Машаллаһ, Маша ислам дінін қабылдады


Ресейліктердің ислам дінін көптеп қабылдап жатқанын жиі еститін болдым. Соның бір мысалы ретінде islam.ru сайтында қызық бір мақала (ор. тіл) жарияланыпты.

«Фабрика звезд» жобасының түлегі Маша Алалыкина исламмен қауышты.

Сол жылғы қыста басқа қалада тұратын ет жақындарымның бірі ес-түссіз, әл үстінде жатыр еді. Мен оған қалай да көмектесу керектігімді білдім. Бірақ қалай? Құдайдан тілей бастадым, дұға қылдым. Өмірімде алғаш рет Жаратушыдан көмек сұрадым. Ертесіне телефоным шыр ете қалды. Айналайын, туысқанымның дауысы: «Рахмет. Мен сені көрдім. Сен маған өте қатты көмектестің», – деді ол.

Жылап жібердім. Бұған дейін ешқашан Құдайдан ештеңе сұрамаған едім. Әлдебіреуден жәрдем сұрау мен үшін өзіңді қорлаудай болып көрінетін. Себебі мен өз күшіңе ғана сен деген тәрбиені көріп өстім. Өзіңе ғана сен. Өзің… қажетті нәрсеге қол жеткіз. Не нәрсеге сонда? Өзім тәрізді жаратылған мақұлұқтардан асып түсуге ме ұмтылғаным?

Сұхбаттың толық нұсқасын (орыс тілінде) мына жерден оқи аласыздар. Қазақстанда да ислам дінін қабылдаған орыс ұлтының өкілдері баршылық. Алматыда «Ихлас» орыс мұсылмандар орталығы жұмыс істейді. Аллаһтың діні ұлық қой.

Ресейдегі күйзелген демографиялық ахуалды жөндеуде исламның алар орны ерекше тәрізді. Айтпақшы, Машаны танымал еткен «Фабрика звезд» жобасынына ұқсас Қазақстанда да «Superstar.kz» жобасы бар. Бірақ бұл жобаға қатысқан жастардың танымалдылыққа ұмтыламын деп үміт артқан халқын ұмытып кеткендері бар. Мәселен, жерлесіміз Нұржанға (Қапқарашка) күллі Жезқазған болып дауыс берген. Сөйткен Нұржанымыздың араға бір жыл салып, жартылай жалаңаш қыздармен тайраңдап билеп, ән салып жүрген клипін көріп, кірерге тесік таппағанмын. Шоу-бизнесте ақша табудың өзге де жолдары бар емес пе? Ресей продюссерлерінің қол астында жұмыс істеп жүрген жігіттің ел үмітін қор еткені ұнамады.

Advertisements

6 thoughts on “Машаллаһ, Маша ислам дінін қабылдады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s