Қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі


Қыркүйек айының 29-ында сағат 11.00-де «Bilim – Central Asia» Білім орталығында ( М.Төлебаев 31/13 **Мақатаев** көшеcінің қиылысы) қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі өтеді.
Кездесу тренинг форматында өткізілмек. Кездесу бағдарламасы:

  • 11.00-11.05 Танысу
  • 11.05-11.30 Блог туралы түсінік (Асхат Еркімбай – модератор)
  • 11.30.-11.40 Сұрақ-жауап
  • 11.40.-11.45 үзіліс
  • 11.50.-12.15 Үнхабар (podcast) дегеніміз не? Оны қалай дайындайды? (Қуаныш Мағзуов)
  • 12.15-12.25 Сұрақ-жауап
  • 12.25.-12.30 Үзіліс
  • 12.30-12.55. Қорытынды. Пікір ұсыныстар.

Достар. Семинар тегін өтеді. Қатысқыңыз келсе, «Семинар сізге қалай көмектеседі деп ойлайсыз?» деген жалғыз сауалға жауаппен бірге аты-жөніңіз
және координаттарыңыз көрсетілген хатты Асхатқа (urim@gmail.com), Бақытгүлге baqyt@gmail.com және Қуанышқа huan@gmail.com жолдасаңыздар болады. Қосымша сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар! Естеріңізде болсын, өтініштер Жұма 28-қыркүйекке дейін қабылданады. Орын саны шектеулі.

Advertisements

One thought on “Қазақ блогшыларының Алматыдағы екінші кездесуі

  1. БІРТҰТАС ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІН НАСИХАТТАУМЕН ҚАТАР РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ДАМЫТУДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ РӨЛІ
    (Пресс-релиз)
    2007 жылы 26 қыркүйек күні сағат 15.00-де «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры жанындағы – «Қазақстан-Заман», «Президент және Халық» газеттері оқырмандарының және Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлескен – «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры жанындағы 30-дан аса салалық «Қазақ үні» мәдени орталықтарының ұйымдастыруымен
    Біртұтас Қазақстан халқының мәдениетін насихаттаумен қатар, Республикадағы этносаралық келісімді дамытуда «Ұрпақ тәрбиесі қоғамдық қозғалысының» рөлі (орны) атты тақырыпта семинар-кеңес өтеді.
    «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының негізгі мақсаты – қазақ өркениетін, қазақ мәдениетін зерттеп, насихаттап жүрген, ұрпақ тәрбиесіне ат салысуға талпынған азаматтарға қолдау көрсету екенін кең жұртшылыққа жеткізіп, осы істерге араласуға қабілеті-мүмкіндігі бар, ұлттық міндеттерін түсінген жандарды қордың көп салалы «Қазақ үні» мәдени Орталықтарының мүшелігіне тарту.
    Іс-шараның бағдарламасы:
    15.00 – 15.20 Тақырып бойынша баяндама. (баяндамашы: «Аллажар-қолдау» ҚҚ Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі –жазушы-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты Совет-Хан Ғаббасов)
    15.20 – 16.00 – тақырып бойынша еркін пікір алмасу.
    16.00 – 16.45 – «Ұрпақ тәрбиесі қоғамдық қозғалысын» құрушылардың ынталы тобын бекіту. (ұсыныс жасаушы: «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат Бөтеев)
    16.45 – 17.00 – сусын ішу (шай, қымыз, шұбат).
    17.00 – 17.30 – ұрпақ тәрбиесіне арналған семинар-тренингтің әдістемесімен таныстыру. (таныстырушы: профессор Совет-Хан Ғаббасов)
    Семинар-кеңеске ұрпақ тәрбиесіне қатысы бар мемлекеттік құрылым өкілдері, ұрпақ тәрбиесі толғандырып жүрген қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар, өмірлік тәжірибесі бар азаматтар қатысады деп күтілуде.
    Семинар-кеңес өтетін мекен-жай: Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы,105. Қазақстан жазушылар Одағының «Әдебиетшілер Үйі».
    Байланыс телефондары: тел/факс 225-25-11, 263-21-35, 8 777 356 0092, 8 701 277 1683, 8 701 712 4511.

Пікір үстеу

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s