Әлемторға шырмалған қазақ тілі жөнінде


«Ана тілі» газетіне арнап Интернеттегі қазақ тіліне қатысты бір мақала жазған едім. Мақаладан гөрі жеке пікірге көбірек ұқсап кетті. Дегенмен де қазақ баспасөзіне қазақ блогшылары деген тіркес жол тартты.

Тың түреңге бет алған қазақ тілінің әлемтордың соқтықпалы, соқпақсыз сайттарында қате болса да көрініс тауып, қолданып жатқаны көңілді кіжіңдеткенімен, барына шүкіршілік етемін. Әрине, «электронды кеңістікте қазақ тілінің бір ізге түсуін неге қадағаламайсыз?» деп, әлдебіреудің ауласына тас атуға болар еді. Одан не өзгереді? Ал билік «электронды үкімет» жобасын өзі үшін емес, халық игілігі үшін іске қосса, сөзсіз мемлекеттік тілде болады. Кері жағдайда «бодан» биліктің бетіне интернеттің өзі түкірмек! Қазақ халқы үшін орыс тілінде жұмыс істейтін электронды үкіметтің, «лохотронды» үкіметтен айырмасы жоқ болатын шығар, сірә да!

Қазір мәжбүрліктен мемлекеттік тілде сайт ашқан ресми мекемелер мен қала, облыс, аудан әкімдіктерінің веб-порталдары бар. Бұлардың ішіндегі шоқтығы биігі, өзге ресми сайттарға үлгі боларлығы Ақорданың сайты екенін атап өткенім орынды болар. Сайт басында интернет сайтты жүргізе білетін адам отырғаны бірден ағарылады. Елбасының жүріп-тұрғаны, аузынан шыққан әрбір сөзі сайтта көрініс тауып отырады. Тек кей кездері орысшасы бұрынырақ жарияланып, қазақшасы аударманың себебінен кешігетіні бар. Аударма демекші ресми сайттардың ең осал тұсы осы. Мәселен, Қаржы Министрлігінің немесе Алматы Аймақтық Қаржы орталығы, Алатау Ақпараттық технопаркі сайтының қазақша сөйлеуі әзірге қиындау. Себебі шынайы өмірдегі терминдер мәселесі сәтті шешімін таппайынша виртуалды өмірдегі ғұмырлары мән-мағынасынан айрылмақ. Ақпарат Министрлігінің Мәдени мұра бағдарламасының сайты да ішкі мазмұнымен құнды. Тек жиі-жиі жаңартылып отырса дейсің.

Халықаралық IDC-тің (Халықаралық мәлімет корпорациясы) зерттеулері бойынша, Қазақстан Орта Азия елдері ішінде компьютерді пайдаланушылардың саны жөнінен алда келеді. IDC бұл санақты қалай жүргізгені белгісіз, бірақ ауылдағы мектептерде компьютер болғанымен пайдаланылмай ысырап болып жатқандары жеткілікті. Ал Еуропа және Қауіпсіздік Ұйымының зерттеулері бойынша Қазақстан халқының тек 9 пайызы кем дегенде жұмасына бір рет интернет қызметін пайдаланады. Ал, «Қазақтелеком» қызметкерлері «800 мыңнан аса абонеттеріміз Интернет қызметіне қосылды», – дейді. Интернетті пайдаланушылардың үлкен бөлігі Алматы мен Астана, Қарағанды тәрізді үлкен шаһарларда тұрады. Сөзсіз, күн өткен сайын қолы қалт еткенде интернетті кезушілер көбеймек.

Ескерту: толық нұсқасы «Мәссағанда».

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s