Көңілімдесің, аға…


2013-07-09 22.51.08

Белгісіздік құшағында ояндым. Түсімде осыдан бес жыл бұрын дүниеден озған ағаммен кездестім.

Екеуміз су бетіндегі тастың үстінде әңгімелесіп отыр екенбіз. Мен оны қатты сағынғанымды айтып отырмын. Қолынан құшақтап алғанмын. Жібергім де келмейді. Сол баяғы қалпы. Күлімдеп қояды. Үстінде ақ жейдесі бар. Аспан шайдай ашық. Ішімде жиналып қалған әңгімем көп. Айтар ойым мен сырларым таусылар емес.

“Аға”, – деймін мен оған бір кезде, – мен қазір сенің жасыңдамын” деппін. Есіме сол кезде ғана оның бақилық болғаны сап ете қалды.

Өзімнің түс көріп жатқанымды сол кезде түсіндім. Өз өзімнен шошып кеттім. Тұрсам, далада жаңбыр сіркіреп жатты ғой деймін. Текеліде. Қонақ үйде екенмін. Жан-дүнием алай-дүлей мазасызданып кетті. “Неге?” деген сұрақ санамды тесті.

* сонша жылдан соң барып түсімде көріп отырмын?
* Текелінің таза ауасы мен табиғаты әсер етті ме?
* Не айтқысы келді?
* Соңғы кездері өлім туралы көп ойлайтын болдым. Бәлкім содан ба?
Аллаһым, жақсылыққа қылғай!!!

пы.сы. Марқұм ағам геолог еді. Чертежды көп сызатын. Жазуы да маржандай. 2013 жылы Жездіге бардым. Біз тұрған үйдің қабырғанда ағамның қолтаңбасы қалыпты…

3 thoughts on “Көңілімдесің, аға…

  1. Шынайы өмір өлімнен кейін басталады… Осы тектес дүниелер жөніндегі ойлар менің де санама жиі оралады…

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s