Technosyndrommen Suhbat!


technosyndrom деген атпен қазақ блогсферасында танымал Ерлан Оспанмен сұхбаттасудың сәті түсті.

Ерлан Оспан өзін: «Бір қазақтың баласымын. Мамандығым – программист және «жүйеәкім»:)))» деп таныстырады өзінің «Азаннан кешке дейінгі тіршілік» атты блогында. Қазақ блогосферасындағы уытты қалжың мен жазбаларын оқырмандарға фельетон түрінде ұсынып жүрген бірден бір қазақ блогшысы. Интернеттегі қазақ қалжыңы жайында Ерланға бірер сауал қойған едім. [inspic=34,left,fullscreen,150]
Интернеттегі қалжың мәселесіне қалай қарайсыз?
Интернетте адамдардың анонимдік факторы қалжыңды да жалтақтамай айтуға мүмкіндік береді. Қаз қалпында басып жібересің. Дегенмен әлдебір ішкі тәрбие беталды, жауапкершіліксіз оттай беруден сақтайды. Сондықтан Интернеттегі мағлұматтарға сенімім көбірек. Ал шын өмірде ше? Мысал үшін әлдебір дәудің тойындағы оқиғаны айтып берейін. Бізді олар шақырып не істесін: тойына слайд-шоу көрсетуге бардым проектормен. Содан не керек, асаба бастық пен жұмысшының қатынасы жөнінде әлдебір белгілі анекдотты айтып берді. Тыңдарман қауымның барлығы шетінен шенеунік болғасын, мысы басылып, именіп, жұқартып, жұмсартып айтып берді-ау байғұс! Шып-шып тер шықты тіпті! Сөйтіп, егер базарда не вокзалда айтсаң шек-сілең қата күлетін анекдоттың дәмін кетіріп тынды. Мен бұл жерде асабаны емес, анекдотты аядым босқа айтылған. Қалжың деп оспақ әңгімелер мен фельетондарды да айтатын болсақ, Интернет – нағыз қайнар көз. Біздің ақпараттық шенеуніктердің, цензорлардың арам қолы былғанбаған жалғыз БАҚ, мен үшін – Интернет.

Сізді блог бастауға не итермеледі және блог жүргізудің қиыны не, жеңілі не?
Тіпті кездейсоқ десем де болғандай. Негізі өзім интернетте консерватор адаммын, бас салып “жаңа технология!” деген айдар тағылған дүниені пайдаланып тастау деген менде жоқ. Содан не керек, massagan.com-ға жариялап жүр едім құйтырқы әңгімелерімді. Сөйтіп тым жақсы өмір сүріп жатыр едім, әлгі аталмыш әңгімелерді сынап-мінеген, мақтаған-даттаған пошталар тонналап келе бастады. Сөйтіп тығырықта жүргенде, барлық жазбаларымды жүйелеу мақсатында отандық бір хосттан субдомен алып едім, онда материалдарымды жүйелегеніммен, қарымта байланысты іске асыра алмадым. Содан Бақытнұр бауырым блог аш деп кеңес беріп еді. Содан бері міне, күйбең tirshilik қамымен жүрген жайым бар. Блог жүргізудің қиыны – уақыт тапшылығы. Жеңілі – айта алмай ішқұса болып жүрген нәрсеңді айтып…кешірерсіз, жазып, жеңілдеп қаласыз. Тіпті мәз боп қаласың. Ана католиктерде жәшіктің ішінде отырған әулие әкейге сырын ақтарып алған адам шамамен осылай жеңілдеп қалатын болса керек.
Блогыңызға қондырған әрбір жазбадан мысқыл мен уытты әжуаға толы бір дәм сезіледі. Мұндай шеберлікке қалай келдіңіз?
Ойбооу, мақтауын жеткізіпсіз, өзімше болып қалғанымды қараңызшы. Рахмет! Әлдебір кәсіби жазушының мерейтойындағы не садақасындағы мақтаудан кем түспейді екен ) Шебер болайын деп арнайы дайындалған жоқпын, жалпы мұны шеберлік деп есептеуге болса. Қалай бар – солай жазамын. Ауызекі стильде. Тек жазып жатқанда мысқыл объектісін елестетіп отырамын.
Сұхбаттың толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Advertisements

7 thoughts on “Technosyndrommen Suhbat!

  1. Мақала 25 інде ілінді. Сіздің «Жаңаеуразиядағы» сұхбаттың толық нұсқасына қалдырған пікіріңізді оқыдым. «Өрімталға» қалдырған пікіріңізді көрмедім. 😦

  2. Негізі мен де Бақытнұрдан кейін іле-шала бір пікірімді жаздым-ау деймін, қателеспесем… сол да ұшты-күйлі жоқ боп кетпеді ме екен деп алаңдап отырмын 🙂 Ал негізі, Ердан Оспанның өзіндік стилі маған қатты ұнап жүр… Шабыт алуға боларлық қуат бар жазбаларында…

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s