Қазақ блогосферасы: өз-өзіңді таны!



Мына суреттегі мүсінге Прагада блогшылардың кездесуінде жүргенде көзім түскен еді. Неге екенін көрген сайын, қазақ блогосферасының жай-күйі есіме түсе береді.

Халықаралық зерттеулер соңғы екі аптаның ішінде Қазақстандағы интернет бағасының өте қымбат екенін жаһанға жар сала жазуда. Бұл қауіпті жайт қазақ тілінде блогтардың көбеюіне кесірін тигізіп отыр десекте, өткен бір айдың ішінде қазақ блогтарының саны өсті. Себебі Қазақ блогшыларының дені жұмыс орнындағы интернетті пайдаланады. Соған сай қазақ тілінде блог бастаған жандардың барлығы ұлттық мәселеге бей-жай қарай алмайтын көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар.

Қазақстан тарихында алғаш рет ғылым кандидаттары қазақ тілінде блог аша бастады. Мәселен, Ізгілік блогы негізінен еліміздегі діни жағдайға қатысты мақалалар топтамасынан тұрса, экономика ғылымының кандидаты Жетпісбай Бекболатұлы өзіндегі бар ақпаратпен бөлісу үшін блог ашқан екен. Ұлттық мәселелерді шешудің өзінше жолын ұсынып жүрген зерттеуші Елсеріктің де пікір-пайымдарындағы ой тереңдігі назар аудартпай қоймайды. Қазақ тіліндегі «Азамат» пікір сайыс клубының жүргізушісі Әділ бұл туралы өз блогында былай деп жазады:

Қазақ тілді блог жүргізетін бірқатар замандастармен кездесу барысында олардың осы істі бастаудағы мақсаттары мен қызығушылығын білдім. Бір таң қалдырғаны – олардың барлығы блог ашуды өз басымен үйреніп, оны меңгере салысымен өзгелермен бөлісуге әрдайым дайын. Арамызда IT саласында маманданған тек Қуаныш еді. Қалғандарымыз әр саланың өкілдеріміз. Соған қарамастан көпшілікке қиын көрінетін нәрсеге қызығушылық мол.

Сонымен қазақ блогшылары өткен бір айдың ішінде қандай тақырыптарды қозғады? Жалғасы мында!

Advertisements

One thought on “Қазақ блогосферасы: өз-өзіңді таны!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s