Кездесуден соң…



Қазақ блогшыларының басы қосылды ау, әйтеуір. Аллаһқа мың да бір шүкір! Кездесіп, пікірлесіп, бір бірімізге жәрдем бере алады екенбіз. Бұған дейін бір бірімізді интернет арқылы ғана танитын жандардың жүзбе жүз кездесуі қызықты өтеді екен. Бірақ біздер бір бірімізді бұрыннан білетін достардай сөйлестік. Себебі, блогтарымыз арқылы ой пікірімізді біліп жүрміз ғой.
Бірнеше тақырыптар көтерілді. Бәрінен де Бақытнұрмен чат арқылы тілдескеніміз қызық болды. Қуаныш қазақ блогосферасына қатысты өз пайымын айтса, Бақытгүл өз идеясын ұсынды. Сол жерде отырып, Әділге блог ашудың қыр сырын көрсеттік. Рахаттың блогындағы суретті алып, блог санақ жүйесін орнатуды көрсеттік. Енді ол өз блогын қанша адам, қай жақтан оқып жүргенін біліп жүретін болады. Думан таяу күндері блог ашатын болды. «Рамсторда» толқынды интернеттің болғаны мұндай жақсы болар ма?
Бірінші кездесудің мақсаты бір бірімізбен танысу болатын. Бұл өз мақсатына жеткен секілді. Енді өзге өңірдегі қазақ блогшыларыда кездесіп, әріптестік қарым қатынастарын нығайта түссе деген ой бар. Кім біледі, бір күні дәл осы қазақ блоггерлері қазақ қоғамына ықпал етер, қазақ мүддесін күйттейтін топқа айналар. Шешілмей жүрген мәселелердің тез арада шешілуіне ат салысар… Бастысы да ол емес. Ниеті бір, ойы бір қазақ жастарының блог негізінде кездесіп, бір бірімен жақыннан араласып жатқанының өзі үлкен жеңіс.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s