Текеліде кедейдің өмір сүруі мүмкін емес…


Текелідегі тыныштық пен мимырт тіршіліктен ішқұса болғандарды көріп түңілесің. Бәлкім у-шу мен асыққан халықтың абыр-дабырына үйреніп қалған алматылықтың күлімдеп шыққан күн мен таза ауа дегеннің не екендгін ұмытқандықтан солай ойлауы заңды да шығар…
Әлемдегі ең ұзын көше Текелені екіге жарады. Кезінде кеншілер тұрған қаладағы ықшам аудандардың атаулары да қызық: Кардон 1, Кардон 2, Энергостанция, Стопка («Стоп» деген белгі болған екен де содан «стопка» деп аталып кетіпті).Біз Бірінші Кардонда Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жапон тұтқындары салған екі қабатты үйде екі бөлмені жалға алып тұрып жатырмыз. Үй деген аты ғана. Бұрындары тұйық болып өмір сүрген қалаға сырттан қонақ келмегендіктен қонақ үй, жалға үй беру, кафе, ресторан тәрізді салалар дамымаған. Амалсыз ұзақ жылдар бойы жөндеу көрмеген, ыстық суы жоқ, пеші жоқ «құрқұлтайдың ұясындай үйде» тұрып жатырмыз. Айтпақшы, шай ішерлік самаурынның да шүмегі сынып қалған. «Армансыз қымыз ішемін» деген ойымды әзірге тұншықтыра тұруға тура келді. Қымыз табу үшін тау жаққа бару керек екен. Тобымыздың қалған мүшелері Қонақ үйлерге орналасты. Қонақ үйлерде бар болғаны екі үш қана бөлме. Пәтерге шығумыздың сыры осы.

Ал бүгін біз «Швейцария» қонақ үйіне көштік. Ол станция деген ауданда екен. Кеше Тәкен мен Торғынның үйінде қонақта болдым. Керемет!!!
Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s