, орыс тіліндегі нұсқасында егер дау туа қалса, келісім-шарттың орыс тіліндегі нұсқасы ғана жарамды деген пункт бар. Осы жайтқа түсінік бере кетсеңіз?

Әзірге ешкімнен жауап келген жоқ.
Жомарт хатыңызды ресми бланкпен толтырып, жолдаңыз. Біз оны канцелярига одан соң тиісті жауап беретін өкілге табыстаймыз деді. Шындығында БАҚ туралы заң бойынша журналист тарапынан қойылған сауалдарға үш күннің ішінде жауап берілуі тиіс. Бұл сауал сондай-ақ журналист емес, қарапайым тұтынушының да сауалы деп қарастыратын болсақ тұтынушысын сыйлаған банк тез арада жауап беруі керек еді.
Ескерту: Мақаланың толық нұсқасы таяуда “kz.kazakhstan.neweurasia.net” блогында жарияланады. 

4 thoughts on “Қазақ банктеріндегі қазақ тілі

  1. Асеке, тұтынушы ретінде қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткенде заңдылықтарды білмейтіндіктен ақсайтынымыз бар. Жиі – жиі жазып тұрсаң, ылаңды салар едім “Неге қазақша сөйлемейсіңдер” деп

  2. Bular kazak tildi kogam ulken bir market ekenin, kazak tilindegi kyzmetti jaksartsa biznesi arta tusetinin ali tusinbei jatyr.

    Kazak jerinde kazak tilin aldyga koisa, bolmasa katar ustasa koptegen customer tabatynyn bilmei jur eken…

    Uakyty kelgende okinetin bolady.

  3. Марат, кез-келген жерде қысылмай қазақ тілінде сөйлеуді талап етсеңіз болады. Қазақ тілінде сөйлеуге Ата заңымыздың өзі кепілдік береді. Бастысы баса-көктеп емес, өз талабыңызды хикметпен білдірген жөн. Мәселен, банкке барғанда мен қазақ кассиріне баруға тырысамын (бәлкім кезекте, 1-2 мин артық тұрармын). Болмаса, қазақша сөйлейтін адамның бар-жоғын сұраймын. 09 анықтама телефонын қоңырау шалғанда да, жалпы халыққа қызмет көрсететін орындардың барлығына барғанда бірінші кезекте қазақша сөйлейтін адаммен сөйлескім келеді деген өтініш айтамын. “Жоқ!” деген жауап берілсе: “Не себепті?” деп сұрағанның айыбы жоқ. Базарға барғанда сатушы қазақ тілін білмесе, теріс айналып, қазақша білетін сатушы іздейтін кездерім көп болады. Қазір Алматыда жағдай дұрысталып келеді. Көшеде орыстардың көпшілігі қазақша жауап береді. Ал мемлекеттік мекемедегілердің барлығы қазақ тілінде жауап беруге міндетті. Ата-баба жерінде тұратын біздерді ата-бабамыздың тілінде сөйлеме деп айтуға ешкімнің де қақысы жоқ. Біз неғұрлым көп талап етсек, солғұрлым тілге деген сұраныс күшеймек.

  4. Бақытнұр, сәлем!
    Қуантатыны қазір қазақ тілінде тәп-тәуір қызмет көрсететін банктер баршылық. Бір қызық айтайын. Банктердің біріне неге қағаздарың қазақша емес дегенде, ағынан жарылып бір бауырымыз: “Осы мәселені көтеріп жатқаныңыз дұрыс болды. Осыны өзіміз де білмейміз. Басшылыққа қайлай айтудың амалын таба алмай жүр едік” деп қуана-қуана маған осы мәселені көтеруде қолдау көрсеткені бар. Басшысынан, айналасындағы әріптестерінен именіп (сыйлағандықтан), қазақ тілін өз ортасында қолданысқа енгізе алмай жүргендерді көп кездестіретін болдым.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s