Алматыдағы өрт!



Күннің ыстығынан бірнеше күн бойы үйден тек түс қайта шығып жүрмін. Бүгін сағат Он бірлер шамасында аялдамаға шығып едім, жолаушылардың өрт мәселесін сөз етіп, солтүстік шығысқа қарай мойын бұрып тұрғандарын көрдім. Шынымен де будақтаған түтін алыстан ақ көге көрінді. Біреулер жеке меншік үй өртеніп жатыр дегенді айтты. Көз алдымызда бір жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру машинасы және полиция көлігі сигналдарын беріп безілдеп өтті. Әп сәтте көкке көтерілген түтін қара қошқыл тартып, үлкейе түсті. Дала тымық. Үп еткен жел жоқ. Алматының бір шетінен көтерілген қара түтінді барлығы да байқаған болар.
… Бірнеше күнгі ыстықтан соң, бүгін түске қарай жаңбыр себеледі. Күннің ыстығы қайтқандай болды. Әйтседе мүлкін өрт жалмаған жанның ішкі күйігі басылды ма екен? Өзі не өртенді екен деген сұрақ маза берер емес. Бала кезімде сыныптас досымыздың қорасы өртеніп, күдді ауыл болып сөндіруге жәрдемдескенбіз. Кейін бұл өртті әлдебір таныстары қызғаныштан жасағаны белгілі болды. Қу дүние не істеткізбейді?

Advertisements

4 thoughts on “Алматыдағы өрт!

  1. En bastisi adam din aman bolsa kalgan kujat duniye mulikti aluga da boladi, tek densaulik bas aman bolsin. Tilsiz jau kasakana da ayak astida boladi, keyde biz balalardin kolina da sirinke derip koyip karap otiratin kesimiz de bar, mektep kezin tehnikalik kauipsizdik sabagin uyretushi edi, al kazir bari nemkuraydili. Totenshe jagday bola kalganda korganu men aldin alu adisin biler me eken?
    Degen oydagi
    Tomiris

  2. Томирис, өкінішке қарай төрт адам осы өрт салдарынан ауруханаға жатқызылды. Оқиға куәсі болған достарым супермаркет алдында тұрған көліктер демде балқып кеткенін айтуда. Өрттің қызуы өте қатты болғаны ғой…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s