Текеліге кетіп барамын…


“Қазақстанның жас журналистері іске көшті” деген атаумен “Сорос Қазақстан” өткізген сайыстың қорытындысы бойынша
барлығы тоғыз журналист іріктеліп алыныппыз. Еуропадағы Plotki.net
ұйымының бастамасы бойынша жүзеге асатын жобаның көздеген мақсаты – Еуропадағы жас журналистер мен Орта Азия (оның ішінде Қазақстан журналистерімен) байланыс түзу, ортақ жобаларды жүзеге асыру. Бұйыртса, бүгін Плоткидің өкілдерімен танысып, өзге жеті журналистпен кездесіп (Гүлнәр Мұқанова Алматыдан “Түркістан” газетінен болған соң, санға қоспай отырмын), Текеліге бармақпыз. Ол жақта интернетте еркін жұмыс істеу мүмкіндігі болар, болмасы белгісіз. Ең қызығы Ага хан қоры салдырған Орта Азия университеті де бар көрінеді. Бір аптадай хабарсыз кетуім мүмкін екенін еске салғым келеді.
Текеліге қатысты білер қызықты мәліметтеріңіз болса немесе туыс-туғандарыңыз тұратын болса, хабар беріңіздер. Сәлемдеріңізді жеткізіп барайын.
Менің білетінім, Текелі – Талдықорғанға кіре берістегі шағын ғана қала. Орыс империясы тұсында ұзындығы 28 км. жалғыз көшеден тұратын қала ретінде “Гиннестің рекордтар” кітабына енгізілген екен.
Ал, Гуглда Текелі жөнінде өзге де қосымша мәлімет бар екен. kk.wikiге Текелі жөнінде мәлімет енгізген жанға бөлек алғысымзды білдіргім келеді. Ал Мәди Мағазұлы есімді бауырымыз Текелі қаласы жөнінде әп-әдемі сайт жасап қойыпты.
Біздің сапарымызды, Сорос қоры қаржыландырмақ. Текелі қаласын да таңдап алған солар. “Текеліні инфрақұрылымы дамымаған, болашағы бұлыңғыр қала ретінде таңдадық” деген еді менің “Таңдау не себепті Текеліге түсті?” деген сауалыма. Түбінде мәселе тереңде жатыр деп пайымдаймын.
Әлгінде Зермарденнің блогын қарап, тойдан кейін де уақыт тауып мәтін енгізгеніне қуанып қалдым. Блогшылардың алдындағы жауапкершілігін ұмытпаған екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s